Тақырыбы: тамақтану гигиенасы. Орал қаласы, 2020 ж


Физиологиялық қажеттілікке кететін энергия мөлшері мен тағамдық заттардың мөлшерін ұсыну



бет3/7
Дата07.04.2023
өлшемі43,03 Kb.
#80408
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Òà?ûðûáû òàìà?òàíó ãèãèåíàñû. Îðàë ?àëàñû, 2020 æ

Физиологиялық қажеттілікке кететін энергия мөлшері мен тағамдық заттардың мөлшерін ұсыну
Тағамдық заттарға деген қажеттілік және энергия мөлшері адамның жасына, жынысына және жұмысына байланысты ұсынылады. Жұмысқа жарамды топтар арасында физиологиялық қажеттілікті анықтауда бес топқа бөле отырып, олардың жұмысның қарқындылығына, тәуліктік энергия жұмсалуына, жұмыс барысының жүйке жүйесіне әсеріне, тағы да басқа ерекшеліктеріне байланысты анықталған.
Қазіргі кезде техникалық жетістіктеріне байланысты жаңа жұмыстар болса, олар қайта қаралып, толықтырылады, тобы қайтадан анықталады. Қазіргі кездегі жұмыс қарқындылығына байланысты әр топтағы мамандықтарға тоқталамыз.

1 топқа негізінен ой еңбегімен айналысатын адамдар жатады: өндірстердің және кәсіпорындардың басшылары, инженерлік техникалық жұмысшылар, медицина қызметкерлері, дәрігер хирургтерден басқалары, мейірбикелер, санитаркалар, мұғалімдер, тәрбиешілер, ғылыми қызметкерлер.

2 топқа жеңіл еңбегімен айналысатын қызметкерлер жатады: жеңіл дене еңбегімен айналысатын инженерлік техникалық қызметкерлер, автоматтандырылған процестерде жұмыс істейтін қызметкерлер, цехтарда жұмыс істейтіндер, радиоэлектроника саласының қызметкрлері жұмысшылар, тігіншілер, агрономдар, зоотехниктар, ветеринарлар, сатушылар, өндірістік тауарлар дүкенінің сатушылары, халыққа қызмет көрсету саласының қызметкерлері, мәдени қызмет саласында жұмыс істейтін адамдар, сағат өндірісі саласының қызметкерлері, байланыс және телеграф қызметкерлері, оқытушылар, дене шынықтыру және спорт инструкторлары, бапкерлер.

3 топқа орташа ауыр жұмыс жасайтын қызметкерлер жатады. Темірді өңдейтіндер және станокта жұмыс істейтіндер, ағаш өндеумен айналысатын жұмысшылар, слесарьлар, станокта істейтіндер, өндіріс қондырғыларын жөндейтіндер, наладчиктер, настройщиктер, дәрігер хирургтар, химиктер, жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері, тамақ өнеркәсібінің қызметкерлері, коммуналдық тұрмыстық қызмет көрсету саласының мекемелерінің қызметкерлері, қоғамдық тамақтану орындарының қызметкерлері, азық түлік тауарлары дүкенінің сатушылары, трактор және ауылшаруашылық бригадирлері, теміржолшылар, су жүйесінің қызметкерлері, авто және электр көлік жұргізушілері, көтеру көлік механизмінің машинистері, полиграфистер, әр түрлі автокөлік жүргізушілері.

4 топқа ауыр дене еңбегімен айналысатын қызметкерлер: құрылыста жұмыс істейтіндер, ауылшаруашылық қызметкерлері мен механизаторлары, жер үсті тау кен қызметкерлері, мұнай және газ өнеркәсібінің қызметкерлері, металлургтер, құймашылар, целлюлоза қағаз және ағаш өндейтін өнеркәсіп қызметкерлері, ағаш кесушілер, плоткниктер, құрылыс материалдарын шығаратын өнеркәсіп қызметкерлері.

5 топқа өте ауыр дене еңбегімен айналысатын қызметкерлер: жер асты тау кен қызметкерлері, ағаш ұсталары, ауыр дене еңбегімен жұмыс істейтіндер.
Шахтерлер, ағаш құлататындар, ағаш өңдейтіндер, орманда ағаш кесетіндер, тас қалайтындар, бетон дайындаушылар, жер қазатындар, тасты өңдеушілер, жер қазушылар, жүк тиеушілер, еңбектері механизацияланбаған құрылыс жұмысшылары және жүк тасымалдаушылар.
Ер кісілергі қарағанда әйелдер ағзасында зат алмасу процесі жай жүреді және дене салмағының аздығына байланысты энергияға сұраныс 15%-ға төмен болады. Ауыр дене еңбегімен айналысатын жұмысшыларға және жүйке психика жүйесіне әсер ететін жерде жұмыс істейтіндерде энергияға деген сұраныс басқаларға қарағанда жоғары және көбірек болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет