135
еңбектерінде ғалымның әдістемелік мәселелерді кеңінен толғап, әдістеме іліміне қарай бетбұрыс
жасағандығын байқауға болады. Профессор Ф.Ш.Оразбаеваның тіл теориясы мен әдістеме ғылымындағы
лингвистикалық және методикалық зерттеулерінің арнасы кең ғалымдардың қатарына жатады. Біз бұл
мақаламызда ғалым зерттеулерінде терминдік бірліктердің қолданысы мен терминжасам мәселелеріндегі
ұстанымына тілдік тұрғыдан талдау жасауды жөн көріп отырмыз.
Жалпы ғылыми кеңістіктегі ғылым салалары үшін термин мәселесі қай кезде болмасын өзекті мәселе
болып қала берері анық. Ол мейлі қоғамдық-гуманитарлық немесе жаратылыстану, яки техникалық
немесе медициналық сала болсын бәрібір. Қай ғылым саласы болмасын термин мәселесі ешбір уақыт
хронологиясына қарамастан, күн тәртібінен түскен емес. Әсілінде термин сөздер қай уақытта болмасын
күн тәртібінен түспеуінің өзін табиғи құбылыс. Себебі, ғылымдағы ғылыми-техникалық прогресс үнемі
даму үстіндегі динамикалық үрдіс болғандықтан, термин қолданысы ғылым дамуы мен қоғамдық
қатынастардың жаңаруымен, ондағы өзгерістерге байланысты, жаңа мәселелердің уақыт өткен сайын
туындап отырады.
Профессор Ф.Оразбаева зерттеулеріндегі терминдер мәселесіне көз жүгіртер болсақ, ғалым
еңбектеріндегі терминдер ең алдымен ұлт тілінің негізінде жасалғандығын бірден аңғаруға болады. Оны
біз ғалымның жоғарыда атап өткен шоқтықты шығармасы (зерттеуі) «тілдік қатынас» атауынан бастап,
лингвистикалық зерттеулерінің өн бойындағы терминдердің ұлттық тілдің аясында жасалғандығынан
көрінеді. Ал ғалымның бұл жолды таңдауы кездейсоқ құбылыс емес. Ол ұлт баласының ұлт тілі
алдындағы туабітті борышынан туғандығы анық. Жалпы қазақ баласына ұлтты сүюдің ұлы жолын «ұлт
руханиятының көсемі» Ахмет Байтұрсынұлы салып берді десек асылық айтқандық болмас. Профессор
Ф.Оразбаева зерттеулеріндегі терминдердің ұлт тіліндегі қолданысына Алаштың ардақтылары
А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шонанов секілді көптеген
асылдарымыздың еңбектері бағдаршам болғандығын бірден аңғаруға болады.
Ғалымның айтулы еңбегінің атауы «тілдік қатынас» немесе «тілдік қатысым» бұл күндері қалыпты
қолданыстағы терминге айналып кеткендігі анық. Ал бұл термин жалпы тіл білімінде
«языковая
Достарыңызбен бөлісу: