Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет163/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   277
Байланысты:
1 2019

Қанғалуғ – қанға аты аңыз мазмұнды шебер бір кісінің мүлікті тарту ету үшін, ағаштан шауып 
жасалған  қанғасына  байланысты  шығады.  Махмұд  Қашқари  сөздігінде  «қанға»  сөзі  «арба»  дегенді 
білдіреді. «Қанғар» сөзінің кейіннен «қаңлы», «қанглы» аталуында еш күмән жоқ, бұл сөз Оғыз туралы 
аңыздағы тайпа аты, себебі алғаш не оның билеушісінің Қанғалуғ аталуының этимологиясы да (арба, 
телега) осы пікірді дәлелдейді. Ал Махмұд Қашқарида «қаңлы» халық аты ретінде кездеспейді, онда тек 
«Қанглы» - қыпшақтардың батыр адамының есімі тәрізді қолданылған дегенге саяды. «Оғыз намадағы» 
шебер адамның да осылай аталуын ескерсек, бұл жерде белгілі бір шындық бар екенін көреміз» [1, 108].  
Гардизидің баяндауынша, шамамен, IX ғасырдың ортасы мен ақырында қимақтар оғыз көсемдеріне 
қаңғар-печенег тайпалары мекендеген Сырдария алабы мен Арал жағалауларын жаулап алуға белсенді 
көмек көрсетті [2].  
«Қазақтың арғы түбі - Қаңғарда, «Ұлы Қаңғ» кеңістігінде жатыр. Тек сол кеңістікті және сол уақытты 
дәл  көрсетер  компас  қолымызда  жоқ.  Жазба  құжатымыз  да  жоқ,  сондықтан  осы  кеңістікті  сан  алуан 
үзінділердің белгілері арқылы ғана іздестіріп, сұлбасын там-тұмдап жинастыруға тура келеді. 
Бізге  белгілі  фольклорлық,  тарихи,  мифологиялық  «қаңғ»-ларды  осындай  мағыналар  арқылы  оңай 
түсіндіруге болады. Кангха да, Кангдиз де, Кангюй де кәдімгі қазақ-түрктік «Кеңг» (Қаңғ – «кеңістік») 
деген  универсал  ұғымынан  өрбіген,  сондықтан  тарихы  қаңғарлық  (кангюйлік)  көшпелілерді  иран  тілді 
деп емес, Қазақстан жеріндегі аты белгілі бірінші түрк тайпалары деп айтуға болады. Ең бастысы, ежелгі 
Қаңғар (Кангюй, б.з. дейінгі IV ғ.) мемлекетін - бүгінгі Қазақ мемлекеттігіне, қаңғар халқын - бүгінгі қазақ 
халқына сабақтасып жатқан бірінші белгілі тарихи-рухани бастау деп қабылдауға әбден болады» - дейді 
ғалым С.Қондыбай [3]. 
2. 
«Махмұд Қашқари қаладж, калачтарды Оғыз тайпасына қосады. 
Бұл  болжамдарды  қате  деп  айтуға  негіз  жоқ,  әйтеуір  көп  тайпаның  бірі  көне  ғасырда  «калач» 
аталған да болуы керек, кейін олар басқа тайпалар арасына сіңісіп кеткен» [1, 109]. 
3. 
«Ертеректе қолаң сөзі (оның холун, кулан) белдік, белбеулік қайыс, 
таспа дегенді білдірген. Мысалы, М.Қашқари сөздігінде «қолаң ұзын таспа, я таспалық қайыс деген 
мағынада қолданылған. Ал, қолаң аты деп әдемі әшекейленген, аттың төс айылынан бастап созылған 
таспаны атаған [12, 10: Қашғари М. Дивани лұғат-ат түрк. ІІ том. – Ташкент, 1961. 10-бет.]» [1, 165].  


146 
«Тереңірек  білгісі  келген  адам  қолына  «Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінің»  алтыншы  томын  алып 
парақтап  қараса,  «қалың,  жуан,  ұзын  шаш»  дегеннен  басқа  ештеңе  таппайды.  100  томдық  «Бабалар 
сөзінің» ғылыми қосымшалары да «қолаң» көне түрік тілінде «қалың, тығыз өскен шаш» дегеннен артық 
түсінік бере алмайды. «Қолооң», яғни «қалың» дегеннен шыққан тәрізді. Ол да мүмкін. Бірақ, оған құлай 
кетейін десең, «Бұқар барсаң, қолаң бар, қолаңды көр де шашым көрі» несі?! 
«Қыз Жібекте» «Кебісінің өкшесі Бұқардың гәуһар тасындай» демейтін бе еді. Бұқарда қалың бұқара 
қызыққан базар болған, шамасы. Ендеше, қолаң деген тауар болуы керек қой. Шын мәнісін «Қазақ тілінің 
әдеби сөздігінен» таптық. Бақсақ, аттың қылынан немесе басқа да қылдан қалың етіп жасалған шашағы, 
әшекейленіп  ағаш,  сүйек  сияқты  т.б  басқа  қатты  заттан  сабы  бар  маса,  шыбын-шіркейден  қорғануға 
арналған желпуіш құрал екен» - дейді [4].  
4. 
Барака сөзінің этимологиясын қарастыра келе, «В.Банк оны Баркан  деп ұғынады, сөйтіп сөзді 
Махмұд Қашқаридағы Бархан үлгісімен жақындастырғысы келеді» [1, 111]. 
 «
Барака - бата беру. Құранда оның түбірінен бірнеше мағына тарайды. Барака термині - барақат деген 
атаумен тек көпше түрде ғана қолданылады» [5].  
5. 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет