Тақырыбы: «Тәуелсіз елім Қазақстан» Мақсаты


Айзере: Айнымайды аспаннан, Біздің тудың бояуы, Оны халық қашанда, Биікке іліп қояды. Мирас



бет2/3
Дата25.11.2023
өлшемі195,7 Kb.
#126370
1   2   3
Байланысты:
Тәуелсіздікке ашық сабақ

Айзере:
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
Мирас:
Он алтыншы желтоқсан ,
Тәуелсіздік алған күн .
Мерекеге ел тосқан,
Атамменен барған мын.
Мадияр:
Тәуелсіздік еліміз,
Мәңгі жасар жеріміз.
Тәуелсіздік жасаған ,
Аға ,әпкелеріміз.
Алина:
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат, әдемі!
Тұнығындай көңілдің,
Ортада- аспан әлемі.
Нұрсезім:
Құт, береке – шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
Айсәуле:
Анаң- күнің, жүрегің,
Әкең – өмір тірегің. 
Сен- бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Абылай:
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Сәбина:
Тәуелсіздік жолында,
Талай – талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім – Елтаңбам.
Әмина:
Аспанымдай мөлдірмін,
Жайлауымдай жазықпын.
Өзенімдей өршілмін,
Гүлдерімдей нәзікпін.
Ярослав:
Ақ ниеті- алтын күн
Асқақ арман – қыраны.
Жалауы бұл- халқымның,
Мәртебесі, мақтаны.
Жүргізуші: 16 - желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Мерекеде ел қуанып
Шаттанып ән салған күн.
Ән: «Отан-Ана» топ балаларының орындауында
Әже: Осы кезде қолында ұршығы бар әже ортаға щығады. Төрдегі көрпеше үстіне келіп отырып, ұршығын иреді.
Бала: қолында қамшысы бар бала ойнап жүгіріпкеліп, әжесінің жанына отырады.
Бала:Әже не істеп отырсыз?
Әже:Құлыным ұршық иіріп отырмын. Кел қасыма отыр ,күнімен ойнап шаршаған шығарсың.
Бала:Әже,Біз балабақшада «Тәуелсіздік» мерекесіне дайындалып жатырмыз.Мемлекеттік әнұранды айттық, тақпақтар жаттадық.Бізде «Тәуелсіздік»мерекесіне орай ертеңгілік өтпекші.
Әже: Жарайсың, құлыным! «Тәуелсіздік»күніне арнап қанша ән айтсаңда, артық емес.
Бала:Әже «Тәуелсіздік» деген не?
Әже: -Е-е-е құлыным «Тәуелсіздік» деген бұл үлкен әңгіме. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді.Қайсар,батыр аға-апалардың арқасында егеменді ел болдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет