Дүниенің түбегейлі танылуы мәселесі: танымдық оптимизм, скептицизм және агностицизм. Эпистемологиялық оптимизм адамның танымдық қабілеттерінің шексіз мүмкіндіктерін талап етеді және адамның айналасындағы әлемді, объектілердің мәнін және өзін-өзі тану жолында түбегейлі кедергілер жоқ деп санайды. Бұл бағытты жақтаушылар объективті шындықтың болуын және адамның оған жету қабілетін талап етеді. Олар, әрине, таным процесінде белгілі бір қиындықтар бар екенін мойындайды, бірақ дамып келе жатқан адамзат оларды жеңеді.
Философия дамуындағы ұзақ ғасырлар бойы таным процесіне деген, танымның мүмкіндіктеріне деген, жалпы танымның нағыз табиғатын ашуға деген ұмтылыстар нәтижесінде бірқатар бағыттар пайда болды. Солардың бірі – гностицизм бағыты. Гностицизмді жақтаушылар таным мәселесін түсіндіруде материалистік бағытты ұстанды. Олар танымның бүгіні мен болашағына зор сеніммен қарады. Әлемді толықтай танып – білуге болады, адам танымының мүмкіндіктері шексіз. Таным - бұл өзінің бейнелеуші қасиеті – сана арқылы өзін - өзі тануға ұмтылады.
Гностиктарге қарсы шығып, танымның мүмкіндіктеріне күмәнмен қараған келесі бағыт агностицизм (грек.т. agnostos – танылмайтын, тану мүмкін емес) бағыты болды. Таным табиғатын түсіндіруде идеалистік жолды ұстанған агностиктердің пайымдауынша, адам танымының мүмкіндіктері шектеулі, ол әлемді тұтастай танып – біле алмайды, сондай – ақ, әлемнің біздің танымымыздан жоғары тұруының өзі адам танымының мүмкіндіктерін шектейді. Жалпы «агностицизм»терминін философияға енгізген ағылшын жаратылыстанушысы Т.Гексли. Ол осы термин арқылы Құдай болмысы, объективті шынайылық, жанның мәңгілігі сияқты біз тәжірибе арқылы таный алмайтын «мәндерді» тәжірибелік білімге сүйеніп түсіндіруге ұмтылған ғалым сенімсіздігін білдіру үшін қолданды. Ал марксизмфилософиясының өкілдері агностицизм ұғымына өзгеріс енгізіп, оны материалды әлемді және оның адам тәжірибесінен тәуелсіз жақтарын танудың мүмкін еместігін білдіретін ұғым ретінде қарастыра бастады. Агностицизм нағыз, шынайы білім алу мүмкіндігін жоққа шығарушы ілім ретінде Д.Юмның, И.Канттың, белгілі бір дәрежеде - Дж.Берклидің философияларында көрініс тапты. Дәстүрлі метафизиканы сынау позитивизм бағдарламасының маңызды бөлігіне айналды.