Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет155/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   277
Байланысты:
1 2019

 
Оқу  кітабында  ауызша  оқуға  арналған  түрлі  тақырыптық  мәтіндер  берілген.  Ол  мәтіндер 
қатысымдық, танымдық, елтанымдық, лингвомәденитанымдық, т.б, бағыттарды қамтыған. Егер біз қазақ 
тілін  мемлекеттік  тіл  деңгейінде  жедел  үйреткіміз  келсе,  онда  оны  қарым-қатынас  жағдайында  үйрету 
қажет (Бұл да Ф.Оразбаеваның зерттеу нәтижелерінен туындаған көзқарастар). Яғни мәтінедерді игертуге 
берілген  тапсырмалар  да  оның  негізгі  қасиеттерімен  қарым-қатынас  процесіне  жақын  болатындай  етіп 
ұйымдастырылуы  керек  деген  идеяны  ұсынған.  Бұл  оқу  кітабының  ерекшелігі:  біріншіден,  әр  тіл 
үйренушінің жеке басы ескерілген. Олар бір-бірінен өздерінің білім беру және тілдік әрекеттерді орындай 
алу  қабілеттерімен,  жеке  ерекшеліктерімен  -  жеке  тәжірибесімен,  белгілі  бір  сезімдер  мен  эмоциялар 
жиынтығымен, қызығушылықтарымен, ұжымдағы мәртебесімен  ерекшеленеді. Екіншіден, қатысымдық 
тұрғыдан тіл үйрету оқу процесінің лингвистикалық бағытында көрінеді - қарым-қатынас құралы ретінде 
ауызша сөйлеуді практикалық иемденудің жолы ретінде қарастырған. Үшіншіден, мәтіндегі ақпараттар 
тілдік қарым-қатынасты өмірлік тәжірибемен байланыстырған. Төртіншіден, қатысымдық жағдаяттарды 
қамту арқылы тілді үйретудің шынайы жолдарын көрсете білген. Яғни коммуникативтілік оқу процесінің 
үнемі  жаңалығын  білдіреді  -  бұл  тілдік  жағдаяттардың  жаңалығы;  қолданылатын  материал;  сабақты 
ұйымдастыру; жұмыс объектілерінің алуан түрлілігі.  
Келесі кешен  – бақылау  тестері.  Бақылау тестері кешеннен алған білім мен меңгерген  сабақтарды 
тест  тапсырмалары  арқы  игертуді  мақсат  еткен.  Өздеріңізге  белгілі  болғандай,  бүгінгі  таңда  Болон 
процесіне  енгеннен кейін білім  беру жүйесінде  елеулі өзгерістердің  орын алғанын тәжірибе  көрсетуде. 
Соның бірі бүгінгі таңда аралық, қорытынды бақылаудың тест тапсырмалары арқылы жүзеге асуы. Бұл да 
тіл үйренушіге алған білімін тексеруге, сараларуға, жүйелеуге үлкен септігін тигізері анық. Ал енді осы 6 
деңгейден тұратын кешеннің барлық оқу-әдістемелік құралдарының бір жүйеге жинақталуы, электронды 
оқулық  арқылы  берілуі  -  ол  да  заманауи  инновациялық  білім  берудің  бір  процесі  екендігі  еш  дау 
тудырмас.  
Егер  ғалым,  әдіскер-ұстаз  Ф.Оразбаева  ұсынған  инновациялық  бағыттағы  осы  кешендерді  қолдану 
арқылы тіл үйрететені болсаңыз, нәтижесі жоғары болатындығы сөзсіз. 
 
Қорыта келгенде, инновациялық бағытта жазылған кешен мұғалімге  керемет көмек  болатын  еңбек. 
Бүгінгі нарық заманы бізден бәсекеге қабілетті болуымызды, дамыған отыз елдің қатарынан көрінуіміз 
үшін білімді де озық ойлы азаматтарды тәрбиелеуімізді талап етеді. Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді 
үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа 


141 
халықтардың  дәстүрлері  мен  мәдениетін  зерттеуіне  және  қабылдауына  жағдай  жасау  керек,  яғни 
полимәдениетті  тұлға  қалыптастыру  керектігі  қазіргі  кезеңдегі  өзекті  мәселелердің  бірі.  Ендеше, 
инновациялық технологияның барлық элементтерімен қаруланған бұл кешен - үштілді білім беруге, жас 
ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге 
барынша қызмет ететін кешен. 
 
Ұстаз  сөзімен  айтқанда:  «Оқу-әдістемелік  кешенді  әзірлеу  барысында  дүниежүзілік  тәжірибелер 
зерттелді.  Оның  нәтижелері  көпұлтты  Қазақстан  мемлекетінің  өзіндік  сипатымен  зерделенді.  Кешенде 
тілді игерудің халықаралық үлгілері мен еуропалық тілдік эталондары мен тілдік білімді бағалау жүйелері 
ескеріле отырып, қазақ тілін игерудің Қазақстандық үлгісі ұсынылды» [1]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет