Тақырыбы: Теңіз өнімдерінің тағамдық маңызы


Теңіз өнімдеріндегі  калориялар мөлшері



бет4/4
Дата07.01.2022
өлшемі24,36 Kb.
#16919
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
Теңіз өнімдері

Теңіз өнімдеріндегі  калориялар мөлшері




Балықтың қоректік құндылығы өте жоғары. Балық етке қарағанда ағуыздың салауатты көзі болып табылады. Теңіз өнімдері мен балық жерортатеңізі емдәмінде қолданылады, құрамында жастық шақ элементтері деп аталатын йод, мырыш бар. Теңіз балығын тұрақты қолдану жастық шақпен ұзақ уақыт бойы қуануға мүмкіндік туғызады. 
Теңіз өнімдерінің құрамындағы  құнарлы құрам бөлшектер

Оның  құрамында, сонымен қатар, В тобының дәрумендері, фосфор, калий, натрий бар. Теңіз балығы көптеген микроэлементтермен – мыспен, селенмен, сонымен қатар, омега-3 тобының көпқанықтырылмаған май қышқылдарымен (склероздың және жүректің ишемиялық ауруларының алдын алуда қолданылады, қандағы триглицеридтердің шоғырлануын, сонымен қатар қанның ұюын төмендетеді) қамтамасыз етеді.



Теңіз өнімдерінің  құрамында ағзаның дұрыс жұмыс  жасауы үшін қажетті көптеген құрам бөлшектер бар. Олар оңай сіңірілетін ағуыздың бай көзі болып табылады. Ол ас шаяндары мен қысқышсыз шаяндарда ең көп кездеседі (шамамен 17%), ал бұл балықтардағыға қарағанда айтарлықтай көп емес. Теңіз өнімдерінің құрамында май мөлшері онша көп емес (ең азы теңіз шаяны - 0,5%, ал ең көбі омарлар - 2%), бірақ ол омега-3 тобының құнды майы. Теңіз өнімдерінің құрамында темір, мырыш (ол устрицаларда ең көп, сондықтан олар мықты афродизиак ретінде танымал) және мыс сияқты минералды құрамдар, сонымен қатар PP және B12 дәрумендері бар. Теңіз өнімдері йод пен фосфордың ең жақсы көзі болып табылады, ағзаны кальциймен, селенмен және фтормен қамтамасыз етеді. Теңіз шаяндарынан басқа, шаян тәрізділердің құрамында көп холестерин, сонымен қатар, холестериннің сіңірілуін шектейтін стиролдың белгілі мөлшері бар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет