Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады «Атыңнан айналайын, Қазақ қызы!» Филология феномені атындағы



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата03.03.2017
өлшемі17,95 Mb.
#6929
  1   2   3   4   5

www.kazmkpu.kz

Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады

«Атыңнан 

айналайын, 

Қазақ қызы!»

Филология 

феномені атындағы 

дәрісхана

5-бетте


6-7 бетте

11-бетте


Қазақ қызы – 

ұлт тәрбиешісі

Өткен жылдың қоңыр 

күзінде асқар шыңдары 

алыстан көз тарта­

тын, хош иісті апорты 

тынысыңды ашатын қарт 

Алатаудың  баура йында 

орналасқан көрікті 

Қыздар қалашығынан 

бастау алған 

университеттің дүбірлі 

тойы осы жылдың  19 

қыркүйек күні Респуб­

лика сарайында өз 

мәресіне жетті. Америка, 

Түркия, Қытай сынды 

шет елдік жоғарғы оқу 

орындарының басшыла­

ры, Қазақстанның түкпір­

түкпірінен келген таны­

мал түлектер және елдегі 

мемлекеттік қызмет 

мінберінде отырған 

мәртебелі қонақтардың 

қатысуымен өткен  70 

жылдық мерейтойға  

арналған республика­

лық салтанатты кеш 

өтті.

Айтулы шаралардың басты 

мақсаты – Қазақ қызына де-

ген құрметті, жауапкершілікті 

көтеру, ұлттық мәдениет пен 

рухани құндылық мәртебесін 

арттыру, ұлт анасына, ұрпақ 

тәрбиешілеріне, ана-ұстаздарға, 

қыз-келіншектерге деген ілти-

патты кеңінен насихаттау, 

Қыздар университетінің жет-

піс жылда жеткен жетістіктерін 

паш ету.

Ш ы ғ а р м а ш ы л   ж а н д а р 

бас қосқан шараға бұқаралық 

ақпарат құралдарының басшыла-

ры мен жетекшілері, журналис-

тер, ақын-жазушылар, Қыздар 

университетінің ұстаздары мен 

студенттері қатысты. 

Қыздар университетінің 70 

жылдығын мерекелеу аясында 

өткен шара алдымен БАҚ бас-

шылары мен өкілдерін марапат-

тау рәсімімен басталды. 

Қыздар университетінің 

70 жылдық мерекесі тұсында 

ж о ғ а р ы   о қ у   о р н ы н ы ң 

ж е т і с т і к т е р і н ,   о қ у   ү д е р і с і 

мен тәрбиелік жұмыстарын 

насихаттауға атсалысқан БАҚ 

басшылары «Құрмет белгісі» 

медалімен марапатталды. 

(Жалғасы  4-бетте)

К

е р м е   қ а с ,   қ ұ л ы н 



мүсін, күміс күлкі, 

қос бұрымға тағылған 

әде мі шолпының сыңғырына 

толы болған «70 жылдық белес: 

бо лашаққа жарқын жол» атты 

салтанатты жиын, Республика са-

райы алдында жұптары жарасқан 

7 0   қ ы з - ж і г і т т е н   қ ұ  р а л ғ а н 

«Қызғалдақ» балымен әдемі 

басталды. Аталмыш сарайдың 

дәлізінде 70 арудың портреті мен 

дарынды қыздардың әсем карти-

налары орналастырылып, Қыздар 

университетінің жетпіс жылда 

жеткен жетістіктерін айғақтайтын 

арнайы көрме ұйымдастырылды. 

Сонымен қатар үлкен көлемдегі 

п л а з м а л ы қ   т е л е д и д а р д а н 

ҚазМемҚызПУ-дың 70 жылдық 

тарихын нақты фактілермен ба-

яндайтын, Қыздар қалашығы-

ның тыныс-тіршілігімен та-

ныстыратын деректі фильм 

көрсетіліп, қонақтардың наза-

рына ұсынылды.

Жалғасы 2-3-беттерде)

12-бет 


«АЙНАЛАЙЫН, 

АБАЙЛА!»

газетінің «наурыз көжесі»

Алматы қаласы Ішкі саясат 

басқармасының әлеуметтік 

маңызды жобасын іске 

асыру аясында «Жас 

Отан» Жастар қанатының 

Алматы қалалық филиалы, 

2014 жылдың қыркүйек-

қараша айлары аралығында 

жарақат алуды ескерту 

және жасөспірімдер арасын-

да жедел профилактикалық 

іс-шараларын 

ұйымдастырады.

Шараның мақсаты Алма-

ты қаласы тұрғындары мен 

ж а с ө с п і р і м д е р   а р а с ы н д а 

жарақат алуды ескерту және жол 

қозғалысындағы қауіпсіздікті 

сақтау. Қазақстан Республи-

касы Бас прокуратурасының 

мәліметтеріне сүйенсек, 2014 

жылдың алғашқы жарты-

жылдығының өзінде-ақ елі-

мізде 8500-ден астам азамат 

жол көлік оқиғаларына түссе, 

оның 2500-і Алматы қаласына 

тиесілі. Мәліметтерге жүгінсек 

бұл көрсеткіштердің жылдан-

жылға өсіп бара жатқанын 

байқауға болады.

І с - ш а р а н ы ң   а л ғ а ш қ ы 

күндері Қазақ мемлекеттік 

қ ы з д а р   п е д а г о г и к а л ы қ 

университеті «Жас Отан» 

жас тар қанатының мүшелері 

«Айналайын, асықпа!» деген 

ұранмен акцияға қатысты. 

Акция аясында жаяу жүргін-

шілерге жол ережесін түсін-

діріп, арнайы парақшалар 

таратты. Жол үсті көлік құрал-

дарының қозғалуына, ал жаяу 

жүргіншілерге арналған ар-

найы жол бар екендігін айтып, 

жарақат алудан мен қайғылы 

о қ и ғ а л а р ғ а   т а п   б о л у д а н 

сақтануға шақырды.

С т а т и с т и к а   б о й ы н ш а 

жаяу жүргіншіні қағып кету 

оқиғалары қазіргі кезде кең 

тараған түрі болып отыр. 

(Жалғасы 12-бетте)

Арулар ордасындағы жыр­шашу

№10 (117)

20 қыркүйек

2014 жыл


13-қыркүйек — Шығармашылық күні арулар ордасында 

мерейтойға орай ұйымдастырылған «Атыңнан айналайын, Қазақ 

қызы!» атты республикалық жазба ақындардың жыр мүшайрасы 

мен суырып салма ақындар айтысы болып өтті.  Қыздар 

университетінде Шығармашылық күнімен басталған 70 жылдық 

мерейтой апталығы қалың көпшілікті өлең-жырмен сусындатып, 

айтыс өнерінің майталмандарымен жүздестіріп, қазақ әдебиетінің 

жаңа есімдерімен таныстырды. 

ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНЫҢ 

КИЕЛІ ШАҢЫРАҒЫНА – 70 ЖЫЛ


ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

2

№10 (117)



20 қыркүйек

2014 жыл


Р Е П О Р Т А Ж

«МӘРТЕБЕСІ 

БИІК УНИВЕРСИТЕТ»

Еліміздегі беделі мен мәртебесі биік 

білім ордаларының бірі – Қазақ мем-

ле кеттік қыздар педагогикалық уни-

верситетінің 70 жылдық мерейтойы-

на орай ізгі құттықтауымды қабыл 

алыңыздар!

Қазақ қыздарының тұңғыш білім 

ошағы алғаш шаңырақ көтерген 1944 

жылдан бүгінге дейін терең де тағылымды 

тарихи жолдан өтті. Еліміз өз дамуының 

барлық кезеңдерінде уақыт талабымен 

үндесе отырып, жас буынға сапалы 

білім, саналы тәрбие беру ісінде іргелі 

табыстарға қол жеткізді.

Университет түлектері оқып-

тоқығанын халық мүддесіне жара-

тып, даму тарихымыздың ең жауапты 

кезеңдерінде ел ортасынан табылып, 

мемлекетіміздің экономикалық, ғылыми 

әлеуетін еселеуге көп үлес қосып келеді.

Елбасының дамыған отыз елдің 

қата рына қосылуды көздейтін «Қазақ-

стан – 2050» Стратегиясын табыс-

ты іске асыруға университет бәсекеге 

қабілетті кәсіби мамандар даярлау 

арқылы болашақта да үлкен үлес қосып, 

еліміздің мерейін арттыра түсеріне 

сенімім мол. Жарқын жетістіктермен 

70  жылдық мерейтойын атап отырған 

университет ұжымына толағай табыс-

тар тілеймін. Жоғары білім беру және 

ұлттық ғылымды дамыту ісінде қолға 

алған бастамаларыңызға сәттілік серік 

болсын.

Қасым-Жомарт 

ТОҚАЕВ, 

ҚР Парламенті 

Сенатының 

Төрағасы:

ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНЫҢ 



(Басы 1-бетте)

Салтанатты шараға Алматы қаласы ның 

әкімі Ахметжан Сұмағұлұлы Есімов, Қазақстан 

Республикасының Парла менті Мәжілісінің де-

путаты, Қыздар уни верситетінің түлегі Оразкүл 

Асанғазы, ҚР Білім және ғылым министрі Аслан 

Бәкенұлы Сәрінжіпов бастаған ел қалаулылары 

мен ұлт зиялылары, оқу ордасының даңқты 

түлектері, профессор-оқытушылар құрамы мен 

студенттері қатысты.

Сарай алдында Қыздар университетінің 

бұрымдылары мен Радиоэлектроника және 

байланыс әскери-инженерлік институты кур-

санттары жұптасып билей жөнелгенде әсем 

шаһардың арлы-берлі ағылған жұрты демін 

ішіне алып, бір сәтке тына қалғандай күйде 

болғаны анық. Жарасымды жұптар Алматының 

ажарын айшықтай түсті.Талай жастың алғашқы 

махаббатына куә болған көрікті Көктөбеден 

қызықтай қараған жастардың қалың шоғыры 

байқалып тұрды. Респуб лика Сарайы алаңында 

жастар полонез биімен баяу ырғалғанда 

тамашалаған жұрт құдды бір Вена балын 

тамашалағандай. Би патшасы   — вальстің әуезді 

ырғағымен айнала билеген аққудай сұлу да 

көрікті қыздар мен сұңғақ бойлы, сымбатты 

жігіттер баршаға мерекелік көңіл-күй сый-

лап, тамаша әсерге бөледі. Қалықтап билеген 

әрбір жұптың бейнесін қала тұрғындары мен 

қонақтары естелікке таспаға жазып алып жат-

ты. Бүлдіршіндерін еріткен ата-аналар осынша-

ма әсемдік пен сұлулықты сыйлаған би кешін 

түсіндіріп, Алматы төрінде бұрын-соңды дәл 

сондай вальсті көрмегендіктерін жасырмады. 

ҚазМемҚызПУ мерейтойына арнайы 

ат басын бұрған отандық және шетелдік 

қонақтар, республиканың әр аймағынан кел-

ген түлектер, оқытушылар мен студенттер қала 

төріндегі әсем сарайға қарай жөнкіле көшті. 

Ғимарат ішіне кірген қонақтардың барлығы 

да Қыздар университетінің жетістіктері жай-

ында баян дайтын ақпараттарға толы стенд-

терге, талантты арулар салған картиналарға, 

70 жылдықтың құрметіне орай салынған 70 

портретке тамсана көз тастады. Тарихтың сан 

қатпарлы сырын шертетін суреттер Қыздар 

университетінің 70 жылдық жүріп өткен жо-

лын, алған асуларымен, шыққан белестерін 

айқын баяндайды. Көрмені тамашалаған әрбір 

келуші оқу ордасының қазақ қыздарының па-

расат мектебіне айналғандығына көз жеткізсе, 

түлектер өздері оқыған қарашаңырақпен қайта 

қауышып, ұлағатты ұстаздарын еске алып, 

студенттік жылдардағы Қыздар қалашығына 

сағынышпен сапар шекті. Тамырлы тарихқа 

бойлайтын көрмені Алматы қаласының әкімі 

А.С.Есімов пен ҚР Білім және ғылым министрі 

А.Б.Сәрінжіпов те қызыға тамашалады.

Тәуелсіз Қазақ елінің талай жоғары 

деңгейдегі салтанатты жиындары өткен, 

к ө п т е г е н   а қ ы н - ж а з у ш ы л а р д ы ң   ә д е б и 

к е ш т е р і   ұ й ы м д а с т ы р ы л ғ а н   Р е с п у б л и -

ка Сарайының киелі сахнасында өткізілген 

Қыздар университетінің 70 жылдық торқалы 

тойына арналған думанды жиын тек қана 

қыздардан құралған ұлт-аспаптар оркестрінің 

орындауындағы Құрманғазының «Сарыарқа» 

күйімен өз шымылдығын түрді. 

Алғаш сөз алған Алматы қаласының әкімі 

А.Есімов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың Қыздар университетіне арнайы 

жолдаған құттықтау хатын көпшілікке оқып 

берді. «Сіздерді университеттің 70 жылдық 

мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! 

Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезінде – 

1944 жылы ашылған бұл бірегей білім ұясының 

елімізде педагог кадрлар даярлаудағы алатын 

орны өлшеусіз үлкен. Осы жылдарда мұнда 

ұлтымыздың мақтан тұтар даңқты ғалым ұлдары 

мен қыздары басшылық жасап, дәрістер оқыды. 

Сондай-ақ, университеттің көптеген түлектері 

ұстаздық қызметпен және ғылыммен айналы-

сып, абырой биігіне көтерілді. Халқымыздың 

ұлттық құндылықтарын дарыту орайында көп 

жұмыстар жасалып жатқаны, университеттің 

еліміздің жоғары оқу орындары арасында үлкен 

беделге ие болып отырғаны көңілге қуаныш 

ұялатады», – деп басталатын Елбасының 

Құттықтау хатында университет ұжымының 

еңбегіне табыс тілеп, ел дамуына сүбелі үлес 

қосатынына зор сенім артқандығы туралы 

айтылған. Елбасы Н.Ә.Назарбаев дамыған 

елдердің қатарынан көріну үшін біліммен 

қатар ғылымға терең мән беру қажет екендігін 

талмай айтып келеді. Осы мақсатта универси-

тетте ғылым саласы да дәрежелі деңгейде даму 

үстінде.

Өз кезегінде сөз алған ҚазМемҚызПУ 

ректоры Д.Ж.Нөкетаева: «Алматы – білім 

мен ғылымның орталығы, мәдениеттің мәйегі 

екенін бәрі мойындайды. Біздің биылғы ме-

рейтойымыз Алматы қаласында Ахметжан 

Смағұлұлы жариялаған «Білім жылымен» 

тұспа-тұс келіп отыр. Бұл жәй кездейсоқтық 

емес деп ойлаймын. Ахметжан Смағұлұлының 

Қыздар университетіне деген ыстық ықыласын 

біз әрқашан сезініп келеміз. Еліміздің ең 

ірі мегаполисінің басшысы ер азаматқа тән 

қамқорлығын әрдайым көрсетіп, біздің 

маңызды іс-шараларымыздың басы-қасынан 

табылады. Әкімнің «Білім жылында» ұстаздарға 

та ғайындаған жеке грантының өзі ғылым-

білімге жасаған ерекше ілтипаты екені дау-

сыз» , – деп Алматы қаласы әкімі А.С.Есімовтің 

кеудесіне Қыздар университетінің дамуы-

на қосқан айрықша үлесі үшін «Ұлағат» ал-

тын медалін тағып, арнайы 70 жылдыққа 

шығарылған үш тілде жазылған күміспен 

қапталған мерейтойлық кітапты табыс етті.

Қ Р   Б і л і м   ж ә н е   ғ ы л ы м   м и н и с т р і 

А.Б.Сәрінжіпов: «Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университеті 70 жыл ішінде 

жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. ЖОО 

арасындағы түрлі рейтингтерде үздіктер 

қатарынан табылып, «Сала Көшбасшысы» 

Ұлттық сертификаты мен «Еңбек жолындағы 

тиімділігі үшін» медальдарының иегері атан-

ды. Бұл жетістіктер – ел игілігі үшін еткен 

еңбектеріңізге берілген зор баға деп білемін» 

– деп, Қыздар университетінің торқалы той-

ына орай өз ыстық лебізін білдірді. Сонымен 

қатар бас педагог 70 жылдық тойға үлкен сый 

жасады. Университет қызметкерлерін ҚР білім 

беру ісінің үздігі, ғылымын дамытуға, білім беру 

жүйесін дамытуға қосқан үлесі және қызметтік 

міндеттерін үлгілі атқарғандары үшін арнайы 

медальдармен, «Ы.Алтынсарин» атындағы 

төсбелгімен, құрмет грамоталарымен, алғыс 

хаттармен марапаттады. Өз кезегінде Аслан 

Бәкенұлына да Қыздар университетінің да-

муына қосқан айрықша үлесі үшін «Ұлағат» 

алтын медалімен марапатталып, тарту ретінде 

70 жылдыққа шығарылған университеттің 

мерейтойлық кітабы берілді. 

Динар Жүсіпәліқызы ең алғаш ҚазКСР 

Халық комиссарлар кеңесінің қаулысымен 

1944 жылы ашылған бірегей оқу ордасының 

күні бүгінге дейін атқарған жұмысы мен жет-

кен жетістіктері, басқарған ректорлары мен 

оқытушылары, даңқты түлектері, Қыздар 

университетіндей дара оқу ордасының негізін 

қалауға мұрындық болған Ж.Шаяхметов, 

Н.Оңдасыновтай ел ағаларының сіңірген 

еңбектері жайында сөз сөйлеп, ел алдында 70 

жылдықтың есебін берді — «Бүгін қасиетті қара 

шаңырақ, қазақ халқының көз айымына, пара-

сат мектебіне айналған Қыздар университетінің 

70 жылдық мерейтойынының салтанатты 

кешіне жиналып отырмыз. Қыздар универси-

теті — құ рылған күннен бастап ұлттық мәнге ие 

болған салиқалы білім ордасы. Қасиетті қара 

шаңырақ қашанда мемлекет басшылығының 

жан-жақты ерекше қамқорлығында екенін 

мақтан тұтамыз. Қазақстан Республикасының 

Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаевтың «Бір ананы тәрбиелеп 

шығу – бір ұлтты тәрбиелеумен бірдей. Бұл 

оқу орнының қасиеті сонда» деген даналық 

ойы Қыздар университіне берген мәртебелі зор 

бағасы. Оқу орны ұлт алдындағы негізгі міндетін 

абыроймен атқарып, ұлт тәрбиешілерін, 


ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

3

№10 (117)



20 қыркүйек

2014 жыл


Р Е П О Р Т А Ж

«ТӘРБИЕНІҢ ДӘНІН 

СЕБУ — МАҚСАТЫ»

Қазақстан Жазушылар одағы 

секре тариаты Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық университетінің 

ұжымын оқу орнының құрылғанына 70 

жыл толу мерейтойымен шын жүректен 

құттықтайды.

Институт ашыларда заманы-

мыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің 

«Тәңір жазса, бұл институт қазіргі 

және болашақтағы қазақ қыздарының 

ш а м ш ы р а ғ ы н а   а й н а л а д ы .   О с ы 

шамшырақтың жарық сәулесі ешқашан 

сөнбесін» деген ақ тілегі қабыл бо-

лып, ұлттық құндылықтар негізінде 

саналы тәрбиенің дәнін себуді басты 

негізге алған бұл оқу орнының қоғамдағы 

мәртебесі бүгінде расында да биікке 

көтерілді. Қыздар университеті 70 жыл 

бойы бұл үрдістен айнымай келе жатыр.

Ә р б і р   о қ у   о р н ы   қ а ш а н д а   ө з 

түлектерімен мақтанады. Кең-байтақ 

еліміздің түкпір-түкпірінде ұстаздық, 

қоғамдық және мемлекеттік қызметті 

абыроймен атқарып жүрген түлектері 

қаншама.

Атап айтқанда, ҚазМемҚызПУ-дың 

алғашқы түлегі, аты аңызға айналған 

ұстаз, Социалистік Еңбек Ері Рафиқа 

Нұртазина, Социалистік Еңбек Ері 

Рыскүл Мақатова, қазақ поэзиясының 

ақ шағаласы болып жүрген Ақұштап 

Бақтыгереева, Қазақстанның халық 

ақыны Әсия Беркенова, тіл жанашы-

ры, әзірбайжанның аяулы қызы Асылы 

Осман, қоғам қайраткерлері Шәмшә 

Беркімбаева, Зәуре Қыдырова, Мәриям 

Жүйріктаева, т.б. осы оқу орнының 

мақтан тұтатын түлектері.

Өнер мен ғылымның, білімнің алтын 

бесігіне айналған қара шаңырақтың 

мерейлі мерекесі құтты болсын. Тәуелсіз 

қазақ елінің болашағын жарқын қылар 

шәкірттер, ұлтына ұлағат сыйлар 

қыздар тәрбиелеп жатқан еңбектеріңіз 

қашанда жемісті болсын!

Нұрлан ОРАЗАЛИН, 

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, 

Қазақстан Жазушылар одағы 

басқармасының Төрағасы:

КИЕЛІ ШАҢЫРАҒЫНА – 

70 жыл

70 жыл


ұлт-аналарын, мемлекетке қажетті мықты 

кадр-ұстаздарды тәрбиелеуді басты миссиясы 

етіп, өзінің 70 жылдық тарихында осы бағыт-

бағдарынан ешқашан айныған емес». 

Жылдар өткен сайын институттың 

оқытушылар құрамы ғылыми атақтары бар 

ұлағатты ұстаздармен толығып, материалдық-

т е х н и к а л ы қ   ж ә н е   о қ ы т у - ә д і с т е м е л і к 

мүмкіндіктері арта түсті. Осылайша білім 

о р д а с ы н ы ң   б ұ ғ а н а с ы   б е к і п ,   а у қ ы м ы 

кеңейді. Бүгінгі бірегей университетті да-

мыту әрі кемелдендіру жолында Қ.Оспанов, 

Т.Мырзабекова, А.Ыбыраева, М.Сармурзина, 

К.Құнантаева, Ж.Елемесова, С.Исаев, 

С.Пірәлиев, Ш.Беркімбаева секілді білікті 

басшылар зор үлес қосты. Алғаш құрылған 

уақытта институтта небәрі 27 педагог болса, 

қазіргі уақытта киелі шаңырақта 700-ден 

астам профессор-оқытушылар жұмыс істейді. 

Жылдан-жылға профессор-оқытушылар 

әлеуеті жоғарылауда. Осындай жетістіктер 

жайында Республика сарайының экра-

нынан 3D форматымен жасалған Қыздар 

университетінің ерекшелігін айқындайтын бей-

небаян көрсетіліп, жиналған жұртты ғажайып 

күйге бөледі.

Өзіндік дара бітімімен ерекшеленетін 

білім ошағы 70 жылдық тарихында 60 мыңнан 

астам түлекке сапалы білім мен өнегелі тәрбие 

беріп, ұлт зиялыларының қатарында қазақ 

қыздарының көбеюіне үлкен үлес қосты. 

Ел жылнамасында есімдері алтын әріппен 

жазылған мыңдаған көрнекті мемлекет, 

қоғам, мәдениет, ғылым қайраткерлерін 

тәрбиелеп шығарды. Кең байтақ еліміздің кез 

келген түкпірінде ұстаздық, қоғамдық және 

мемлекеттік қызметтерді абыроймен атқарып 

жүрген түлектерінде есеп жоқ. Болашақтың 

тұтқасын ұстар ұрпақ тәрбиешілері, ұлттың 

ұйытқысы болып, еңселі еліміздің болашағы – 

өскелең ұрпақты бағып-қағып, тәлім-тәрбие 

берумен бірге, қоғамымыздың әр саласында 

қажырлы қызмет жасап, республикамыздың 

түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етіп келеді.

Елімізді спорт саласында танытып жүрген 

Қыздар университетінің ғана емес, Қазақ 

елінің мақтанышына айналған Лондон 

Олимпиадасының чемпионы Майя Манеза-

дан бастап К.Горичева, М.Елисеевалардың 

чемпиондық атақтары университетін абыройын 

асқақтатып келеді. Волейбол, футбол, самбо 

секілді спорт түрлерінен жеңімпаз қыздар 

биылғы жылы Әйелдер денсаулығы олимпиа-

дасында екінші рет чемпиондық атақтарын 

қорғап, ең белсенді, ең жылдам, ең тактикалы 

ойыншы екендіктерін дәлелдеді.

ҚазМемҚызПУ халықаралық деңгейде 

қосдипломды білім беру жүйесін қолға 

алған. Салтанатты кеште Миссиссипи 

университетінің халықаралық бағдарламалар 

жөніндегі директоры Кэти Голдэн мен Динар 

Нөкетаева қосдипломды білім беру жүйесінің 

алғашқы түлектері Қымбат Бабатаева мен 

Әсем Бахрамоваға Миссиссиппи мемлекеттік 

университетінің және Қыздар университетінің 

дипломдарын табыстады. Алдағы уақытта 

қос дипломға ие болушылардың қатары жыл 

санап арта түсетіні анық. Өйткені, былтырғы 

2013-2014 оқу жылында «педагогика және 

психология» мамандығынан 1 магистрант 

және «шетел тілі екі шетел тілі», «әлеуметтік 

жұмыс» мамандығынан 5 студент аталмыш 

бағдарламамен Миссиссипи университетіне 

аттанса, Лондонға «информатика» мамандығы 

бойынша 5 студент жіберілген болатын.

Қыздар университетін бітірген 60 мыңнан 

аса түлектерінің атынан ҚР Парламенті 

Мәжілісінің депутаты, Қыздар университетінің 

түлектері қауымдастығының төрайымы Оразгүл 

Асанғазы да сахна төрінде құттықтау сөз 

сөйледі. «Қыздар университеті – Социалистік 

Еңбек Ерін, Оқу-ағарту ісінің үздіктерін, 

мемлекет және қоғам қайраткерлерін, 

мыңдаған ғалымдарды, білікті ұстаздарды 

шығарған бірегей оқу ордасы. Бұл оқу орнын 

басқарған әрбір ректор озық университеттің 

қатарына қосу үшін, студенттердің сапа-

лы білім алып, жайлы жатақханада орна-

ласуы үшін маңдай терін төгіп, адал еңбек 

атқарды. Сондай тұлғалардың арқасында 

Қыздар университеті бүгінгі деңгейге жетіп 

отыр. Бұл киелі орда – Алматы қаласының әкімі 

А.Есімовтей, Мәжіліс депутаты Қ.Сұлтановтай 

ел ағаларының шаңырағына құт кіргізген 

жарларды, қаншама отбасында бесік тербет-

кен аналарды, мыңдаған ұрпақтың сауатын 

ашқан ұстаздарды тәрбиелейтін нағыз парасат 

мектебі», – деп, өзі тәлім алған қарашаңыраққа 

зор бағасын беріп, ықылас-ниетін көрсетті.

Бала тәрбиесіне ғұмырын сарпыған, 

халқының игілігіне, жұмысына жанын 

сала еңбек еткен азаматтар аз емес. Қыздар 

университеті түлектерінің арасында есімдері 

көпшілікке белгілі, жұртшылық құрметіне 

бөленген Социалистік Еңбек Ері, ҚазКСР-

нің еңбек сіңірген мұғалімі Р.Нұртазина, 

Социалистік Еңбек Ері, ҚазКСР оқу-ағарту 

ісінің үздігі Р.Мақатова, белгілі қоғам 

қайраткерлері З.Қадырова, А.Осман, ҚР 

Парламенті Мәжілісінің депутаты О.Асанғазы 

тағы басқа да көптеген белгілі тұлғалар бар. 

Мұндай тізімді көптеп келтіруге болады.

Қыздар университеті – 70 жылдан бері 

еліміздің әр аймағынан келген аяулы қыздарға 

әр саланың қыр-сырын оқытып, білікті ма-

ман дайындап қана қоймай, өн бойларына 

біліктілікпен қатар, ибалылық, инабаттылықты 

сіңіріп, дәстүрден таймай, әр қыздың сегіз 

қырлы бір-сырлы болуы үшін ерен еңбек 

етіп, мойындарына ұрпақ тәрбиелеу деген 

зор сенімді тапсырып келе жатқан киелі орда. 

Өйткені, білім ошағы әрбір қызға болашақта 

келін, ұрпақ анасы, шаңырақ шырақшысы, 

ұлттың келбеті деп қарайды. Сондықтан да бұл 

оқу ордасының арқалаған жүгі ауыр.

Қыздар университетінің мерейтойы-

на жүрекжарды лебізін арқалап жеткен ҚР 

Президенті жанындағы әйелдер істері және 

отбасылық демографиялық комитетінің мүшесі 

С.Б.Байқошқарова, Қазақстандағы жоғарғы 

оқу орындары ректорларының атынан Абай 

атындағы ҚазҰПУ ректоры С.Ж.Пірәлиевтер 

з о р   і л т и п а т п е н   р и з а ш ы л ы қ т а р ы н 

білдірді. 

Қазақстан Республикасы Білім және 

ғылым министрлігінің қолдауымен 2012 жыл-

дан бері АҚШ, ҚХР, Түркия және тағы басқа да 

өркениетті шет мемлекеттерден ғалымдар келіп 

дәріс оқуда. ҚазМемҚызПУ білім алушылары 

академиялық ұтқырлықты дамыту бойынша 

Англия, АҚШ, Ресей, Түркия, Польша, ҚХР, 

Германия мемлекеттеріндегі ЖОО-лардан 

тағылымнамадан өтуде. Білім ордасында 

2012-2014 жылдарға Қазақстан Республикасы 

Тұңғыш Президенті қоры қаржыландырған 

іргелі жоба жүзеге асырылды. 4 ғылыми жоба 

Білім және ғылым министрлігінің гран-

тын жеңіп алған. «ЖОО ең үздік оқытушы» 

байқауының жеңімпаздары жыл өткен сайын 

көбейіп, ғылыми-педагогикалық құрамның 

әлеуеті артып келеді. 

Қуанышты күні шетелдік қонақтар да 

қыздар арасында болды. Сахнаға Нийде уни-

верситетінің ректоры Аднан Горур, Шыңжаң 

педагогикалық университетінің Халықаралық 

мәдени байланыстар институтының директоры 

Лияң Юн, осы университеттің Халықаралық 

мәдени байланыстар институты шетелдік 

студенттерді қабылдау бөлімінің бастығы 

Нұсрет Долқын, Лондондағы басқару және 

ғылымдар академиясының директоры Асифа 

Сиддикью сынды қонақтар шығып, ыстық 

лебіздерін жеткізді.

Алматының үлкен концерттік сахнасын-

да Қыздар университетінің мерейтойлық 

гала концертінде тек қана арулар өнер 

көрсетіп, жиналған жұртшылықты таң-тамаша 

күйге бөледі. Мерекелік концертте Қыздар 

университетінің түлектері Тамара Асар, Гүлнұр 

Оразымбетова, Ұлжан Айнақұлова, Ұлбосын 

Белғозиевалар бастаған жезтаңдай әншілер 

өнерлерін көрсетті. 

Оқу ордасының қуанышында әйгілі 

«Айгүл» ансамблінің құрамында болған арда-

гер әншілер, бұл күнде Мәдениет қайраткері, 

ғылым докторлары, ұлағатты ұстаз атанған 

Галина Қарамолдаева, Сақыпжамал Ұзақбаева, 

Әйгерім Дайырбаева, Меңсұлу Искаковалар 

бас қосып, салтанатты кештің көркін қыздыра 

түсті. Атақты «Айгүл» ансамблі 1968 жылы саз-

гер Ескендір Хасанғалиевтің ұйымдастыруымен 

квартет болып құрылған. Ансамбль Кеңес Одағы 

мен алыс-жақын шет мемлекеттерге ерекше 

танылды. Жиналған жұртшылық сағынысқан 

ескі әндерді «Айгүлдіктермен» бірге қосыла 

шырқады. Қыздардан құралған ұлт аспаптар 

оркестрі, «Айгүл» ансамбілінің бүгінгі құрамы, 

«Томирис» би ансамблі, хор ән шырқап, би 

биледі. Алматы Қыздар университетінің әнімен 

әуелеп, биімен қалықтады.

Концерттік кеш Алматыға арман қуып 

келген Ажар есімді бойжеткеннің үлкен қалада 

адасуы және алғаш рет Қыздар университетінің 

табалдырығын аттауы, «Айгүл» ансамбіліне 

әнші болып қабылдануы секілді әдемі 

сахналық көріністермен көрсетілді. Студент-

тер Ажарға Қыздар қалашығын таныстырып, 

оқу ордасының 70 жылғы өмірі мен бүгінгі 

таңдағы жай-күйін сахна төрінде баян етті. 

«Тақиялы періште» кинофильмінде көрсетілген 

бірінен-бірі өтетін белсенді сұлулар бейнесі 

сахнаға қайта оралды. Жар іздеген жігітке 

Қыздар университетінің сұлулары би би-

леп, ән шырқады.  ҚР Мәдениет қайраткері, 

университет ұстазы Гүлнұр Өмірбаеваның 

орындауындағы «Қазақ қызы» әнінің тұсауы 

кесіліп, тұңғыш рет шырқалды. Бұл әннің сөзін 

70 жылдыққа арнап белгілі ақын Серік Қалиев 

және Дәрмен Смайыл жазған. 

Салтанатты кеш профессор Мұрат 

Бурунчиннің 100-ден аса қыздан құралған хорды 

дирижерлеуімен Біржан Хасанғалиевтің жеке 

орындауға «Атамекен» әнімен өз шымылдығын 

жапты. ҚР Білім беру ісінің үздігі, журна-

лист әрі этнограф Ғалия Қайдауылқызының 

жасаған режиссерлік жұмысының нәтижесінде  

барша көрермен мерейтойлық жиынның 

шымылдығы түрілгеннен бастап, ең соңғы 

ән орындалғанға дейін ерекше толғаныста 

болғаны жасырын емес. Бұл күнде бір-бір 

үйдің ардақты әжесіне айналған университет 

түлектері жастық шақтарын еске алса, тарихи 

кешке куә болғандары үшін студенттер қауымы 

да шат-шадыман күйде тарқасты. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет