Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет148/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   277
Байланысты:
1 2019

коммуникация»,  «коммуникативная  лингвистика»,  «речевая  коммуникация»,  «модель  речевой 
коммуникация»  деген  терминдер  арқылы  қолданылады.  Профессор  Ф.Оразбаева  «тілдік  қатынас» 
терминін қолдану барысында әлемдік лингвистикадағы қолданысына зер сала келе, «қазақ тіл білімінде 
«коммуникатив»  терминін  қолданбағанымен,  кейбір  тілшілер  оны  бірде  негізгі,  бірде  қосалқы  мәселе 
түрінде  сөз  етіп  отырғандығын»  айтады.  Ғалым-ұстаз  өзінен  бұрынғы  буынның  еңбектерінде 
«коммуникативтік  лингвистика»  мәселесі  айқұлақтанып  анық  айтылмаса  да  «тілдің  қатысымдық 
қызметі»  туралы  ойлардың  болғандығын  айта  келе,  өз  зерттеулерінде  мәселеге  төтесінен  жол  салып, 
«тілдік  қатынас»  атты  терминдік  атау  мен  ғылыми  бағыттың  орнығуына  теориялық  және 
методологиялық тұрғыдан бірден-бір атсалысқан тұлға [1, 25].  
Профессор  Ф.Оразбаева  «тілдік  қатынас»  терминінің  терминдік  мағынасы  мен  теориялық  негізіне 
қатысты төмендегідей ой өрбітеді. «Коммуникация» термині бұдан басқа да бірнеше мағынаны білдіреді. 
Адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас деген ұғымды білдіру арқылы бұл сөздің мағынасы әлдеқайда 
кеңейеді. Сонымен қатар  «коммуникация»,  «коммуникативтік» термині соңғы жылдары лингвистикада 
ғана  емес,  одан  басқа  да  барлық  ғылым  салаларында  кеңінен  қолданылып  келеді.  Бұл  сөздің  тілге, 
сөйлеуге  қатысты  алғашқы  мағынасы  «қарым-қатынас»,  тіл  арқылы  түсінісу,  пікірлесу  дегенге  саятын 
болса, кейінгі кезеңдерде бұл ұғым одан әлдеқайда тереңдей түсті. Мәселен, тілдік коммуникация – тіл 
арқылы  сөйлесу,  ұғынысу  дегенді  білдірсе,  қоғамдық  коммуникация  –  қоғамдық  байланыс,  қоғамдағы 
қарым-қатынас дегенді аңғартады, ал саяси коммуникация – саяси өмірдегі байланыс, саясатқа қатысты 
қарым-қатынас дегенді байқатады» - деп [1, 37], тілдік коммуникация терминінің әмбебаптық сипатын, 
терминдік өрісінің кеңдігін, лингвистикалық семантикасын түсіндіре келе, «Тілдік қатынас – тіл арқылы 
байланыс,  сөйлеу  тілі  арқылы  адамдардың  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасауы;  қоғамдық,  ұлттық  тіл 
арқылы ұғынысу, түсінісу; яғни адамзаттың тіл арқылы сөйлесім әрекетін меңгеруі тілдік қатынас дегенді 
білдіреді» – деп, «тілдік қатынас» терминінің түйінді тұжырымын жасайды [1, 39].  
Ғылыми кеңістікті термин сөздерсіз елестету мүмкін емес. Кей жағдайда қандай да болмасын ғылым 
саласының әлеуетін ондағы терминдердің қолданысы арқылы бағамдауға болады. Тіл біліміндегі «тілдік 
қатынас»  саласының  да  өзіне  тән  терминдік  өрісі,  ғылым  аралық  деңгейдегі  терминдік  қолданысының 
бары  анық.  Осы  жағынан  келгенде  «Тілдік  қатынас»  іліміндегі  ғылыми  кеңістікте  көптеген  терминдік 
бірліктері бар. Ал осындағы терминдік бірліктердің қолданысы деген мәселеге профессор Ф.Ш.Оразбаева 
өз  зерттеулерінде  аса  ыждаһаттылықпен  қарағандығын  көруге  болады.  Біз  бұл  шағын  мақаламызда 
ғалым-ұстаздың  еңбектеріндегі  терминдік  бірліктердің  барлығына  тұтастай  талдау  жасау  мүмкін 
еместігін  ескере  келе,  негізгі  дегендеріне  ғана  лингвистикалық  тұрғыдан  ой  толғағанды  жөн  көрдік. 
Ғалымның  «Тілдік  қатынас»  атты  еңбегінде  көптеген  терминдік  бірліктер  кездеседі.  Ғалым-ұстаз  өз 


136 
зерттеулеріндегі терминдердің ұлт тіліндегі қолданысына басымдық беруді үнемі назарда ұстағандығын 
баса айту қажет.  
Профессор  Ф.Оразбаева  зерттеулеріндегі  тілдік  тұлға,  қатысымдық  тұлға,  оқылым,  жазылым, 
тыңдалым,  айтылым,  тілдесім  деген  терминдерді  арнайы  сөз  етуді  жөн  көрдік.  Себебі,  бұл  аталған 
терминдер  «тілдік  қатынас»  ғылымының  басты  нысаны  яки  аталған  ғылым  саласының  күретамыры 
десек те болады. Жалпы бұдан басқа да «тілдік қатынас» ғылымында көптеген терминдер бар. Ал біз 
жеке дара бөліп алып сөз еткіміз келіп отырған терминдер тілдік қатысымның өзегі, тұтастай ғылымның 
базалық тірегі десек те болады. 
Ғалым  еңбектерінде  тілдік  тұлға  терминімен  қатысымдық  тұлға  термині  қатар  қолданылады. 
Аталған  терминдердің  өзара  қатар  берілуі  немесе  олардың  жарыса  қолданысын  заңдылық  деп  те 
қарастыру  қажет.  Бұл  турасында  ғалым  «тілдік  тұлға  мен  қатысымдық  тұлға  туралы  мәселе  тілдің 
тұлғалары мен сөйлеудің алғы шарттарын ажыратып алудан басталуы қажет. Қатысымдық тұлға тілдік 
тұлғаларға  қатысты  болғанымен,  онымен  бірдей  емес.  Қатысымдық  тұлға  туралы  зерттеу  тілдің  тұтас 
қарым-қатынастық ролімен тікелей байланысты ерекшеліктерді қамти келіп, белгілі бір ойды тиянақты 
жеткізу,  оған  жауап  алу,  сөйлеу,  сөзді  қабылдау,  оның  мағынасын  түсіну,  әр  түрлі  экспрессивтік-
эмоциональдық  күйді  таныту  т.б.  –  сол  сияқты  мәселелермен  тығыз  бірлікте  қарастырылады.  Демек, 
коммуникативтік  тұлғаның  жұмысы  жалпы  сөйлеу  процесімен  тікелей  байланысты»  -  деген 
тұжырымынан аталған терминдер өзара жарыса қолданылғанымен, олардың өзара терминдік тұрғыдан 
сондай-ақ  терминдік  мағынасы  мен  терминдік  дефинициясының  бірдей  емес  екендігін  айтады  [1,  56]. 
Сондай-ақ,  ұстаз-ғалым  бұл  терминдердің  әрқайсысына  жеке-жеке  лингвистикалық  түсіндірмесін 
былайша береді:  «Тілдік  тұлғалар – адамзат тілінің сақталуы мен өмір сүруіне  қызмет  ететін,  сөйлеу 
мүшелері  /дыбыстау  мүшелері/  арқылы  жасалатын,  фонетикалық,  лексикалық  және  грамматикалық 
қасиеттерге  ие  болатын,  таңбалық  сипаты  бар  тілдің  құрылымдық  бірліктері»  десе,  «Қатысымдық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет