Тақырыбы: Тәуелсіздіктің 25 шыңы Мақсаты


«Тарихи тұлғалар немесе әдеби кейіпкерлер»



бет3/4
Дата19.12.2022
өлшемі63,83 Kb.
#58264
1   2   3   4
«Тарихи тұлғалар немесе әдеби кейіпкерлер» деп аталатын бұл бөлімде оқушыларымыздың білімдерін тексеріп көрейік
1. «Қарлығаш әулие» атанған шешен кім? (Төле би)
2. «Езілген қазақ елінің
Бағы үшін туған ер» деп кімді жырлаған? (Амангелді)
3. Қазақтың асқан ақылгөй жырауы кім? (Бұқар жырау)
4. «Ерлігіне ақылы сай батыр бастаған іс қашанда халық тілегінен шыққан. Үнемі жақсылықпен бітіп отырған». Бұл қай мәтіннен және кімге байланысты айтылған? («Ақжолтай Ағыбай батыр»)
5. «Отан үшін отқа түс, күймейсің.
Арың үшін алыссаң, өлмейсің» деген қай батырдың сөзі? (Бауыржан Момышұлы)
6. «Үш бәйтерек» аталған қайраткерлер кімдер? (Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров)
7. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің авторы кім? (Абай)
8. «Арман қудың ба, алдыңа қара, артыңа алаң болма! Өмірдің өткелін іздеп таптың ба, жүрексінбе, көзді жұм да қойып кет, белді шеш те кешіп өт» деп өзінің күнделігіне жазған қазақтың батыр ұлы кім? (Қайрат Рысқұлбеков)
9. «Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім» деп жырлаған батыр ақын кім? (Махамбет Өтемісұлы)
10. ҰОС-да жауынгерлерге әсем әнімен рухын көтерген қазақтың қос бұлбұлы? (Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова)
Мұғалім: Тарихым жатыр тасымда,
Тіл қатып келер ғасырға.
Азаттық дейтін ұғымның,
Желтоқсан тұр басында.
Мұғалім: Тарихта «Құйын – 86» мәңгі есте қалады.
Бұл жойқын шабуыл қазақ қыздары мен жігіттерімізді араларымыздан алып кете барды. (Сахнаға шырақ жаққан 3 оқушы шығады. Олар өз сөздерін айтып шырақтарын кезектеп сөндіреді)
Аманжол: 1986 жылы 19желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегінен жарақаттанған энергетика институтының ІІ курс студенті Ербол Спатаев әкелінді. 23 желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол ата-анасының жалғыз баласы еді. «Құйын – 86» операциясының құрбаны болды.
Елімнің садағасы жаным менің,
Жігері от, намысшыл ұлың едім.
Желтоқсанның алауы жанды мұзда,
Мәңгі жасай берсін тек қазақ елім!
Ерасыл: Сол бір ызғарлы ерте түскен қыс, тоқырау тажалының табанында аяусыз тапталған ар-намыстың ышқынған дауысы құлағымызды әлі шыңылдатып тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің де нәзік үнің естіледі. Сен тірі болсаң қазағымның мәдениетін дамытуда үлкен үлес қосар едің-ау.
Еліңнің сен намысы үшін
Құрбан еттің жаныңды,
Мазақ етіп қорлай алмас
Ешкім сенің арыңды.

Айналайын атыңнан қазақ елім ,


Жазықсыз жапа шеккен жаным менің.
Намыстан жаным күйді, жүрек жылап
Сен үшін шыбын жанды қиып бердім.
Анэль: Желтоқсан қаһарманы Қ. Рысқұлбеков жиырма екі-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін күресті.
Елбең, елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген.
Арғымақ мінген жаратып,
Ақ сауыт киген темірден.
Алатаудай бабалар!
Аруағыңмен жебей көр.
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең , алыңдар!
Атам десең, атыңдар!
Бұл сөнген шырақтар, қыршынынан кеткен қазақ жастарының сөнген шырақтары! Ендеше оқушылар теледидардағы «Желтоқсан желі» атты бейнебаянға назарымызды аударайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет