Тақырыбы: Тұлғаның даму,тәрбиелеу және қалыптасу заңдылықтары


Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы



бет2/3
Дата05.04.2023
өлшемі117,72 Kb.
#79459
1   2   3

Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы.

  • Даму дегеніміз- төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарвай қозғалыс.Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң, дене жағынан үлкейеді, яғи оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молайады. Бала көптеген әлеуметтік- тұрмыстық және моралдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Даму – бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі, көптеген әлеуметтік – тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді игереді. Бірақ адамның жеке адам болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалы өзгерістер. Оны мына мысалдардан түсінуге болады: тілдік қызметтің жіктелуі адамның танымдық қабілетін арттырады, сезімдік аймағын кеңейтеді. Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды, өмірге деген қөзқарас пен наным – сенімдер орнығады. Еліктеушілік мінез – құлық бірте – бірте белсенді – жасампаз, шығармашылық іске ауысады, өз қылық – әрекетін басқара алу мен өзіндік билік қабілеті көркейеді. Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.

Жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік педагогтің ролі

  • Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым–қатынасы философия, психология, педагогика, тарих т.б. қоғамдық ғылымдардың көптен айналысып жүрген көкейкесті мәселелері. Жеке тұлға деген не, оның тұлғалық ерекшеліктері неге байланысты, әр адамның айналасын танып білуінің сыры неде деген мәселелерге тоқталамыз. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымының, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға. Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Өзіне немқұрайды қарайтын кейбір қоғам мүшелері басқалар қалай өмір сүрсе, мен де солай өмір сүремін деген принципті ұстанғанымен, шын мәнінде өмірде олай емес. Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз – ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет