Жүргізуші: «Домбыра» биі орындайтындар: Қуанышбай Айзере,Дайрабай Алина,Тұрымжар Айзере,Нұрмахан Нұрсезім.
Жүргізуші :Тарих парақтарына көз жүгіртетін болсақ, еліміздің бірлігін сакқтаған Абылай хан атамызбен үш кемеңгер дүлділім өткен өмірден. Олар қазақта қара қылды қақ жарған Қазыбек би, Әйтеке би, Төле билер. Олай болса тарихқа көз жүгіртіп,көрініс тамашалаймыз.
Көрініс.Залға Қазыбек, Әйтеке, Төле билер кіріп, орындарына отырады. Осы кезде Абылай хан ортаға шығады.
Абылай хан :Уа,халқым, осынау қиын қыстау заманда ел басына жоңғар деген атпен қара бұлт төніп тұр. Осы жағдайда халықты біріктірер қариялар өздерің. Халқымыздың рухын көтеріп, өзімізді, елімізді ,жерімізді қорғайтын заман келді. Қандай ақыл кеңес бересіңдер?
Қазыбек би: -Әр руға шабандоздарымызды жіберейік,халыққа хабар айтсын.
Әйтеке би:-Жөн , ел ішінен қол жинауымыз керек. Айбарлы батырларымыздың басын біріктіріп қас жауымызға қарсы шығайық.
Төле би :-Бұдан былай қазақ Абылайдың туы астында жиналуы керек.
Билер:Ия, біз қазақ мал баққан елміз,ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Әже:-Міне құлыным, біздің ата-бабамыз аңсаған «Тәуелсіздік» біздің елге оңай жолмен келген жоқ. Ендеше құлыным сені балабақшаңа апарайын жүр кеттік.
Ойын: «Шаңырақ»Ойынды шартына қарай ойнайды.
Хор: «Тәуелсіз Қазақстан»
Жүргізуші: Отаным Қазақстан –алтын бесік,
Мінекей ұлы жолға түсті келіп.
Ағайын, бар тілерім мен еліме.
Тұғырың мықты болсын Тәуелсіздік!
Осымен « Тәуелсіз ел Қазақстан» атты мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Мереке құтты болсын, көріскенше сау болыңдар!
«Шапағат» бөбекжай- балабақшасы»
Тақырыбы:«Тәуелсіз елім Қазақстан!» «Күншуақ»ІІ-кіші тобы