Гимн авторлары: Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков.
Елтаңба авторы: Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов
ІІ. «Баба дәстүр» бөлімі
Жүргізуші: Дәстүр – белгілі бір ұлттың, халықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан, тарихи қалыптасқан, әлеуметтік ортадағы мәдени – тұрмыстық құндылықтар. Осы құндылықтарды тереңірек біліп, күнделікті өмірде қолдану, сақтау – өскелең ұрпақтың басты парызы.
Холид:
Егемендік – ел тірегі, азат күн,
Ұрпағына ұлы мұра, ғажап күн.
Бабалармен бірге болған сан ғасыр
Ұмытылмас салт – дәстүрі қазақтың.
Аружан:
Алтын – күміс әшекеймен бағы бар,
Ұлттық киім, ою – өрнек жағы бар.
Төл мейрамы, мерекесі елдіктің
Әдет – ғұрып, ырымдары тағы бар.
Ажар:
Ер жігітке көкпар тарту – басты арман,
Алтыбақан – шыққан өнер жастардан.
Отбасылық талай думан, мереке
Шілдехана, бесік тойдан басталған.
Назерке:
Қайран дала, талай батыр таптаған,
Бастан өткен қилы заман, ақ табан.
Қазақ осы – зергер, ұста боп қоймай
Қыран, тазы, жүйрік тұлпар баптаған.
Салт дәстүр бейнеленген, бірақ бірнеше бөлікке қиылған сурет таратылады. Топтар берілген суретті құрастырып, шыққан суреттегі салт-дәстүр туралы айтады.
ІІІ. «Ата тарих» бөлімі
Жүргізуші:Тарих – еліміздің өткен өмірі, жүрген жолы. Сол тарихқа жүгінсек, ата – баба армандаған тәуелсіздікке қол жеткізу – өз жолымызды тауып, көшімізді түзеуге мол мүмкіндіктер ашты.
Арнұр:
Жоңғарлар тұтқиылдан жай тастады,
Бөгенбай қарсы шығып ойқастады.
Ерекше орын алды тарихымда
Бұланты, аңырақай шайқастары.
Патшалық кезең болған тағы мықты,
Пенделер атаққұмар жағыныпты.
Ресей құрамында Қазақстан
Орталық саясатқа бағыныпты.
Ұлар:
Зиялы қауымға ұран тастағандар,
Жанқожа, Есет – жауын жасқағандар.
Исатай,Махамбет пен Сырым батыр
Азаттық қозғалысын бастағандар.
Аяжан:
Кеңестік билікке жұрт көнген жылдар,
Бетке ұстар талай боздақ сөнген жылдар.
Саяси қуғын – сүргін, ашаршылық —
Қасірет ел басына төнген жылдар.
Аружан:
Отаршылық – дәуірдің тас қамалы,
Елдің үміт – сенімін жасқамады.
Тәуелсіздік – ызғарлы желтоқсанда
Құрбан болған жастардан басталады.
Бағдәулет:
Ақындары жыр дастан жаза алатын,
Ардақтаған айбынды азаматын.
Тәуелсіздік – ұлтымның мақтанышы,
Мойындатқан әлемге қазақ атын.
Достарыңызбен бөлісу: |