Тақырыбы: тамақтану гигиенасы. Орал қаласы, 2020 ж


Майлар және олардың тамақтанудағы маңызы



бет5/7
Дата07.04.2023
өлшемі43,03 Kb.
#80408
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Òà?ûðûáû òàìà?òàíó ãèãèåíàñû. Îðàë ?àëàñû, 2020 æ

Майлар және олардың тамақтанудағы маңызы.
Майлар адам ағзасында энергетикалық және пластикалық рөл атқарады, сонымен бірге жасушалардың құрамына кіреді. Ағзадаға жасушалардың құрамына кіріп, жасушаның құрылымдық бөлігі болып табылады. Майлар энергия көзі болып табылады және барлық басқа тағамдық заттарға қарағанда энергияны көп береді. 1 г май ыдырағанда 9 килокалория энергия бөлінсе, 1 г көмірсу және 1 г ақуыз ыдырағанда 4 килокалория энергия бөлінеді. Майлар ағзадағы көптеген витаминдерге жақсы еріткіш, биологиялық белсенді заттардың көзі болып табылады. Майлар ұлпалардың құрылуына қатысады және жасушалардың протоплазмасының құрамына кіреді. Протоплазмалық майлар тағамдық заттардың сіңіуіне әсерін тигізеді. Майлар биологиялық белсенді заттарды құру арқылы ферменттердің белсендіоігін реттейді. Майлардың негізгі бөлігін май қышқылдары құрайды. Майдың қасиеті оның құрамындағы май қышқылдарына байланысты.
Майлардың ең негізгі қасиеттерін анықтайтын май қышқылдары екі түрге бөлінеді:

  • Қаныққан май қышқылдары өте көп мөлшерде жануарлар майының құрамында кездеседі.

  • Биологиялық қасиеті төмендеу;

  • Май алмасуға теріс әсерін тигізіп, атеросклероздың дамуына себеп болады ;

  • Қанықпаған май қышқылдары барлық тағамдық майлар өқрамына кіреді, әсіресе өсімдік майларының құрамында өте көп.

  • Көп тараған түрлері: олеин қышқылы, линоль қышқылы, линолен және арахидон май қышқылдары ;

  • Ағзаға тағаммен түсіп отырады;

  • Тағам рационындағы қанықпаған май қышқылдарының жетіспеушілігі адамның терісінде өзгерістер тудырады: (құрғақтану, қабыршақтану, экземалар, гиперкератоз) ультракүлгін сәулелерін қабылдауы күшейеді, қан тамырларының өткізгіштігі артады, жүрек еттерінің жиырылу қабілетіне әсер етеді.


Майларға деген қажеттілік және нормалау. Майды нормалау адамның жасын, жынысын және жұмыс ерекшелігін, ұлтын және климаттық ерекшеліктерін ескере отырып есептелінеді. Май арқылы адамның тәуліктік энергетикалық қажеттілігінің 33%-ы қамтамсыз етіледі. Биологиялық тұрғыдан қарағанда майлардың тағамдық рациондағы арақатынасы: 70% малдың майы болса,30% өсімдік майы болуы қажет. Жасы келгендер мен кәрі кісілерге бұларақатынаста өсімдіктер майын көбейтуді қсынады. Бұл ұсыныс тез толуға бейім адамдарға және жүрегі ауыратын адамдарға да (атеросклероз т.б.) қатысты. Өте суық аймақтарда, жылудың көп бөлінуіне байланысты адамдардың майға деген қажеттілігі жоғары болады.
Көпқанықпаған май қышқылдарына деген қажеттілік ересек адамда 5-7 г , ал балаларда 3-4 г. Бұл май қышқылына деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін күніне 25-30 г күнбағыс майын қолданса жеткілікті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет