Әдістемелік нұсқауда оқулықтағы жаттығулардың мақсаты мен тапсырмаларды орындау жолдары
көрсетілген. Интерактивті оқытудың мәні - оқу процесі барлық студенттердің тұрақты, белсенді позитивті
өзара әрекеттесуіне бағдарланғандығында. Мұғалім мен білім алушы тең болған кезде жүзеге асуы.
Осындай жағдайда оқу іс-әрекетін ұйымдастыру нәтижесінде мұғалімнің нақты көшбасшы болуына
мүмкіндік беретін өзара әрекеттестік пен ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Ал бұл
атмосфераның қалыптасуына әдістемелік нұсқаудағы интерактивті әдістер арқылы жасалған жаттығулар
мен тапсырмалардың қызмет ететіндігі сөзсіз.