Тақырыбы: Спорттық ойындар және Қозғалмалы ойындар кіріспе «Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем ететін нәрсе»



бет7/23
Дата27.03.2023
өлшемі73,73 Kb.
#76410
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
3)Теннис - бірге бір (жекелей сын) немесе екіге екі ойналатын (жұптық ойын) спорт түрі.
«Теннис сөзі Француздың «Тенназ» сөзінен шыққан» «Бұл сөз «Ойнаңдар» мағынасын білдіреді».
Теннис ойынының тарихы ежелгі дәуірден басталған. Оның ең алғашқы үлгісін грек пен римдіктер ойлап тапқан.Ракетканың ұзындығы 81,3 см-ден аспауы керек. Ал ені болса 31,75 см-ден аспауы керек.Доптың түсі ақ немесе сары түсті болады. Доптың салмағы 56,7 – 58,5 г болуы керек.Теннис ойнайтын корт шөппен жабылған немесеасфальтталған болады.Теннис алаңының ұзындығы - 23,77 метр, ал ені – 8,23 метр.
4) Бейсбол (ағылш. baseball ; base — база, а ball — доп.) — таяқшамен (битамен) допты соғып ойнайтын спорттық ойын түрі.
Бейсбол (ағылш. baseball) — таяқшамен (битамен) допты соғып ойнайтын спорттық ойын түрі.
Ойын тегіс, төртбұрышты (175х125 м) көгалды алаңда өткізіледі. Әр команда құрамында 9 (солтүстік-америкалық бейсбол) немесе 11 (уэльстік бейсбол) ойыншы болады.
Ойын мақсаты — допты төртбұрыш алаңның ортасында орналасқан “қоймаға” түсіру. Доп шеңберінің ұзындығы 23,5 см, салмағы 145 г, таяқшасының ұзындығы 106,7 см.
Бейсболдың отаны — Англия. Халықаралық федерациясы (ІBF) 1921 жылы құрылған. Оған 71 мемлекет мүше (1991). Бейсболдан дүниежүзілік чемпионат 1938 жылдан өткізіліп келеді, 1992 жылдан Олимпия ойындарына енгізілді.

Белгілі бір нақты ережесі бар әр түрлі әрі көңілді қимыл-


әрекеттерді қозғалмалы ойындар деп атаймыз. Қимыл-қозғалыс ойындары арқылы оқушыларды шапшаңдыққа, икемділікке, төзімділікке , спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, спортқа баулу, шыңдау, қызықтыру болып табылады. Соның ішінде қимыл қозғалыс ойындарының орны ерекше. Оқушыларды мынадай ойын түрлерімен қызығушылықтарын арттыруға болады. Мысалы: «Айгөлек», «Соқыртеке», «Ақсүйек», «Ақсерек, көксерек» «Қызыл ту» ойындарының барлығы төзімділікке, шапшаңдыққа, икемділікке үйретеді. Оқушылардың дене тәрбиесіне деген құштарлығын дамытады.
Қолға, аяққа және басқа дене мүшелеріне лайықтап алынған қимыл-қозғалыстағы ойындарды жүзеге асыру мақсатында жүгіріп, секіріп, лақтырып, өрмелеп ойнайтын ойындарды өткізу жоспары құрылды.
Қимыл-қозғалыс ойындары және спорт ойындары арқылы салауатты өмір салтын жақсы сақтауды басшылыққа алу.
Қимыл-қозғалыс ойындарының бала ағзасына келтіретін пайдасы өте көп екенін ұғындыру, мақсат, міндеттерін түсіндіру.
Ойын кезінде балалар тез достасып, ұйымшылдыққа, тез шешім қабылдауға, ептілікке, жауапкершілікке, намысқойлыққа, шыдамдылыққа, бірін-бірі кешіре білуге үйренеді. Өз бетіше қимыл әрекет жасауға үйренеді. Оқушылардың психологиялық дағдысы дұрыс қалыптасуына ықпалы зор. Жасқаншақ бала батыл, әлсіз бала күшті, тұйық бала ашылады. Қимыл – қозғалыс ойыны кезінде ойынның шартын дұрыс түсініп, шартты бұзбау. Бұл балалардың әдептілік, инабаттық, адамгершілік, сыпайылық, достық қарым-қатынас тәрбиесі артады. Тәртібі нашар бала жөнге салынады.
Қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіруде дене жаттығулары мен спорттың алатын орны ерекше.
Қорыта айтқанда оқушыны жан-жақты жетілдіре отырып келешегіміздің жеткішегін жігерлі де батыл, білімді де саналы, қайратты да төзімді етіп тәрбиелеу.
Жалпы қозғалмалы ойындар қатарына “Сымсыз телефон”,”Аңшылар”,”Сақина салмақ’,”Жапалақ” “Ақ серек пен көк терек” “Ордағы қасқыр” “Шалма” “Арқан тартыс” “Айгөлек” “Қызыл жалау” “Сақина жасыру” “Арқан тартыс” және т.б ойындар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет