Тақырыбы:«Ұлтты тану – ұрпақ борышы» Мақсаты: 1



бет1/3
Дата06.04.2023
өлшемі43,51 Kb.
#79926
  1   2   3
Байланысты:
Ұлтты тану 4 с тәрбие


Тақырыбы:«Ұлтты тану – ұрпақ борышы»
Мақсаты: 1. Оқушыға қазақ елінің тарихы, мәдениеті, ұлттық құндылықтары, дәстүр – салты, айтулы тұлғалары жайлы ақпарат беру.
2. Жас ұрпақ бойында тәуелсіздіктің ел өмірінен алар орны, Қазақстанның өткені мен бүгініне қысқаша шолу жасап, Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін, жауапкершілік қасиеттерін дамыту.
Амандасу. Ұйымдастыру.
Тәрбилік іс-шара бес бөлімнен тұрады.
1. «Бойтұмар»,
2. «Баба дәстүр»,
3. «Ата тарих»,
4. «Тұлға»,
5. «Ел болашағы – біздің қолымызда» атты бөлімдерден құралады.
І. Бойтұмар бөлімі
Жүргізуші: Бойтұмар – қазақ халқында қасиетті нәрсе. Сондықтан оны әр адам көздің қарашығындай сақтап, жанынан тастамай, қастерлеп ұстаған.
Ендеше осы Бойтұмар бөлімінде айтылған ұғымдарды жас ұрпақ бойға тоқып, жүректе жаттап, қаншалықты құрметтесе, соншалықты өз елінің лайықты азаматы бола алады.
Атап айтсақ, дінімізді сақтау, ұлтымызды, мемлекетімізді қорғау, мақтан ету, ана тілімізді дәріптеу, ең бастысы тәуелсіздігімізді бағалау – біздің қасиетті бойтұмарымызға айналуы тиіс.
Медина:
Үміт күтіп өр кеуделі жастардан,
Айбатынан жау сескеніп, жасқанған.
Ұрандатып, бірлікке елді шақырған
Қазақ ұлты – алты алаштан басталған.
Қазақ осы – ұятты күшті өлімнен,
Талай ғасыр ерлігімен көрінген.
Елін, жерін дұшпанына таптатпай
Ұлы, орта, кіші жүзге бөлінген.
Мағжан:
Ұлтын, халқын өмірінің мәні еткен,
Қилы заман, асулардан сан өткен.
Қасым, Есім, Тәуке,Абылай, Керей мен
Жәнібек, Жәңгір тағы талай хан өткен.
Тәуелсіздік таңы арайлап атқанын,
Көрді ұрпағы бақыты мол шақтарын.
Сан мың ұлттың басын қосқан бірлікпен
Қазақстан – тәуелсіз ел, мақтаным.
Айзере:
Елдігімді үлгі тұтар баламын,
Тот баспайтын сынығындай алтынның.
Келген бізге ақ сүтімен ананың
Қазақ тілі – ана тілі халқымның.

Жақсылық:


«Алға қазақ!»заманыма тән ұран,
Бойтұмар қып, тәрбиелік мән ұғам.
Ата заңым, ұлттық теңгем, рәмізім
Көк байрағым, елтаңба мен гимн.

Бойтұмар бөлімінде елтаңба, гимн және тудың авторларын атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет