Тақырыбы: тамақтану гигиенасы. Орал қаласы, 2020 ж



бет2/7
Дата07.04.2023
өлшемі43,03 Kb.
#80408
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Òà?ûðûáû òàìà?òàíó ãèãèåíàñû. Îðàë ?àëàñû, 2020 æ

Ассимиляция дегеніміз ағзаға керекті қоректік заттардың синетзделуі. Олар ағзаның өсуіне және жетілуіне қолданылады. Бұл заттар күнделікті тағамдармен түсіп отырады. Ассимиляция көзі тамақ болып табылады.

Диссимиляция дегеніміз заттарлың ыдырауы, олардың оттегінің көмегімен тотығып, қышқылданып, ағзадан шығарылуы. Бұл екі процесс ағзада үздіксіз жүріп тұрады және бір бірімен өте тығыз байланысты. Өмірдің кейбір кезеңдерінде бұл тепе тендік бұзылады.
Өсіп, жетіліп келе жатқан балалар мен жасөспірімдер ағзасында ассимиляция процесі, диссимиляция процесіне қарағанда басым болады. Ал кәрі адамдарда және аурудан әлсіреген адамдарда диссимиляция процесі басым болады.
Энергия калориямен немесе джоульмен өлшенеді. Энергия көзі тамақ болып табылады.
Энергетикалық баланс
Энергетикалық баланс деп адамның тамақтанудан пайда болған энергиясы мен жұмсалған энергиясының, яғни ағзадан шығарғын энергиясының арасындағы қатынасты айтады. Егер адам ағзасына тәулігіне тамақтанудан пайда болған энергия, ағзадан шығарылған энергиядан кем болса, ол кезде теріс энергетикалық баланс болады. Бұл кезде адам азады.
Егер адам ағзасында тәулігіне тамақтанудан пайда болған энергия, ағзадан шығарылған энергиядан көп болса, ол кезде оң энергетикалық баланс болады. Бұл кезде адам семіреді, денесінің салмағы көбейеді. Ол қан қысымының көбеюіне және атеросклероз ауруының пайда болуына әкеліп соғады. Сонымен теріс немесе оң энергетикалық баланс адамның денсаулығына терісі әсерін тигізіп, зат алмасу процесінің бұзылуына себеп болады жіне жүйелердің функционалды және морфологиялық өзгерістеріне әкелелді.
Егер адам ағзасында тәулігіне тамақтанудан пайда болған энергия ағзадан шығарылған энергиямен тепе тең болса, онда тура энергетикалық баланс болады. Бұл кезде адамның салмағы өзгермейді.


Ағзаның энергия жоғалтуы.
Ағзаның энергия жоғалтуы: негізгі зат алмасудың, тамақ тағамдардының арнайы динамикалық әсері, дене және ой еңбегімен істейтін жұмысқа байланысты жұмсалған энергияның қосындысынан тұрады.
Негізгі зат алмасу мен тағамдардың арнайы динамикалық әсеріне жұмсалатын энергия адамның ырқымен реттелмейді, сондықтан оны реттеуге болмайтын энергия жоғалту деп те атайды.
Жұмыс істегенде, спортпен шұғылданғанда немесе басқа да бір жұмысты орындауға кеткен энергия адам ырқымен реттелелді, сондықтан адам өзінің жұмыс қабілетіне байланысты істейтін жұмысның көлемін көбейіп немесе азайта алады.
Негізгі зат алмасу ол ішкі органдардың және жүйелердің жұмысына жұмсалатын энергия. Негізгі зат алмасу көлемі әр адамда әр түрлі болады. Негізгі зат алмасу бұл адам ағзасының жұмысына жұмсалатын энергия. Негізгі зат алмасудың энергия көлемі бұлшық ет және жүйке жүйесінің тынығу кезі мен адамды ыңғайлы жағдайда жатқызып, ыңғайлы температурада (20 C)және адам аш кезінде анықталды. Ол орташа салмақтағы ересектер ер адам үшін - 1700 килокалория(ккал), ересек әйел адамдар үшін -1400 килокалория.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет