Тақырыбы Шошқа дезинтериясы


Тоқ ішектегі зардапты өзгерістер бірнеше сатыдан өтеді



бет2/4
Дата26.12.2022
өлшемі2,07 Mb.
#59782
1   2   3   4
Тоқ ішектегі зардапты өзгерістер бірнеше сатыдан өтеді:
• жіті түрде катарлы қабыну;
• ішектің кілегейлі қабығында фибриннің шоғырлануына әкелетін геморрагиялықдифтериялық қабыну;
• кілегейлі қабықта уытты жаралардың пайда болып, жазылып, тыртықтануына әкелетін фибринозды-өліеттеніп қабыну.
Өтуі және симптомдары. Аурудың жасырын кезеңі 2 тәуліктен 3 айға дейін созылуы мүмкін. Аурудың негізгі клиникалық белгісі катарлы қан аралас іш өту болып табылады
Аурудың жіті түрінде әуелінде аздап қызуы көтеріліп (40- 40,5°С), кейіннен қалпына келеді, ал кейбір жануарда қызуы 41 °С дейін жетіп, 2-3 күн сол деңгейде болады. Ауырған шошқалардың азыққа тәбеті төмендеп, кейде құсып, шөлі қанбай, жүрісі бұзылады. Нәжісінің түрі өзгеріп, әуелі сарғышсұр түстес, кейіннен сұйылып, шырыш, қан араласып, күңгіртқоңыр түске боялады. Қан аралас іші өту көбінесе сақа шошқаларда кездеседі, ал 6 аптаға дейінгі торайларда ауру зілді түрде өтіп, 100% шығынға ұшыратады. Жітіден төмен түрінде де аурудың негізгі белгісі іші өту болғанымен, малдың организмі сусызданып, шөліркеп, салмағын жоғалтып, жылдам әлсірейді. Торайлардың көпшілігі 10-15 күнде өліп қалады.
Аурудың созылмалы түрі көбінесе сақа шошқаларға тән. Оларда іш өту, іш қату кезек байқалып, арықтап, терісінде қышыма бөріткендер пайда болады. Кейбір жағдайда ауру сальмонеллез, пастереллезбен асқынады да, өліммен аяқталады.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Өлексе сусызданған, арық және негізгі өзгерістер қарын мен тоқ ішекте кездеседі. Аурудың жіті түрінде қарынның, аш ішектің кілегейлі қабығы қызғылт тартып, шырышпен жабылады, aл тоқ ішектің кілегейлі қабығында геморрагиялық қабыну кездеседі. Ішектің ішіне қоңыр не қызғылт сұйық жиналады. Аурудың соңғы кезеңінде тоқ ішек және соқыр ішектің кілегейлі қабығын жұқа фибринді жалқаяқ жауып жатады. Оны сыдырып алғанда кілегейлі қабықтан қан ұйылуларды, ойық жараларды көруге болады. Басқа ағзаларда өзіндік өзгерістер байқалмайды. Сөл түйіндері сәл үлғайып, қызғылт тартады. Бауырда дистрофиялық өзгерістер, кейде өкпеде қабыну ошақтары кездеседі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет