Судағы корнавал. Судағы карнавал кешкісін электор жарығы немесе прожектор жарығында өткізіледі. Бағдарламаның түзілуі мерекенің ойын-ережелердің шығармашылық ойлауымен физкултурашылар ұйымы, көркем өнерпаздар ұжымының және цирк пен эстрада жұмысшыларының көмегі мен жасалынады.
5. Қазақтың ұлттық тоғызқүмалақ ойыны 1.Тоғызқұмалақ ойынының мәні
2.Тоғызқұмалақ ойынының ерекшелігі
Қазақта керемет скі қүдірет бар. Бірі - қос ішекті, тоғыз пернелі үкілі домбыра, екіншісі -тоғыз-тоғыздан симметриялы орналасқан отаулары, қасиетті қүмалақтары бар қос қазаннан түратын тоғызқүмалақ ойыны. Тоғыз саны киелі сан.
Бүл ойынның тарихына зер салсақ, Орта Азияда әсіресе қазақ пен қырғыз халықтарының арасында кеңінен тараған ойын. Ойнаса қызығына қанбайтын, есеп-қисапқа толы мәңгілік сиқырлы өлем, рухани байлығымыздың қайнар көзі, үлтымыздың мақтанышы деп түсінуіміз керек.
Тарихшы және археолог ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, тоғызқүмалаққа үқсас ойынның тақтасы бүдан үш мың жылдай бүрын да қолданылған екен. Оған калах, манкала деп аталатын есеп ойындарының тақтасы дәлел бола алады. Тіпті осы күндерде де жайылымдарда, тау бектерлсрінде тастан ойылып жасалған тоғызқүмалақ тақтасы Қазақстанның түпкір-түпкірлерінде жиі кездеседі. Оған дәлел ретінде Түркістандағы Қарақан батырдың кесенесінің алдында түрған тастан ойылып жасалған тоғызқүмалақ тақтасын айтуға болады.
Ертеде еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін ойнаған қазақ халқының ақыл-ой спорты — тоғызқүмалақ аласапыран заманның әлегінен үмыт бола жаздап, XX ғасырдың жетпісінші жылдарында ғана қайта жанданып, жаңа даму жолына түсті. Енді еліміз егемендік алған соң, ата-бабадан қалған үлттық алтын мүраны қолға алып, шахмат, дойбы секілді олимпиадалық ойындармен теңестіру алдымызда түрған үлкен мақсат деп ойлаймын. Тоғызқүмалақ — бүкіл түркі халықтарының даналығының туындысы ретінде Орта Азиялық, дүниежүзілік спорт ойындарының төрін алуға лайықты алтын қазына. Үкімет тарапынан қаншама қамқорлық жасалып жатса да, өкінішке орай спорт басшыларының селқос кезқарасынан көне ойын әлі де баяу дамып келеді. Сондықтан, ана тілді, үлттық әдет-ғүрыпты, үлттық ойындарды жандандыруды мақсат түтатындықтан, бала тәрбиесінде, оның математикалық қабілетін арттыруда игі өсері бар тоғызқүмалақ ойынын үйренемін деушілерге үйретуден жалықпайық, білмегенінді білгендерден сүраңыздар демекпін. Тоғызқүмалақ — шахмат, дойбы ойындары сияқты адамнан шыдамдылықты, сабырлылықты, терең жөне логикалық ойлауды қажет ететін ақыл-ой спорты. Күрделілігі жағынан тоғызқүмалақ жоғарыда аталған ойындардап кем соқпайды. Мүның басқа есеп ойындарынан ерекшелігі, бүл ете нөтижелі ойын, тең ойын өте сирек кездеседі. Тек көп ойнап жаттыққан адам, ер алуан жаңалықты ойын үстінде тауып, тоғызқүмалақтың қыр-сырын аша алады. Шыдамдылық пен қыруар еңбек, үлттық ойынға деген шексіз махаббат пен ынта-жігер арқылы ғана ата-бабадан мүра болып қалған үлттық енерді асқақтатып, дамьггып, қиындықтарды жеңе білу керек.