ОРАЛ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогтердің жобалық-инновациялық қызметі »
тақырыбында өңірлік вебинарының
Баяндама тақырыбы: «Жаңа ақпараттық технологиялар мен инновациялық әдістерді арнайы пәндерді оқытуда ұтымды пайдалану»
Дайындаған: ОАТК арнайы пәндер
оқытушысы Г.К.Ищанова
Орал,2022
Қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі - оқу үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу, білім беруді ақпараттандыру болып табылады. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз - білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асыруда негізгі құрал компьютер болып табылады. Компьютер - білім беру ісіндегі бұрын шешімін таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкіндік беретін зор құрал.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл студенттерге өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына мүмкіндік береді. Ол үшін оқытушы өткізетін сабағында студенттің сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім беруі керек. Бұл оқытушыға шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Жаңа ақпарттық технологияны сабақта пайдаланудың тиімділігі студенттердің еркін ойлауына мүмкіндік береді, ақыл - ойын дамытады, шығармашылық белсендігін арттырады, ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді; жан - жақты ізденушілігін арттырады. Заманауи ақпараттық құралдармен және инновациялық әдістермен жұмыс істеу студенттерді ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.
Оқытудың инновациялық әдістері мен ақпараттық технологияларды пайдалану – педагогикалық іс- әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты- коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.
Қазіргі кезде сабақтарды ақпараттық технология мен кіріктірілген оқыту технологиясын байланыстыра өту өте тиімді нәтиже береді. Мұнда компьютерді оқытушы косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады.
Мұндай мәліметтерге физикалык және математикалық формулалар, физикалык және математикалық шамалар, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалык кұбылыстардың динамикалык бейнесі және т.б. жатқызуға болады.
Сонымен бірге ақпараттық технологияларды математика, физика, информатика сабақтарында жаңа тақырыпты өткенде, өзіндік жұмысты тексеру кездерінде, аралық және қорытынды бақылау сабақтарында қолдану өте тиімді. Сабақ кезінде слайд - фильмдерді, бейне-сабақтарды пайдалану дәстүрлі әдістермен салыстырғанда, сабақтың көрнекілігін, тиімділігін, ақпараттың өте жоғары деңгейін қамтамасыз етеді және уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен, ақпараттық технологиялар мен инновациялық әдістерді біріктіріп білім беру студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыруға және ақпараттық сауатты болып өсулеріне ықпал етеді.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың өзіндік ережелері бар: мультимедиялық кұрылғыларды қолдану, арнайы оқу үрдісіне қолданылатын кейбір программаларды игеру, ғаламтор желісінің ұсынған түрлі мүмкіндіктерін пайдалану. Қазіргі таңда техникалылық және кәсіптік білім беру ұымдарында барлығы дерлік бұрынан немесе пандемия әсерінен онлайн оқыту бағытында жұмыстануда.
Осыған байланысты оқытушы мен студентерге заман талабына сай инновациялық және ақпартаттық технологияларды қолдану талаптары жүктелді.
Нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен де білім беру мазмұны жаңаруда. Олай болса, оқыту технологиясын жетілдірудің жаңа үрдістік біліктері мен ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуына – ауызша және жазбаша, теле және радиобайланыс қазіргі заманғы компьютерлік құрылғылар маңызды роль атқарады. Қазір уақытта оқыту саласын ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдаланбай өткізу мүмкін емес. Әсіресе, техника және технологиялар бағытында мамандарды дайындау үшін өтетін пәндерді оқыту кезінде ақпараттық технологиялар тиімді көмекші құрал болып табылады.
Барлық техникалық мамандықтың іргетасын қалыптастыруға және арнайы пәндерді игеруде әртүрлі ақпараттық технологияларды оқыту маңызды болып табылады. Сол себепті арнайы пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды қолдану арқылы студентердің өз мамандығын түсінуге бағыттаймыз. Ақпараттық технологияны енгізу- пәнді оқуға деген қызығушылықты арттырады және виртуалды тәжірибені қолдану арқылы демо-эксперименттің мүмкіндіктерін кеңейте отырып, студенттерге дамыған бейнелі ойлауды, талдау, салыстыру қабілеттерін калыптастырады.
Орал ақпараттық технологиялар колледжі «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарын даярлаудамыз. Біздің колледж МЖМБС аясында Казақстанның барлық колледждерін академиядық академиялық дербестік берілетінін назарға ала отырып, әлеуметтік серіктестермен жұмыс берушілермен бірлесіп Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім бағдарламасы әзірленді. Соған байланысты арнайы пәндер оқытушыларынан көлемді жұмыс күтіледі. Өйткені-білім беру бағдарламасын оқытудың мақсаттарын, нәтижесі мен мазмұнын, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау критерийлерін қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біріңғай кешені, бұл өз кезінде педагогтың жоғары біліктілігін, тиісті саладағы жұмыс тәжірибесін, сондай-ақ қазіргі еңбек нарығында өзгермелі экономикалық салаға биімделуді талап етеді.
Осыған орай колледждің әлеуметтік серіктестердің талабына сай 18 оқытушы «ЕТ» ПЦК оқытушылары ЖШС «ІТ Group Kazakhstan» ЖШС «TRISTAR», «Фирма Сервис+» компанияларында 01.11-19.11.2021 аралығында «Веб дизайн» бағыты бойынша қайта даярлау курсынан өтті.
Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту мақсатында жыл сайыс елімізде WorldSkills чемпионаты өткізіліп отырады. Осы орайда колледжіміздің намысын қорғап «Web бағдарламалау», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Фотография», «Бейнеөндіріс» құзыреттіліктері бойынша өңірлік, ұлттық чемпионаттында өз білімдері мен дағдыларын көрсете отырып, өз құзыреттіліктері бойынша үздіктердің үздігі болып, «Web дизайн» Юсупов Руслан алтын медаль иегері атанды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жастар жылының ашылу салтанатында жарияланған тапсырмасына сәйкес «Жас маман» жобасы жүзеге асырылуда.
«Жас маман» жобасы «Жастар – Ел тірегі» ұлттық жобасының құрамына кіреді. Жобаның негізгі мақсаты – сұранысқа ие өнеркәсіптік және сервистік 100 мамандық бойынша 180 колледж бен 20 ЖОО жаңғыртуды және білікті мамандарды даярлауда халықаралық тәжірибені енгізу болып табылады.
Жобаның мақсаты — сұранысқа ие өнеркәсіптік және сервистік мамандықтарды жаңғыртуды және білікті мамандарды даярлауда халықаралық тәжірибені енгізу болып табылады.
Орал ақпараттық технологиялар колледжі үздік әлемдік стандарттар мен тәжірибеге, соның ішінде WorldSkills стандарттарына сай еңбек нарығының сұранысына сай кадрларды дайындау мақсатында, 2021 жылы «Жас Маман» жобасын жүзеге асыру аясында колледжіміз WorldSkills IT құзыреттіліктерін дамытуда
Есептеу техникасы және аппараттық қамтамасыз ету;
Механикалық өңдеу, аспап жасау және өнеркәсіптік автоматтандыру;
Аудио және бейнежазбаларды өңдеу құрылғылары заманауи материалды-техникалық жабдықтар алынған болатын.
Қазіргі уақытта «Жас маман» жобасы аясында оқу процесін жаңарту, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін қайта даярлау, сондай-ақ мамандықтар бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес оқытуда Festo компаниясы Казань қаласынан келіп, «Мехатроника станциясы», «Мобильді роботехника WorldSkills», СISCO компаниясы «Желілік және жүйелік әкімшілеу», Алматы қаласынан Dell компаниясы «Сервер», «Плоттер», «Лазерлік және ЧПУ станоктары», «Виртуалды шлемдер мен графикалық планшеттер», «Моноблок Apple iMac», «3D принтер», «Аудио және бейнежазбаларды өңдеу» бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізді.
Инновациялық әдістерді қолданудың ерекешеліктері:
-жаңа білім алудың белсенді тәсілдері;
- оқуға деген белсенділіктің жоғары деңгейін игеруге мүмкіндік беруі;
-оқуда білім алушылар үйрене алмайтын жағдайларды оңай меңгеруі;
-шығармашылық қабілеттерін ынталандыру және теориялық білімді күнделікті өмір практикасына қолдануда көмектесуі.
Қазіргі қоғамның алдында тұрған алуан түрлі, күллі көкейтесті міндеттердің қатарында жаңа технологиялық революцияны сапалы түрде түсініп, тиімді жүзеге асыру. Күнделікті тәжірибеде оқытушы мен студенттің бір бірімен ақпарт алмасуы және оны пайдалануда әдіс тәсілдер өте көп.
Қазіргі кезде инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы студенттің ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Атап айтатын болсам, «Есептеу техникасы» пәндік циклдік комиссиясының арнайы пәндерді оқытуда бірнеше технологиялар түрлерін қолданып жүр. Олар: интерактивті тақта, YouTube каналдарында іс- тәжірибесімен бөлісу, «My Test» тестілеу бағдарламасы, Picktochart, Canva, Discord, iSpring, Online test pad, learnis, LearningApps.org платформаларын, сонымен қатар онлайн тестілеу бойынша Google Forms, Kahoot.it және Socrative.com сайттары, Робототехника, 3D принтер жұмыстану өте жақсы нәтиже беруде. Сонымен қатар оқытушылар арасында оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу-әдістемелік кешендерін құру кеңінен тарады.
Сонымен, ақпараттық технологиялар мен инновациялық әдістерді біріктіріп білім беру студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыруға және ақпараттық сауатты болып өсулеріне ықпал етеді.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Инновациялық технологиялар: Сарбасова Қ.А. Алматы,2006.
2. «Төртінші индустриялық революция» Клаус Шваб. Астана 2018
3. Физика және астрономия – журналы, № 4-6, 2017ж
4. Досжанов Б.А. Мультимедиа және оның техникалық құрамы. Оқу
құралы. –Қызылорда:ҚМУ, 2004, -81 б.
5. Вымятнин В.М., Демкин В.П. и др. Мультимедиа-курсы: методо-логия и
технология разработки. -Томск, 2003. -265с.
Достарыңызбен бөлісу: |