Тақырыбы Шошқа дезинтериясы


Ажыратып балау. Дизентерияны обадан, вирустық гастроэнтериттен, сальмонеллезден, колибактериоздан, жұқпайтын гастроэнтериттердең ажырату керек



бет3/4
Дата26.12.2022
өлшемі2,07 Mb.
#59782
1   2   3   4
Байланысты:
шошқа дезинтериясы

Ажыратып балау. Дизентерияны обадан, вирустық гастроэнтериттен, сальмонеллезден, колибактериоздан, жұқпайтын гастроэнтериттердең ажырату керек.
- Оба көбінесе тез тарап, кең ауқымды індет, лаң түрінде өтеді және шошқалар жасына қарамастан ауырады. Патологиялықанатомиялық өзгерістерден геморрагиялық қанталаулар, көк бауырда инфаркт ошақтары, тоқ ішекте “бутондар” кездеседі
. - Вирусты гастроэнтерит көбінесе жас торайларда кездеседі әрі аса жұғымтал келеді. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер аш ішекте болып, нәжісіне қан араласпайды.
- Сальмонеллезде тоқ ішекте казеозды (іріміктену) өзгерістер болып, ауру жай өрбиді.
- Колибактериоз көбінесе жаңа туған торайларда кездеседі. - Жұқпайтын гастроэнтериттер көбінесе сапасыз, бұзылған жемнің әсерінен болып, ауру тек қана сол жемді жеген топтағы шошқалармен шектеледі.
Балау
Зертханалық зерттеу ауырған малдың нәжісін немесе ішек қырындысын алады.Ал өлекседен ішектің кесіндісін алады.Микроскоппен қарау үшін тоқ ішектің қабығының кесіндісін алып физиологиялық ерітіндімен шайқап, содан кейін езіңді дайындайды. Езіндіден төсеніш шыныда препарат дайындап, оны фазалық немесе қараңғыланған микроскоппен көру әдістерімен зерттейді. Оң нәтиже болған жағдайда, көріну алаңынан көптеген дизентерия қоздырушыларын байқауға болады. Сондай-ақ, зардапты материалдан жағынды дайындап, Грам әдісімен бояп, гисталогиялық зерттеулерде тоқ ішектің қабаттарындағы өзгерістерге; эпителий торшаларының азайып, сиреуі, бокал тәрізді торшалардың көбеюі, үстінгі жағында фибрин мен шырыштан жалған мембрана түзліуіне көңіл аудару керек. Сондай-ақ, зардапты материалдан жағынды дайындап, Грам әдісімен бояп, гисталогиялық зерттеулерде тоқ ішектің қабаттарындағы өзгерістерге; эпителий торшаларының азайып, сиреуі, бокал тәрізді торшалардың көбеюі, үстінгі жағында фибрин мен шырыштан жалған мембрана түзліуіне көңіл аудару керек.
Емі. Емдеу үшін көптеген дәрмектер пайдаланылады. Оларға осарсол, ветдипасфен, нифулин, тилан, фармазин, трихопол жатады.
Ем ретінде фуразалидон, синтомицин, стрептомицин биомицин қолданылады.Еммен қатар ауру малдың жемін рационның бақылау керек.Рационына диеталық заттар енгізіп,жемнің белгілі бір мөлшермен берілуін қадағалау қажет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет