Тотыққан түрі – перманганат- ион, тотықсызданған түрі - Мn (ІІ) ионы.
Нернст теңдеуі
Жеке редокс жұптың потенциалын тікелей өлшеуге болмайды, оны тек екіншісіне салыстырмалы түрде өлшей алынады. Жұптардың салыстырмалы сипаттамасын электродтар потенциалын шартты түрде стандарт деп алынған бір элементпен қайта-қайта салыстыру арқылы алады. Мұндай электродтардың бірі етіп қалыпты сутек электродын таңдап алған, ол 1,013 ∙10⁵ Па қысымда газ тәрізді сутек үзбей жіберіліп тұратын және сутек иондарының активтігі тең қышқыл ерітіндісіне батырылған, платинадан тұратын жүйе. Платиналанған платина сутекті сіңіріп, редокс жұбы бар электрод ретінде жұмыс істейді.
Н2(газ) =2Н⁺ + 2е
Мұндай электродтың потенциалы барлық температурада нөлге тең деп қабылданған. Сондықтан өлшенетін электрод потенциалы – бұл элементтің ЭҚК, ол берілген және қалыпты сутек электродтарынан құралады, онда
ЭҚК = Е1
Қайтымды жартылай реакция үшін редокс потенциалдың температура мен концентрацияға тәуелділігі Нернст теңдеуімен өрнектеледі:
E = E0Ох/ Red + RТ / nҒ . lgаОх / аRed немесе
E = E0 + 0,058 / n . lgС
мұндағы E0 –қалыпты потенциал, R - универсал газ тұрақтысы, Т - абсолюттік
температура, Ғ- Фарадей тұрақтысы 96500 кулон, n –процеске қатысатын
электрондар саны, аОх / а Red заттың тотыққан және тотықсызданған түрлері
Тотыққан және тотықсызданған түрлердің концентрациясы 1 моль/л тең
болғандағы жүйенің потенциалын формальды потенциал деп атайды.
Реакция бағыты
Тотығу-тотықсыздану реакциялары екі жартылай реакцияның қосындысы болып табылады. Реакцияның бағытын анықтау үшін осы екі реакцияның стандарт потенциалдарының айырмасын табу керек. Егер айырмасы оң сан болса, реакцияның солдан оңға қарай жүретінін көрсетеді.
ЭҚК = Е1 - Е2
Потенциалдар айырымы неғұрлым көп болса6 соғұрлым ТТР жүру ықтималдығы жоғары болады.