Тақырыбы: Сапалық талдаудағы тотығу- тотықсыздану реакциялары Жоспары



бет2/6
Дата25.11.2023
өлшемі441,99 Kb.
#126823
1   2   3   4   5   6

Гальвани элементі

Егер бір стаканға екі валентті темір тұзының ерітіндісін, ал екіншісіне 4 валентті церий тұзының ерітіндісін құйып, стакандарды тұзды көпіршемен (КСl ерітіндісімен толтырылған шыны түтікпен) қосып, әрбір стаканға платиналық электродтар түсіріп, гальвонометрмен қосса, онда аспап электр тоғының бар екенін көрсетеді, яғни тізбек бойынша бірінші стакандағы ерітіндідегі электрондар екіншісіне өтеді де, химиялық реакция басталады.

Fе²⁺ + Се⁴⁺ = Fe³⁺ +Се³⁺

Біраз уақыт өткен соң бірінші стаканда 3 валентті темір иондарын, ал екінші стаканда 3 валентті церий иондарын табуға болады.

Электр қозғаушы күш

Реакция жүру барысында химиялық энергия электр энергиясына ауысады.

Гальвани элементінің электр қозғаушы күшін потенциометрмен

өлшеуге болады. Ол электрондардың тотықсыздандырғыштан тотықтырғышқа өту қабілетін көрсетеді. ЭҚК екі электрод потенциалдарының арасындағы айырымның пайда болғанын көрсетеді, айырым қанша көп болса, ол сонша үлкен болады:

ЭҚК = Е1 - Е2

мұндағы Е1 - сәйкес тотықтырғыш;

Е2 – тотықсыздандырғыш потенциалдары

Әрбір электрод немесе жартылай элемент платиналық пластинка, тор немесе сым және берілген заттың тотыққан және тотықсызданған түрі бар ерітіндіден түратын жүйе болып табылады.

Редокс - жартылай реакциясы

Жалпы және қысқартылған түрде тотығу-тотықсыздану реакциясын төмендегідей етіп көрсетеді:

Ох1 + mRed2/ n = Red1 + m Ох2 /n

Ол екі жартылай реакциядан тұрады:

Ох1 + nе ⇌ Red1

Red 2 – me = Ох2

Бір-бірімен байланысқан тотықтырғышпен тотықсыздандырғыш тотығу -

тотықсыздану жұбын түзеді, әрбір теңдеуі редокс - жартылай реакциясы деп

аталады.

Мысалдар:

1) Ерітіндідегі редокс - процесс мына теңдеу бойынша жүреді: Fe³⁺+ е = Fе²⁺

Тотыққан түрі – темір (ІІІ) иондары, тотықсызданған түрі – темір (ІІ).

2) Редокс - процесі жүреді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет