Тақырыбы: тамақтану гигиенасы. Орал қаласы, 2020 ж


Көмірсулар жіне олардың тамақтанудағы маңызы



бет6/7
Дата07.04.2023
өлшемі43,03 Kb.
#80408
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Òà?ûðûáû òàìà?òàíó ãèãèåíàñû. Îðàë ?àëàñû, 2020 æ

Көмірсулар жіне олардың тамақтанудағы маңызы.
Көмірсулар тағамдық рационның негізгі бөлігі болып табылады. Көмірсулардың физиологиялық маңызы негізінен оның энергетикалық қасиетіне байланысты анықталды. 1 г көмірсудан 4 килокалория энергия бөлініп шығады. Ауыр дене еғбегі кезінде көмірсуға деген қажеттілік артады.
Көмірсулар жасушалардың биологиялық түзілуінде пластикалық материал ретінде қолданылады.
Ағзада көмірсулардың қоры өте аз көлемде, сондықтан оның артық мөлшері де ағзада аз болады. Ағзаның көмірсуға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін көмірсулар тағамдармен үздіксіз түсіп тұру керек. Көмірсулар май алмасу процесімен тығыз байланысты. Егер адам көп жұмыс істемесе, онда ағзаға түскен көмірсулардың артық мөлшері майға айналады.
Табиғи тағамдардың құрамында көмірсулар моносахаридтер, дисахаридтер жіне полисахаридтер түрінде кездеседі.
Құрылысына, ерігіштігіне, ағзаға сіңуіне, гликогеннің пайда болуына әсер етуіне байланысты тамақ тағамдарында кездесетін көмірсулар былай бөлінеді:


Жай көмірсулар:

  • Моносахаридтер:

  • Глюкоза

  • Фруктоза

  • Галактоза


    Күрделі көмірсулар:

  • Полисахаридтер:

  • Крахмал

  • Гликоген

  • Пектинді заттар

  • Клетчатка

  • Дисахаридтер:

  • Сахароза

  • Лактоза

  • Мальтоза


Көмірсуға деген қажеттілік
Тағам рационындағы көмірсулардың көлемі адамның энергия жұмсауына, жасына, жынысына және т.б. көрсеткіштерге байланысты 250-440 г аралығында болады. Қолданылатын қантың, балдың, кәмпиттердің көлемі тәулігіне 60-70 граммнан аспауы керек. Көмірсуға деген қажеттілік өсімдіктен алынған өнімдерімен қанағаттандырылғаны жөн.
жүрек ауруларынан әлсіреген адамдарға заталмасу процесін тез қалыпқа келтіру үшін глюкоза енгізеді. Спортсмендерде бұлшық еттердің көп энергия жоғалтуында энергетикалық қорды өте тез қалпына келтіру үшіні және бауырда гликогеннің пайда болуын күшейту үшін қант пен крахмалдың қоспасын береді. Бұл жерде қант пен крахмалдың арақатынасы 1:3 -4 ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет