Тақырыбы: Спорттық ойындар және Қозғалмалы ойындар кіріспе «Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем ететін нәрсе»



бет9/23
Дата27.03.2023
өлшемі73,73 Kb.
#76410
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
Та ырыбы Спортты ойындар ж не оз алмалы ойындар кіріспе «Д ры

Ережесі. А) Екі команда бір мезгілде шабуылға шығады.
Ә) Қолға түскен балаларды құтқаруға болады.
Б) Жалаушаны лақтыруға болмайды.
Методикалық нұсқаулар. Бекетті түрлі түсті бояулармен алдын ала сызып, дайындап қою керек. Ережені бұзған балаларға уақытында ескерту беріліп отырады. Талас туа қалса екі қолбасшыда да ойынды тоқтатып, дауды келісіммен шешеді.
Ойынның педагогикалық маңызы. Алға қойған мақсатқа жұмыла атсалысып, ұйымшылдық, жолдастық көмек арқылы ғана жетуге болатындығына көз жеткізеді. Сондай-ақ ойын әр баланың өзіне тән ерекшеліктенрінің жан-жақты ашылуына көмектеседі.

5)Ақ терек пен көк терек
Дайындық. Балалр екі топқа бөлінеді. Бір-бірлерінен 10-15м жерде қол ұстасып, қарама-қарсы тұрады. Әр топтың ойын бастаушысы болады.
Ойын мазмұны.
Бірінші топтың бастаушысы:
Ақ терек пен көк терек
Шауып алдым бәтерек
Бізден сізе кім керек? –
деп екінші жақтан сұрайды. Оған қарсыластары былай деп жауап береді.
Ақ терек пен көк терек
Шауып алдым бәйтерек
Сонау тұрған ... өзі керек!
Есімі аталған бала қарсы топқа қарай жүгіріп барып, ұстап тұрған қолдарының бірін бөліп өтуі тиіс. Егер тізбекті үзе алмаса, өзі сол тапқа қосылады. Үзсе бір баланы өз командасына алып кетеді. Келесі кезек екінші топқа беріледі. Сөйтіп ойын бір топта жалғыз бала қалған ойналады.
Ережесі. А) қолдары ажыраған екі баланы алуға болады.
Ә) қолмен соғып өтуге болмайды.
Методикалық нұсқау. Өлеңді бәрі бірдей атқаны жөн. Жүгіргенде бар күшін салуын қадағалау керек.
Ойынның педагогикалық маңызы. Балаларды дұрыс қимылдауға жаттықтырады.

6)Ордағы қасқыр
Алаңның ортасынан аралығы 40-50 сантиметрдей сызық сызылады. Бұл-қасқыр жатқан ор. Қалған ойыншылар қойшы, лақ болады да, сол сызықтың бір жағында жайылып жүреді. Мұғалімнің ескертуі бойынша қозы, лақтар ордың екінші жағына өтуі керек. Ал қасқырлар өтіп бара жатқандарды ұстап алуға тырысады. Қолға түскен не секіріп үлгермеген қозы, лақтар ойыннан шығады. Мұғалімнің келесі ескертуі бойынша қозы, лақтар қайтадан жүгіреді. Қолға түспеген қозы, лақтардың саны қасқырлардың санымен бірдей болғанда, ойын тоқтатылады. Ойынның басында қасқырлардың саны қозы, лақтардан екі есе аз болады.

7)Шалма
Екі ойыншы күні бұрын дайындаған тұйық жіпті белгілі жүйеленген тәртіппен бірінің қолынан бірі алады. Бірінші кезек алған ойыншы әлгі жіпті екі қолына, яғни төрт саусақтың негізіне бір шалып орайды да, екі қолдың ортаңғы саусақтарымен шалманы іліп алғанда «ыңыршақ» пайда болады. Екінші бас бармақ және сұқ қолымен «ыңыршақтың» екі жақ керегесінен үстінен астына қарай алғанда «кереге», үшіншіде «керегені» үстінен астына қарай алып «шаңырақ», төртіншіде шаңырақты екі шынашақпен айқастырғанда «астауша» шығады. Бесіншіде «кереге» қайталанады, алтыншыда «шынтақ», осылайша ары қарай «астау», «кереге», «шынтақ»-«астау», «кереге», «шыптақ» болып қайталана береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет