Көмірсулар - негізгі энергия көзі болып табылады. Ағза 1 г көмірсу сіңіргенде, 17,2 кДж бөлінеді. Тәуліктік тұтыным мөлшері 365-400 г (оның ішінде 5, -100 г - қарапайым қанттар). Көмірсулар негізінен өсімдік тектес өнімдерде жинақталған (құрғақ өнімнің 70-80 пайызы), ал жануарларда 2 пайыз. Көмірсуларды үш топқа бөледі: моносахаридтер (қарапайым көмірсулар, оларға глюкоза мен фруктоза, жүзім не жеміс қанттары жатады), бірінші топтың полисахаридтері (сахароза, лактоза немесе қызылша, қамыс, сүтті қанттар) және екінші топтың полисахаридтері (крахмал, гликоген — малдың крахмалы, жасуша, пектин заттары). Соңғы екеуін ағза сіңіре алмағанмен, адамның күнделікті тамағына аса қажет (күніне 10-15 г).
Витаминдер (төмен молекулалы органикалық қосылыстар) суда еритін және майда еритін болып бөлінеді. Бірінші топқа - В1 тиамин, В2 рибофлавин, С аскорбин қышқылы және т.б., екінші топқа ретинол А, кальциферол В, токоферол Е т.б. енеді. Бұл заттарды адам ағзасы шығара алмайды, олар тағам өнімдері арқылы, әсіресе өсімдік тектес өнімдер арқылы келеді. Олардың адам үшін маңызы ерекше.
Ферменттер (ақуыз заттары) екі топқа бөлінеді: қарапайым және күрделі. Олар өте белсенді де мақсатты. Олар ағзадағы және тез бұзылатын заттардағы үрдістерді тежеп, не тездете алады.
Витаминдер мен ферменттер белгілі бір температурада жақсы араласады.
Органикалық қышқылдар (алма, лимон т.б.) өнімнің дәмін анықтап, сақталуына игі әсер етеді.
Су - тез бұзылатын өнімдердегі ең көп элемент. Өсімдік тектес өнімдерде су өте көп.
Тез бұзылатын өнімдердегі барлық сұйықтық сыртқы жасушалық және ішкі жасушалық (қан, лимфа) болып бөлінеді. Су байланысты және еркін күйде болуы мүмкін. Еркін су өнімнен оңай бөлініп, оңай сіңіріледі.
Минерал заттар ағза үшін өте маңызды. Олар сүйек құрамына, сондай-ақ органикалық заттардың құрамына енеді.
Темір гемоглобин мен бірқатар ақуыздарда кездеседі; күкірт, фосфор бірқатар органикалық қосылыстардың құрамына енеді /2/.
Тез бұзылатын өнімдердің физикалық қасиеттері механикалық және жылу физикалық құрам болып бөлінеді. Механикалыққа: өнімнің тығыздығы; бұл барлық тез бұзылатын өнімдер үшін 850-1070 кг/м 3 құрайды. Тығыздық дегеніміз өнім массасының оның көлеміне қатынасы. Қатырған кезде өнімнің тығыздығы кішірейеді (5-8 %), себебі ұлпалардағы су мұзға айналып, массасы өзгермегенмен, көлем артады;