137
мүмкіндігін пайдалану қағидасына сәйкес сәтті туған терминдер. Қазақ тіл білімі мен әдістеме
ғылымында ғалымның осы үлгісі көптеген терминдердің жасалуына
(дыбысталым, тіркесім, жіктелім,
аударым, т.б.) түрткі болғандығын кейінгі зерттеулерден көптеп кездеседі. Ғалым зерттеулеріндегі
сөйлесім әрекетінің аталған бес түрі теориялық тұрғыдан тек терминдік атау ғана емес, әдістемелік жолға
(әдіс-тәсілге) айналып, олардың әрбіреуі көптеген зерттеулердің негізіне арқау болып, ғалым мектебін
қалыптастырудағы бір-бір уыққа айналғандығы мәлім. Ғылымда ғалым жасап қана қоймай, екінші біреуге
ой салуы (идея тудыруы) ғалымға біткен қасиет. Бұл жағынан келгенде де ұстаз-ғалымның
терминжасамдағы болсын, жалпы ғылымдағы жазғандары мен әртүрлі бас қосулардағы ауызша айтып
жүрген ойлары тек айтылып қана қоймай, көпшілікке ой салып жүргендігі ұстаз ғалымның ұстаздық
шеберлігінен де көрінеді.
Жалпы алғанда профессор Ф.Ш.Оразбаеваның зерттеулеріндегі терминжасам мәселесі мен олардың
қолданысы лингвистикалық яки әдістемелік жағынан болсын ішкі терең толғаныстан өтіп, ой елегінен
екшеліп, теориялық және практикалық тұрғыдан өңделіп қана өндіріске түсетіндігі ғалымның терминге
деген талабының жоғары екендігін көрсетеді.
Сонымен біз ғалым-ұстаз зерттеулеріндегі санаулы терминдердің төңірегінде ғана ой өрбітіп, сөз
қозғадық. Дегенмен бұл айтқандарымыздан бөлек айтарымызды алдағы күннің еншісіне қалдырған
жайымыз бар. Бұл күндері жетпістің желкеніне көтерілген ұстазымыздың деніне саулық, отбасына
амандық, қолынан қаламы түспей, немере келіні сәлем салып, шөберенің қолынан су ішу бақыты
бұйырсын деген шәкірттік тілек білдіреміз.
Достарыңызбен бөлісу: