Тақырыбы: «Терме бүгінгі күнде» (ғылыми жоба) Бағыты



бет9/12
Дата16.04.2022
өлшемі45,55 Kb.
#31224
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
terme-bgng-knde-ylymi-zhoba

Сұхбаттасу арқылы

  1. Ырғағына қарай желдірме терме және баяу ырғақты терме деп 2ге бөлінеді.

  2. Термешілер «не жаман?», «не пайда?», «не артық?» деген сұрақтар қоя отырып, сол сұрақтарға ойларын ортаға сала отырып жауап береді.

Ойласағыз, жігіттер,

Әуел бұрын не жаман?

Қайғысы қатты жау жаман ...

Екіншіден не жаман?

Қайғылы көңіл, шер жаман.

Арам, бейнет тер жаман.

Жыртылған жаға, жең жаман.

Үшіншіден не жаман?

Үлгісіз пішкен тон жаман


  1. Сөздік құрылымы 11 буыннан басталып, 7-8 буынға түседі.

Қорыта келе:

  • Терме мазмұнына қарай 10 түрге

  • Ырғағына қарай 2 түрге бөлінеді

  • Сөздік құрылымы 11 буыннан басталып, 7-8 буынға түседі



  1. Терме бүгінде...

Ең бастысы байырғы рухани құндылығымыз таза, бастапқы пішінін жоғалтпай бүгінгі күні жалғасын тауып отыр. Алайда қандай деңгейде?

Терме қазақ халқының төл өнері, естіген құлаққа ғибраты мол дүние. Ұлтымыздың ғасырдан – ғасырға жалғасып келе жатқан бұл өнері жыршылық дәстүрдің күре тамырына қан соқтырып, жаңғыртып, жалғасуда. Соның бір дәлелі еліміздің әр түкпірінде ұйымдастырылып жатқан термешілер байқаулары, фестивальдер.

Терме жанры заман ағымынан қалмай онымен қатарласа, баяуда болса өмір сүріп келеді. Қазіргі таңда қазақ елінің игілігіне айналып отырған терме жанры жаңа форматта халыққа ұсынылуда, оның бірден бір дәлелі термені эстрадамен орындалуы. Мысалы: Елібайдың «Сүгір» термесін Қадірәлі Болманов, Нұртуғанның «Қанекей, тілім, сөйлеші...» термесін Роза Рымбаева, Тұрмағанбеттің «Елі үшін туған ер болса» термесін Өмірқұл Айниязов деген аға-апаларымыз орындап жүр.

Алайда терме жанрын дербес танытып, дамыту жағы менің ойымша кенжелеп келеді.

Ақжайық аудандық халықтық ұлт-аспаптар оркестірінің прима-қобызшысы, Халықаралық ұстаздар одағының мүшесі Утегалиева Нұрғаным Ермекқызына, «Терме бүгінгі күнде қандай деңгейде?», - деген сұрағыма:


Бұл сұраққа әнші, термеші, Республикалық, Халықаралық конкурстарының лауреаты Оразов Фархат Беркінұлының жауабы:

  • Бүгінде терме жақсы дамып келе жатыр. Өте кенжелеп қалған өнердің түрі. Оның ішінде біздің Батыс Қазақстанда біздің Орал өңірінде термен жанры, жыр жанры, жыршылық өнер өте төмендеп қалды. Оның себептері көп, бір себебі өткен тарихымыз, сол кездегі кеңестік кезеңде батыс өнірінің жыршы жыраулары атылып, жер аударылып кетті немесе айрын айта алмай ішінде кетті. Шүкір бүгінгі күнде осы саланы зерттеуші ағалармыз шығып, бұйырса «Жайықтың жыр жауһары» атты жинақ басылып шығады. Оның ішіне біздің өңірдің алтын орда кезінен бүгінгі күнге дейінгі жыраулардың туындылары жинақталып, басылып жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет