148
Бұл қол шапалақтау бір жағынан, оқытушының сабағының студенттердің көңілінен шыққанын байқатса,
екіншіден, оқытушы мен студенттің арасындағы жақсы қарым-қатынастың көрінісі дер едім.
Небір күрделі терминдер мен ұғымдарды Фаузия апай жеңіл тілмен ұтымды жеткізіп, нақты
мысалдарды келтіріп, ара-тұра көркем шығармалардан прозадан, поэзиядан жатқа оқып, студенттерді
тәнті ететін, кейде тіпті тілдік материалдарды тиянақтау үшін мысалдарды студенттердің
шығармашылығынан, жазған әңгіме, шығарған өлеңдерінен тапқызып, жатқа оқытқызып жататын.
Ондайда студенттерде қызыға кірісіп, күрделі тақырыптарды қалай еңсеріп қалғанын, қызықты сабақтың
қалай аяқталып қалғанын өздері де түсінбей қалатын кездерін жүздерінен жиі байқайтынмын. Тіпті
сабаққа аса ынтасы жоқ студенттердің өзі апайдың сабағынан қалмай қатысып, кейде сұрақтарға жауап
беріп басқаларды таңқалдырып жататын. Тағы бір қызығы сынақ, емтихан кездерінде апайдың
лекциясында айтылғандарды нашар оқиды деген студенттердің өздері дәлме-дәл айтып, мысалға өлеңді
жатқа оқып отыратындар көп болатын. Апайдың сөз мағынасының түрлеріне байланысты М.Мақатаевтан
жатқа оқитын мына бір өлең шумағын:
Су сұраса сүт берген, айран берген,
Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем!
Қарғаның валетіндей едірейіп,
Қасыңа мына біреу қайдан келген?- деп нашар оқитын студенттің өзі жатқа оқып айтып, сөз
қолданысындағы, мағынадағы ерекшеліктерді талдай жөнелетін.
Фаузия апай сабақтың бір минутын да ысырап етпейтін. Сабақтың жартысынан көбін студенттерді
түгендеумен немесе өзге бір сабаққа ешбір қатысы жоқ қысаң әңгімелермен уақыт өткізу деген апайда
болмайды. Дауысы мәнерлі, айқын да анық студенттерді бірден өзіне қаратып, баурап алады. Барынша
жинақы, сыпайы, мәдениетті, нағыз педагогикалық такт, жест дегендердің ерекше үлгісі осы кісіде ме
дерсіз!
Студенттердің жаңа тақырыпты түсінгені апай үшін аса маңызды болатыны соншалық дәріс үстінде
бірнеше сұрақ қойып, студенттің түсінген- түсінбегенін байқап, бақылап, ал өзі лекциядағы негізгі ойды
әлсін-әлсін қайталап, тиянақтап отыратыны және бар.
Апайдың адамды жұбатып, жігерлендіретін білетін апаймен сөйлескенде жаным жадырап байып
қалатын кездерім өз басымда жиі болатын. Апайды қоршап сөйлесіп тұрған студенттердің сондай сезімде
болатынын олардың балбұл жанған жүздерінен байқап талай куә болдым.
Апайдың студенттің тек сабақты ғана жақсы біліп, жақсы студент болуын ғана ойламай,
студенттердің жақсы адам, жеке тұлға болып қалыптасуына да ерекше көңіл бөледі. Оны түрлі сабақпен
байланысты ситуациялық жағдайдармен дәйектеп отыратын тұстарынан да көп көретінмін. Сабақта білім
мен тәрбие қатар жүріп отыратын, соның бәрін ұтымды да, ұтқыр пайдаланатын апайдың педагогикалық
шеберлігіне тамсанатын тұстарым аз болмады!
Қызметте де, өмірде де әр қандай жағдайларда апай осы мәселеде не дер еді, қалай әрекет етер еді
деген сұрақ үнемі ойымда тұрады. Сұрақтың жауабын тапқанда бір тұтқадан мықтап ұстағандай болам!
Ол -
тағылым тұтқасы!
Білікті ғалым, ұлағатты ұстаз Фаузия Шамсиқызы Оразбаева ұлт өркениетінің өсуіне үлес қосып
жүрген қайраткер болғандықтан, ұрпақ тәрбиелеу мен білім беруде әлі де талай нәтижеге қол жеткізеді
деп санаймын. Ең маңыздысы, Фаузия Оразбаеваның атқарып жүрген жұмысы, ұстаздық һәм адамдық
болмысы – соңынан еріп келе жатқан жастарға үлгі.
Достарыңызбен бөлісу: