Тақырыбы:«Ұлтты тану – ұрпақ борышы» Мақсаты: 1



бет3/3
Дата06.04.2023
өлшемі43,51 Kb.
#79926
1   2   3
Байланысты:
Ұлтты тану 4 с тәрбие

Видеоролик көреді.


ІV. «Тұлға» бөлімі
Жүргізуші: Халықтың ел болып жасамағы, ұлт болып өсіп – өркендеуі сол елдің өз ішінен шыққан тарихи тұлғаларға байланысты.
Әр ғасырда жарқ етіп көрінген елді сөзімен ұйытқан, ерлігімен таңдандырған, еңбегімен дамытқан, көш бастаған тұлғалар – ақыны да, батыры да, қоғам қайраткерлері де бәрі халқының болашағы үшін игілікті іс атқарғандар.
Меруерт:
Көріпкел, әрі күйші баба болған,
Жерұйық іздеп елге пана болған.
Он бесінші ғасырда Асан қайғы
Халық қамын ойлаған дана болған.
Ерасыл:
Өнердің өшпес ізін салдырғандар,
Қолына домбыраны алдырғандар.
Тәттімбет, Құрманғазы, Дина әжеміз
Күйші боп мол мұрасын қалдырғандар
Темірлан:
Өнерлі өрге жүзер салтымызда,
Еңбегі мәлім мынау жалпыңызға.
Шәкәрім, Абай, Шоқан, Ыбырай мен
Жамбыл бар жүз жасаған халқымызда.
Жүргізуші: Енді өздеріңе таныс жекелеген тұлғалар туралы не білесіңдер?
Әр топ үй жұмысы ретінде берілген биылғы жылдың ерекшеліктері, атақты тұлғалар туралы жинаған мәліметтері туралы айтады.
Тақтада тағы да тұлғалар туралы мәлімет шығады.


«Ел болашағы біздің қолымызда» бөлімі ( Ой бөлісу, білімді бекіту бөлімі)
Жүргізуші:Міне, Тәуелсіздікке арналған тәрбие сағаты өз мәресіне жақындап қалды. Соңғы бөлімнің мақсаты осы шараға қатысқан оқушылардың өзіндік пікірін, қоғамға қатысты қөзқарасын, дүниетанымын байқау.
Топтарға сұрақтар таратылады:

Туған жер неліктен ыстық адамға, несімен қымбат? Туған ел, жер туралы қандай мақал – мәтел білесің?


«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген даналық сөздің мән мағынасы неде?

«Жақсы дос – жан азығы» дегенді қалай түсінесің? Достық туралы мақал айт.


Отбасындағы әке мен ананың рөлі қандай?

Қазақтың қонақжайлық қасиеті туралы не айтар едің ?


Киіз үй түрлері мен атаулары қандай?
Жұмбақ:
Төбедегі көзінен,
Күн сәулесі түседі.
Бұрышы жоқ төрінен,
Самал еркін еседі.

«Атадан жеткен асыл сөз» айдарымен интерактивті тақта арқылы немесе басқа да заманауи жаңа техникаларды пайдаланып экраннан әр бөлім атауларын және төменгі сөздерді көрсетіп отыру.


«Тіл – қай халықтың болсын басты белгісі.»
Ш. Уәлиханов
«Рухани әлемі кең, рухы берік ел – қайсар ел. Ондай елді ешкім жеңе алмайды. Рухы сынған, рухани жүдеген елді жеңу де жеңіл.»
Ш. Мұртаза
«Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық.»
Н. Назарбаев
«Бостандыққа апарар жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана.»
Ә. Бөкейхан
“Сатай батыр атындағы орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 4 б сыныбымен “Ұлтты тану-ұрпақ борышы” тақырыбында
өткен тәрбие сағатына жазылған
Анықтама
4 сыныбымен “Ұлтты тану-ұрпақ борышы” тақырыбында сынып сағаты өтілді. Тәрбие сағаты «Бойтұмар», «Баба дәстүр», «Ата тарих», «Тұлға», «Ел болашағы – біздің қолымызда» атты 5 бөлімдерден құралды.
Бойтұмар бөлімінде айтылған ұғымдарды жас ұрпақ бойға тоқып, жүректе жаттап, қаншалықты құрметтесе, соншалықты өз елінің лайықты азаматы бола алады.Атап айтсақ, дінімізді сақтау, ұлтымызды, мемлекетімізді қорғау, мақтан ету, ана тілімізді дәріптеу, ең бастысы тәуелсіздігімізді бағалау – біздің қасиетті бойтұмарымызға айналуы тиіс деп оқушылар жаттаған өлеңдерін айтып, елтаңба, гимн және тудың авторларын атады.
«Баба дәстүр» бөлімінде дәстүр – белгілі бір ұлттың, халықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан, тарихи қалыптасқан, әлеуметтік ортадағы мәдени – тұрмыстық құндылықтар. Осы құндылықтарды тереңірек біліп, күнделікті өмірде қолдану, сақтау – өскелең ұрпақтың басты парызы. Бұл бөлімде салт дәстүр бейнеленген, бірақ бірнеше бөлікке қиылған сурет таратылды. Топтар берілген суретті құрастырып, шыққан суреттегі салт-дәстүр туралы айтты.
«Ата тарих» бөлімінде Тарих – еліміздің өткен өмірі, жүрген жолы. Сол тарихқа жүгінсек, ата – баба армандаған тәуелсіздікке қол жеткізу – өз жолымызды тауып, көшімізді түзеуге мол мүмкіндіктер ашты деп тақырыпқа байланысты видеоролик көріп, көргендері бойынша өз ойларын айтты.
«Тұлға» бөлімінде халықтың ел болып жасамағы, ұлт болып өсіп – өркендеуі сол елдің өз ішінен шыққан тарихи тұлғаларға байланысты.Әр ғасырда жарқ етіп көрінген елді сөзімен ұйытқан, ерлігімен таңдандырған, еңбегімен дамытқан, көш бастаған тұлғалар – ақыны да, батыры да, қоғам қайраткерлері де бәрі халқының болашағы үшін игілікті іс атқарғандар деп әр топ үй жұмысы ретінде берілген биылғы жылдың ерекшеліктері, атақты тұлғалар туралы жинаған мәліметтерін айтты. Тақтада тұлғалар туралы мәлімет көрсетілді.
«Ел болашағы – біздің қолымызда» бөлімінде қорытындылау мақсатында әр топқа бүгінгі тақырыпқа байланысты жазылған сұрақтар таратылды. Топтар ақылдасып, сұрақтарға жауап берді.
«Атадан жеткен асыл сөз» айдарымен интерактивті тақта арқылы экраннан атақты тұлғалардың айтқан нақыл сөздері көрсетіліп, оқушылар оқып, мағынасын ашты.
Анықтама жазған: Сегізбаева С. Ұ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет