Сұхбаттасу арқылы
Терме – поэзияның үлгі –өнеге, ақыл-насихат, өсиет ретінде белгілі бір әуен-ырғақпен орындалатын түрі.
Терме көне заманнан келе жатқан дәстүрлі өнер түрі. XVIII-ХІХ ғасырларда жақсы дамыған.
Терме жыршылық өнерінің алғашқы қадамы.
|
Екі жақты сараптай келе:
Терме – синкретті өнер түрі;
тыңдаушыға ой салады, өмір сүрудің оң-солын үйретеді;
адамды рухани байытатын қасиетті өнер деген ойдамын.
көнеден келе жатқан дәстүрлі өнер
Терменің түрлері, құрылымы.
Термелер мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлінеді
а) Шешендік терме.
Жыраулық поэзияда көп кездесетін, мазмұны ақылды, ой, парасатты, пікірге бай, филисофиялық-психологиялық түйіндерге кенен, қрнекті афоризмдерге толы кестелі жыр түйдегі.
Асқар тау ғаріп емес пе,
Айдынды көлі болмаса.
Ер жігіт ғаріп емес пе,
Белгілі елі болмаса,
Ел де ғаріп емес пе,
Белгілі белге қонбаса,
Ағаш ғаіп емес пе,
Мәуесі өсіп тұрмаса ...
ә) Ақыл-нақыл немесе дидактикалық терме
Жырау өмірден көргенін, көңіліне түйгенн сарпақа сала термелеп айтады. Дидактикалық нақыл – терме мақал – мәтел үлгісінде келеді, көбіне-көп тұжырымды, ықшамды, жинақы, ойлы болып келеді.
Көлеңкесі түспейді,
Паналасаң наданды.
Тебініп талар аяғың,
Сұлу деп мінсең шабанды.
Дастарханың байланар,
Қасыға алсаң сараңды.
Етіксізге дес тисе,
Айырмас сауап-обалды ...
б) Тілек терме
Жырау, ақын еліне , жеріне жеке адамдарға деген ықыласын, алғыс – тілегін өлеңмен термелеп жеткізеді.
Бірінші тілек тілеңіз,
Бір аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз,
Ершұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа.
в) Қалау терме
Жырау немесе жыршы топ алдына шыққан соң, қай жылды айтатынын көпшілік қалауына салады. Өз репертуарындағы қисса, дастандарды термелеп айтып шығады.
Бұрынғы өткен заманда,
Жайық бойын жайлаған,
Жая мен шекер шайнаған,
Жібекпен белін байлаған.
Түлкідей көзі жайнаған.
Лебізі шырын сөзі бал,
Бұлбұл құстай сайраған,
Жібек деген апаң бар,
Төлегенмен ойнаған.
Бас қосқан топқа жырласақ,
Сөзіне адам тоймаған,
Осыны айтсам бола ма,
Осыған көңілі тола ма?
Бұл айтқаным болмаса,
Бұған көңілі толмаса,
Айтайын басқа бір дастан,
Өтірік емес растан.
«Жиделі» байсын жерінде,
Қоңырат деген елінде,
Байбөрі деген бай өткен ...
«Алпамысты» айтайын ба?
Тоқсан үйлі тобырды,
Алпыс үйлі арғынды ...
«Қамбарды» айтайын ба?
г) Атау терме
Ақын, жырау өзіне ұнаған ел, сүйген жер, су аттарын, тарихи оқиғаларды немесе өзі үлгі тұтқан ұстаздарын, тарихта аты қалған адамдарды өлеңге қосып, термелеп айтады.
Кенен Әзірбаевтың «Достарым» деген термесі осының айғағы:
Кеншімбай, Жиенбай мен Қарқабаттар,
Нұрпейіс, Доскей, Тайжан, Құлыншақтар.
Қашаған, Мұрын жырау, Сәттіғұл мен
Құлмамбет, Қуандық пен Сарыбастар.
ғ) Жас кезең немесе өмір термесі
Ақын, жыраулар терменің бұл түрінде бірден жүзге дейінгі жас ерекшеліктерін термелей сипаттаса, кейбірі адам өміріндегі ең елеулі кезеңін мадақтап, дәріптейді.
Екі ауылдың арасын,
Қиқулатқан жиырма бес,
Бұғалықсыз асауды,
Құр-құлатқан жиырма бес.
Тыным таппай түн болса,
Сығалатып сыртынан
Үй тыңдатқан жиырма бес ....
д) Шежіре терме
Ақын, жыраулар кәдімгі көпті көрген қариялардың айтып, ұрпақтан ұрпаққа қалдырып келе жатқан қазақ шежіресін өлең, жырға айналдырып термелеген.
е) Мінездеме – сипаттама терме
Адам бойындағы жақсы, жаман мінез, қылықтар теріле, салыстырыла сипатталады. Ақын жырау жақсылыққа үгіттейді. Жаманды мінейді. Адал адамды марапаттайды, мақтан етеді.
ж) Патриоттық – үгіт терме
Ақын, жырау елді, жерді жаудан қорғауға аттанған жауангерлерге рух беріп, олардың намыс жігерін ояту үшін патриоттық өлең, жыр төгеді.
Тұлпардан шыққан із қалар,
Сұңқардан биік құз қалар.
Жаңбырдан жерге нұр қалар,
Жасаған жасыл қыр қалар.
Шеберден біткен іс қалар,
Шешеннен асыл сөз қалар.
Ер орында дақ қалар,
Ер өлгенде даңқ қалар.
Ердің аты өшпестей,
Ел аузында жатталар.
Ердің еткен еңбегін,
Үлгі қылар басқалар.
з) Тұрмыс – салт термелер
Халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілік, көңіл-күй, салт-сана, әдет-ғұрпын термелеу әдісі.
Үй сыртынын бұқпалап,
Тың тыңдама, келіншек.
Көрінгенге көз салып,
Қылтыңдама, келіншек.
Сыбырласып сылқылдап,
Жыртыңдама, келіншек.
Ерінбестен еңбек ет,
Жұмыс қылда, келіншек,
Бірді бірге шақ-шақ қып
Ұрыстырма, келіншек.
Әрнеге үлгі болғандай ...
Терменің композициясы яғни үш бөлімнен тұратын құрылымы болады.
а) Кіріспесі
ә) Негізгі бөлім
б) Түйіндеу
Термеші сөзін бастамас бұрын, біріншіден тыңдаушысын өзіне қарату, көңілін өзіне бұрғызу , екіншіден өзінің даусыны ашу, шабытын шақыру мақсатында ашық бір дыбысты көтере дауыстап, шалқыта, шарықтата созып алатын қайтармасын кіріспе немесе бастама деп атайды.
Термеші асыл сөзбен өрілген қуатты ойларды бірінен соң бірін түйдектетіп келіп, еркін көсілген дауысын кейде қысқа қайырып, ал кейде биіктеп, бірде төмендеп, сан құбылып біразға дейін созылып, шарықтап барып басылатын бөлігін негізгі қайтарма немесе шалқыма деп атайды.
Бастамадан да, шалқымадан да өзгешлеу, дыбыстық бітімі бісең, баяу, созылыңқы болып айтылатын бөлігін қайтарма немесе түйіндеме деп атайды.
Мысал: Кердері Әбубәкірдің «Насихат» термесі
Достарыңызбен бөлісу: |