Тақырыбы: «Тәуелсіздік таңы атқан күн» Мақсаты



бет5/9
Дата07.05.2023
өлшемі26,95 Kb.
#90942
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қатысушылар: 4«Б» сыныбы
Жоспар:

  1. Қонақтарды қарсы алу

  2. Би: «Тойбастар» күйі

  3. Хор: «Желтоқсан желі»

  4. Ән: «Қазақстан»

  5. Мектеп директорына сөз беру

  6. Күй: «Балбырауын»

  7. Көрініс

  8. Ән: «Қарабауыр Қасқалдақ»

  9. Хор: «Жаса Қазақстан!»

  10. Қорытынды



Барысы: 
Би: «Тойбастар» күйі. (хабарланбайды)
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! 
2-жүргізуші
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 20 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз.
1-жүргізуші
Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашан айтып өтеміз. 
2-жүргізуші
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. 
Оқушы:
Армандарды жақындатып тым алыс, 
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! 
1-жүргізуші:
№17 жалпы білім беретін орта мектебінің 4«Б» сыныбының көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.
Оқушылар сәлемдемесі (хабарланбайды 18 оқушы сахнаға шығады)

Хор: «Желтоқсан желі»(1-қосымша видео)
1-жүргізуші: 
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Ән:«Қазақстан» орындайтын:______________________ (2-қосымша видео)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет