Тақырыбы: Сақтандырудың экономикалық мәні мен ролі


Сақтандыру нарығының дамуы, сақтанушының мүддесін қорғау



бет7/13
Дата19.10.2023
өлшемі99,69 Kb.
#119153
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Сақтандыру нарығының дамуы, сақтанушының мүддесін қорғау.

2.1 Сақтандыру нарығының дамуы мен қалыптасуы
Сақтандыру нарығы дегеніміз ақша қатынастарының сферасы, онда сатып алу сату объектісі «ерекше тауар» сақтық қызмет болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраныш қалыптасады. Сақтық келісімшарттарын жасауға және сақтық операцияларының нәтижелігіне жетуге ынталы тараптарының өзара іс – қимылы сақтық рыногында жүргізіледі.
1991 жылы 22 қантарында Қазақстан Республикасының Министрлер клиенті өзінің Қаулысымен мемлекеттік сақтандыру органдарын финанстық жүйенін ұйымдық құрылымы шығарды. Осылайша олар жергілікті орындарда өздерінің бөлімшелері бар дербес мемлекеттік ұйым болды. Сөйтіп әкімшілік әрі бюджеттік қысымнан босанып, сақтандыру ісін дамыту мүдесіне арналған дорды, сондай – ақ өз қаржыларын өздері қалауларынша жұмсауға мүмкіндік алды.
Экономиканы нарыққа қайта бейімдеу, тәуелсіздігін жариялауына байланысты республиканаң саяси және экономикалық дербестігінің артуы, оның халықаралық айланыстарының дамуы мен өзге де факторлар сақтандырудың орнын, рөлін, сипатын жаңаша ойлауға мәжбүр етіп әрі оның ұйымдарының жүйесін одан әрі өзгертуді талап етті.
Нарықтық қатынастардың қатал жағдайындағы жұмыс істеуге әзір болу қажеттілігі пайда болып, сақтандыру ісін енді бұрынғыдан да жоғары қарқынмен дамытып, комерциялық саясатты білімділікпен жүзеге асыру қажет. Тек мемлекеттік сақтандыру жүйесінің жаңартылған, нарықтық қатынастардың артықшылықтарын пайдаланған түрі ғана сақтандыру қорғанысының тиісті деңгейін қамтамасыз етіп, ақша – қаржы процезін реттеуге өзінің абройлы рөлін атқара алады.
1991 жылы 10 сәуірдегі Қазақстан сақтандыру қызметкерлерінің құрылтай конференциясы республиканың бұрынғы мемлекеттік сақтандыруы базасының орнында жергілікті жерлерде фирамлары мен фирмалары бар Қазақстан Республикасы мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясын құру туралы шешім қабылдап, жарғысы мен компания Кеңесі жөніндегі ережені бекітіп, оның құрамын сайлады.
1991 ж. 7 мамырында Қазақстан үкіметі «Қазақ ССР мемлекеттік сақтандыру Бағдарламасын ҚР-ң мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясы етіп қайта құру туралы» қаулы қабылдап және оның Жарғысын бекітті. ҚР- сы Министрлер Кабинеті өзінің 1992ж. 25 ақпандағы Қаулысымен сақтандыру компаниясының жарғысына ішінара өзгерістер мен толықтырулар енгізді. ҚР – сы мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясы өзінің активтері мен пассивтері бар, тәжірибелі, білгір мамандарымен бірге сөз жоқ, әлемдік сақтандыру нарқында өзінің орнын алатын, әрі Қазақстанның 20 сақтандыру ісін дамытуға өзінің жетекші ролін сақтап қалуға тиіс. Республика тұрғындары мен кәсіпорынның мемлекеттік сақтандыру қызметінде сақтандыру органдарының еріктілігі мен жауапкершілігін арттыру, нарықтық экономика жағдайындағы қаржылық қызмет нәтижесіне ұмтылысын барынша толық қанағаттандыру мақсатымен ҚР –сы Министрлер Кабинеті 1991ж. 7 мамырында «ҚР сы мемлекеттік сақтандыру басқармасын ҚР сы мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясы етіп қайта құру туралы» № 289 қаулы қабылдады.
ҚР сы мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясының негізгі міндеттері мен мақсаттары:

  1. ҚР сы мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясы облыстардың, Алматы қаласының сақтандыру фирмаларын, облыс, ауылдардығы филиалдарын біріктіреді.

  2. Компания нарықтық сақтандыру жағдайында мемлекеттік міндетті және ерікті сақтандыруды жүргізіп, мамандандырылған қызметтердің алуан түрлерін, өз қызметін кооперативтік және де басқа мемлекеттік емес сақтандыру ұйымдарымен қатар, толық шару-қ пен өзін өзі қаржыландыру негізінде жүзеге асырады.

  3. Компания өз қызметінде ҚР сы мемлекеттік сақтандыру туралы заң актілерін, ҚР сы Министрлер Кабинетінің қаулыларын, өкімдерін, сондай ақ Жарғыны басшылыққа алады,

  4. Компания басқармасы: — компанияның құрамына қарайтын бөлімшелердің жұмысын ұйымдастырып оларға кеңес беріп, басқалай да арнайы көмектер көрсетеді.

— сақтандыру қызметінің мәселелері бойынша нұсқаулар мен ережелер басып шығарады.
— жобаларды ойластырады және сақтандыру компаниясының кірісі мен шығысының пайда балансын жасайды, әрі қосалқы қор құрады.
— сақтандыру фирмалары мен оның филиалдарымен кіналап – талап ету жұмысына жүйелі басшылық жасайды.
— министрлермен, ведомстволармен іскерлік байланыс орнатады.

  1. Сақтандыру фирмасы: — сақтандыру төлемдерінің келіп түсу жоспарларын жасап, шығындардың сметасын қарап, бақылау жасайды

— сақтандыру операцияларының бухгалтерлік және статистикалық есебін ұйымдастырып, жүргізеді, қызметтерді бақылап, тексереді.
— сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша операцияларды жүзеге асырады.
— сақтандыру компаниясының бөлімшелері заңмен тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға құқылы.

  1. Сақтандыру компаниясы мен фирмалар заңды мекемелер болып табылады, банк мекемелерінде, сондай ақ «Казсыртқыэкономбанкте» есеп айырысу есеп шоты әрі өзге де есеп шоттары, өзіне қарасты мүліктері болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет