Тақырыбы: «Тәуелсіздік таңы атқан күн» Мақсаты


Жеңгесі: Қайрат, бері кел.  Милиция



бет7/9
Дата07.05.2023
өлшемі26,95 Kb.
#90942
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
тауелсиздик

Жеңгесі: Қайрат, бері кел. 
Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің. 
Жеңгесі: Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар 
еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз. 
Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.  
Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз. 
(Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді.) 

Оқушы:
Кінәлі ме, ақын Қайрат, ер Қайрат?
Ауа жетпей атып шыққан алаңға,
Қылқындырған қиянатқа көнбеді,
Тапталғысы келмеді ол табанға.
Әсте естеншығармайды жыр мұны,
Айтады ылғи домбыраның күмбірі.
Аты аталса күрсіндірер жылатып,
Желтоқсандық күрсіндірер жылатып.
Желтоқсандық азамат пен құрбаны.
Жатыр бүгін мойынқұмның баурында
Қара өлеңнің ерте солған бір гүлі.

1-жүргізуші:
Темір тордың ішінде Қайрат өлең жазып отыр.

Қайрат:Қаймана қазақ қамы үшін,
Қарусыз шықтық алаңға.
Алыстан әскер алдырып,
Қырып салды-ау табанда
Сөйлесем дауысым жетпейтін,
Кез болдық мынау заманға
Шовинизм еді ғой,
Басты себеп жанжалға.
1- жүргізуші:
Осы кезде камераға кезекші келеді.
Кезекші: Заключенный Рыскулбекова на допрос! (Қайратты алдына салып, тергеу бөлмесіне әкеледі).
Тергеуші: Айыпты Рысқұлбеков. Халық жасақшысы Совицкийді өлтірген сен ба?
Қайрат: Жоқ, мен емес.
Тергеуші: Сен өлтіргенсің. Мойныңа ал.
Қайрат: Мен өлтірген жоқпын.
Тергеуші: Алып кетіңдер.Рысқұлбеков ақтық сөзің болса айт.
Қайрат: Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең, алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты – құрбандық»,
Атам десең, атыңдар!
Анасы: Қайраттың Шырақтарым кешіріңдер! Ол әлі жас қой! Кешіріңдер, балаларым! Сендердіңде балаларың бар шығар? Мен-анамын, ақ жаулығымды сыйлаңдаршы? Оның атынан кешірім сұраймын. Кешіріңдер!
Қайрат: Көтер ана, көтер ана басыңды. 
Өтті, кетті жауынды күн жасынды 
Қазақпыз ғой мың өліп, мың тірілген, 
Мына иттерге көрсетпе көз жасыңды! 
Кешір ана, жан едің ғой тамаша, 
Арым үшін түстім, рас араша 
Қалай ғана дәтім шыдап тура алам 
Ұл-қызыңды қанішерлер таласа, 
Арым үшін түстім, рас, араша 
Араша!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет