Тақырыбы:Қазақ ұлтының қалыптасуы: кезеңдері мен ерекшеліктері(реферат)


Қазақ шежіресі бойынша Ұлы жүз мынадай тайпалардан тұрады



бет4/5
Дата06.10.2023
өлшемі95,36 Kb.
#113290
түріРеферат
1   2   3   4   5
Қазақ шежіресі бойынша Ұлы жүз мынадай тайпалардан тұрады:
сарыүйсіншапыраштыошақтыыстыалбансуандулатсіргеліқаңлыжалайыршанышқылы. Ұлы жүз тайпаларының негізгі таралған аймағы — Жетісу, Шу, Талас өңірлері, Қаратау, Сырдарияның орта ағысы. XIX ғасырдың аяғында Ұлы жүз қазақтарының саны 700 мыңдай болды.
Орта жүз тайпалары алты атадан тұрады (оларды "алты арыс" дейді):
арғыннайманқыпшаққоңыраткерейуақ. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Орта жүз тайпаларының жан саны мөлшермен 1 млн 350 мыңдай болды. Ал Қытайдағы, Монғолиядағы керей, уақ, наймандарды қосқанда, 1 млн 500 мыңнан астам болған. Орта жүз тайпаларының жайлаған аймағы — Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстанда Сырдарияның жоғарғы және орта ағысы аймағы. Орта жүздің арғын, найман тайпалары Жетісудың солтүстік-шығысында, Шу өзені мен Сыр өзенінің аралығында әр жерде шоқ-шоқ болып та жайғасқан.
Кіші жүз тайпалары
Кіші жүз қазақтарына: байұлыәлімұлыжетіру деп аталатын үлкен үш тайпалар одағы кірді. Кіші жүз қазақтарының жері бүкіл Батыс Қазақстан аймағын алып жатыр. Шығыста Тобыл, Торғай, Ырғыз өзендері мен Мұғалжар тауларынан батысында Каспий теңізі мен Еділдің орта, төменгі ағысына дейінгі жерді, оңтүстігінде Сырдың орта, төменгі ағысы мен Маңғыстау түбегі, Үстірттен солтүстігінде Тобыл, Жайық өзендеріне дейінгі аймақты алып жатты. Кіші жүз қазақтарының XIX—XX ғасырлар шегіндегі саны 1 млн 200 мың адам болды.
1801 жылы патша өкіметі 5 мың қазақ шаңырағын Жайық пен Еділ өзендерінің арасына көшірді. Бұл жерде Бөкей ордасы құрылды, ол 1812 жылы Бөкей хандығы деп, ал 1845 жылы Ішкі орда деп аталды. Осы Ішкі ордада XIX ғасырдың ортасына қарай адай, алаша, байбақты, беріш, жаппас, есентемір, ысық, қызылқұрт, кете, масқар, ноғай, жетіру, таз, тана, төлеңгіт, шеркеш руының адамдары тұрды. XIX ғасырдың соңына қарай қазақ халқы бүгінгі Қазақстан жерінің барлық аумағын алып жатты, тіпті одан тыс көршілес аймақтарда да таралды. Мысалы, Орта жүз қазақтарының кейбір топтары Монғолия, Жоңғария, Батыс Сібір және Орталық Азия жерлерінде де тұрды. Кіші жүз қазақтары оңтүстік-шығыс Еуропа жерлерінде, Орал тауы маңында, Орталық Азияда да тұрды. Ұлы жүз қазақтарының кей топтары Жоңғария, Шығыс Түркістан және Орталық Азия жерлерінде де өмір сүріп жатты. Сөйтіп, Қазақстан жерінде аса бай тарихы бар, мықты халықтардың бірі қазақ халқы қалыптасып, өз хандықтарының ірге тасын қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет