Тақырыбы: Спорттық ойындар және Қозғалмалы ойындар кіріспе «Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем ететін нәрсе»


Спорт дегеніміз ол- белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт



бет6/23
Дата27.03.2023
өлшемі73,73 Kb.
#76410
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Та ырыбы Спортты ойындар ж не оз алмалы ойындар кіріспе «Д ры

Спорт дегеніміз ол- белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет.
Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады.
Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады.Дене тәрбиесінде ойындар екіге бөлінеді. Олар қозғалыс ойындары және спорттық ойындар.Қозғалыс ойындары-бұл ойыншылардың реттелмеген санымен,ойынға қатаң ережелер мен құрылымдардың болмауымен сипатталатын ойын.Ал спорттық ойындарда қатаң ережелер мен құрылымдардың болуымен сипатталады.Спорттық ойындар үшін арнайы жабдықталған стандартты спорт алаңдары немесе спорт залдары қажет.Спорттық ойын түрлеріне баскетбол,футбол,волейбол,бейсбол,теннис жатады.
1)Футбол
Футбол — (ағылш. foot — аяқ, ball — доп) спорттың командалық ойын түрі.
Ойын ұзындығы 100-110 м, ені 64-75 метрлік тіктөртбұрышты алаңда өткізіледі. Биіктігі 2 м 44 см, ұзындығы 7 м 32 см-лік қақпасы бар. Қақпаның сыртына тор керіледі.
Футбол добының салмағы 396-453 г, диаметрі 68-71 см.
Әр командада максималды 11 ойыншы (қосалқы ойыншыларды санамағанда), оның біреуі - қақпашы. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды . Қақпашыдан басқа ойыншылар қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді.
Бір ойынның аты - матч, матч екі 45 минуттық бөлімнен (тайм) тұрады. Ойын арасында 15 минуттық үзілісі бар.
Ойын мақсаты - команданың допты қарсылас команданың қақпасына салу (гол) және өз қақпасына салғызбау. Матчта көбірек доп салған команда ұтады.
2)Волейбол (( volleyball , volley — «қалқып ұру», ball — «доп») - спорт түрі, анығырақ айтқанда, командалық спорт түрі. 
Ойынның мақсаты - волейбол добын команда өкілдері өздерінің алаңдарына түсіріп алмау керек, керісінше, қарсылас команданың белгіленген алаңына түсіріп, ұпай алу қажет.
Волейбол - комбинациялық спорт түрі. Волейбол алаңында әрбір спортшы маңызды рөл атқарады. Волейбол ойыншысы биіктікке секіру қабілеті жоғары, реакциясы мықты, командаластарымен еркін түсінесетін, физикалық әлеуетін соққы жасау кезінде орынды пайдаланатын ойыншы болғаны жөн.
Волейбол маңыздылығы: салауатты өмір салтын ұнату, ережелерінің оңай болуы және волейбол ойнау үшін көп құралдың қажет болмауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет