Тақырыбы: Спорттық ойындар және Қозғалмалы ойындар.
кіріспе
«Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем ететін нәрсе»
Ғабит Мүсірепов ағамыз айтқандай спорт барша адамның өміріндегі маңызды шарттардың бірі.
Адам өмірінде спорттың маңызы зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата – бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” – деп бекер айтпаған.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан – 2050” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай – ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл – денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.
Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай – ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.
Ойын дегеніміз – ұшқын, құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын баланың күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Ең басты мақсатымыз – денсаулығы мықты бала тәрбиелеу, әрі оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
1. Дене тәрбиесі сабақтарындағы спорттық ойындар
Дене тәрбиесі және спорт саласында спорт түрлері мен ойындарды, жаттығуларды жүйелеу, оларды топтарға бөлу, атау беру жиі қолданылады.
Осылай жасау алдымен жаттықтырушылар мен педагогтер даярлау жұмыстарында, спорттық жарыстар өткізу кезінде, заңдар мен шешімдер қабылдауда, спорттық арбитраж жұмыстарында бірізділікті қамтамасыз етіп, мамандар арасында ортақ түсіністік қалыптастырады.
Жүйелеу, топтау спорттық классификациялық анықтамаларда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында, экономикалық, қаражат- финанс бөлуде көптеп қолданылады. Осындай маңызды жақтары бола тұра осы жұмыста Қазақстанда ортақ түсінік және ортақ терминдер әлі қалыптасқан жоқ. Осының салдарынан мемлекеттік құжаттарда, ақпарат құралдарында, оқулықтарда, аузекі сөйлеу тілімізде бір ұғымды әртүрлі қолдану жиі кездеседі. Осы жағдайларды ескере отырып дене тәрбиесі және спорт саласындағы ойындарды, спорт түрлерін, жаттығуларды, атау-терминдерді бір жүйеге келтіретін орталықтың болуы еліміздегі осы сала бойынша жүйеліліктің болуын қамтамасыз етер еді.
Дене тәрбиесі үрдісінде спорттық және қозғалмалы ойындардың элементтерін қолдану – ойын әдісі деп аталады. Ойын әдісінің мынандай өзіне тән ерекшеліктері мен белгілері бар:
1. Белгілі бір мақсатқа (жеңіске) жету үшін ойынның жоспары және тәртібі арқылы ойнаушыларды ұйымдастыру.
2. Ойын әрекеттері кезінде ойнаушылардың бәсекелестік, жеңіске деген ұмтылысының, көңіл-күйлерінің көтерілуі.
3. Ойын барысында жаттығушылардың өз бетімен қимыл-әрекет жасауға шешім қабылдауы (ойынға қатысушы жүгірудің, секірудің, лақтырудың жолын өзі таңдайды).
4. Қимыл-әрекеттердің алуан түрлілігі, олардың ойын барысында, әр түрлі жаттығуларда кенеттен пайда болуы.
5. Ойын барысындағы ойынға қатысушылардың әр түрлі қарым-қатынастары.
Ойын әдісінің көмегімен дене қасиеттерін (күш, төзімділік, шапшаңдық, ептілік) кешенді дамытуға, бұрын үйренген қимылдарды жетілдіру және оқушылардың өзіндік қасиеттерін тәрбиелеуге (батылдық, тапқырлық, ұйымдастырушылық, өз бетімен шешім қабылдаушылық), бұдан басқа да көптеген мақсаттарды жүзеге асыруға болады. Жаттығуларды ойын әдісімен жүргізу оқушыларды қызықтырып, жақсы әсер қалдырады, бір қалыптылықтан құтқарады. Ойын әдісінің бір кемшілігі, жүктеме мөлшерін дәл біле алмайтынымыз.
Дене тәрбиесінің жалпы міндеттерімен қатар оның тәрбиелік, тәлімдік, нұсқаушылық бағыты оқушылардың сабақ барысында және үй жағдайында өзіндік шынығуына ықпал етуі де өте маңызды.
Дене тәрбиесі сабағының тиімділігін арттыру, ол пән мұғалімін тек дене жүктемесінің орындалу деңгейіне ғана емес, сонымен бірге оқушы сабақта қандай білім, тәрбие және дағды алды, оны күнделікті өмірде нақтылы жағдайда пайдалана алды ма? және өзге іс-әрекеттерінде осы алған білім, дағдыларын қаншалықты жүзеге асыра алды - деген мәселелер де толғандыруы тиіс.
Мектепте оқушыларға дене тәрбиесінен білімді бірыңғай теория (ақпарат) түрінде беру дұрыс емес. Оқушылардың дене қабілеттері мен қозғалыс дағдыларын дамыту үшін бір бағытта ғана емес, сонымен бірге сабақ өткізудің әдіс-тәсілдерін жан-жақты тиімді қолдану және жаттығулар мен жүктемелерді қиыннан оңайға, оңайдан қиынға ауыстыра жүргізу қағидалары арқылы қол жеткізуге болады.
Топталып, жүйеленбеген ойындарды тәжірибелік тұрғыдан қолдану, ережесін айқындау мүмкін болмайды.
Дене тәрбиесіндегі ойындар
Жалпы ойындар Спорттық ойындар Ұлттық ойындар
1. Ат спорты:
Аламан бәйге
Бәйге
Көкпар
Аударыспақ
Сайыс
1. Қозғалмалы дене шынықтыру ойындары
2. Ой ойындары
(Санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ т.б.)
2. Қазақ күресі
3. Затпен, құралдарды қолдану арқылы ойналатын ойындар
3. Ителектуалдық ой ойындары: тоғызқұмалақ, хан дойбысы, нарды, дойбы т.б.
4. Нәресте балалар ойыны
4. Саяткерлік: құстармен,ит – тазымен т.б.
5. Мал – жануарлар, құстар т.б қолдану арқылы ойналатын ойындар
5. Садақ ату
Достарыңызбен бөлісу: |