Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. ‒ Алматы, 2000. ‒ 207.
2.
Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарты. Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік
құзыреттіліктері. Базалық деңгей. Жалпы меңгеру. ҚР СТ 1928-2015 – Астана, 2015.
3.
Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарты. Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік
құзыреттіліктері. Орта деңгей. Жалпы меңгеру. ҚР СТ 1929-2015 – Астана, 2015.
4.www.akorda.kz
ҰСТАЗДАРДЫҢ ҰСТАЗЫ
Ерхожина Ш.Л.
педагогика ғылымдарының кандидаты,
Сүлеймен Демирел атындағы университет
Әр шәкірттің көкейінде «ұстазым» деп атай алатын, осы ұлағатты есімді оған лайық санап, өзі іштей
екшелейтін ерекше тұлғалары болады. Тұлғалары деп көбейтіп айтқанымызбен, оның біреу, екеу
болатыны да белгілі. Ал сол тұлғаны ұстаз еткен шәкірттердің көп болуы – таңғаларлық жағдай емес.
Себебі дәл осы үрдістің басты фигуранты – ғалым Фаузия Шәмсиқызы еді. Елімізде қазақ тілін ең алғаш
комуникативтік тұрғыдан оқыту идеясын ұсынып, елеулі жаңалық ашқан ғалымның соңынан ерген
шәкірттердің көп болуы кездейсоқтық емес. Тіл теориясы мен әдістемесіне қатысты зерттеулерге
жетекшілік ете, 50 шәкіртті қорғатып, ғылымға бағыт сілтеген Фаузия Шәмсиқызының ғылыми
қарымының ауқымды да терең болуы және зерделеген теориясын әдістемелік тұрғыдан жүйелеп, оқыту
үдерісіне енгізуі, Құдайберген Жұбановтың «Білімге айналмаған ғылым – пайдасыз ғылым», – деген
176
ұшқыр ойлы сөзін еске салады. Яғни қай ғалымды қолға алса да, оның міндетті түрде білімнің қажетті
тұсында белді қызмет атқаратынын айтып отырмыз. Тілдің теориясы мен әдістемесін қатар ала жүріп,
«оқылым», «айтылым», «тыңдалым», «жазылым» терминдерін ғылыми айналымға қосып, тілді оқытудың
негізгі көзі ретінде танытты. Әдістеме ғылымына бірегей де сара жол салған ардақты ұстазымыздың қазақ
және орыс тілдерінің теориялық мәселелері мен әдістемесіне қатысты ғылыми кадрлар даярлайтын
докторлық диссертациялық кеңесті басқарғанын есепке алсақ, сол кеңестен қорғаған республикамыздың
түкпір-түкпірінде қызмет етіп жүрген қаншама мамандардың да ұлағатты ұстазы екенін еске салады.
Бүкіл әлемде ойлау жүйесінің ұшқырлығымен, сөз саптау өресінің биіктігімен дараланған тұлға –
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан сынақ алып, ұстаздық етуінің өзі – Фаузия Шәмсиқызын
қазіргі таңдағы білім беру саласының майталманы деп тануымызға, оқытудың кез-келген проблемасын
шешудегі тұшымды тұжырымдары мен келелі пікірлерін бұл саланың дидактикалық әдіс-тәсілдерін
дамытуға қосқан үлесі деп білуімізге дәлел. Ғалымның: «Тіл ғылымын танып-білген сайын ол күрделеніп,
тереңдей түседі» деген пайымына зер салар болсақ, ізденіс-зерттеулерін бір сәтке тоқтатпастан, сонау 70-
90
жылдардағы тіл ғылымының теориясы мен әдістемесін зерттеуді қарқынды дамытқан Сағира
Рахметова, Нұржамал Оралбаева, Рабиға Сыздықова сынды ғалым апаларымыздың ізін баса,
жаңалықтарымен жарқ ете қалған Фаузия Оразбаеваның өз зерттеулерін қазіргі заманның сұранысына
жауап бере алатын жаңашыл технологиялар негізімен ұштастыра түсуін, нағыз ғылыми интеграция деп
білеміз. Қазіргі таңда ғалымды білмейтін жан кемде кем. Дұрысырағы, адами қасиеттен бір айнымаған
парасат иесінен тәрбие алмаған, еңбекқорлық пен ізденімпаздық секілді абзал қасиеттердің үлгісін
көрмеген, яғни майталман ғалымның ұстаздық тәлімін алмаған әдіскер мамандар кемде кем деп
айтқанымыз жөн. Себебі қазақ тілін үйрету бағдарламасын жүйелеп, 2007 жылы тұңғыш жасалған 36
кітап, 6 электрондық нұсқадан тұратын оқу-әдістемелік кешен түзуді ұйымдастырып көш бастады.
Жоғары бағаланған бұл кешенді қолданбаған тіл үйренушілер аз болған жоқ. Бүкіл республикаға таралған
жалпы орта білімге арналған оқулықтарды құрастыру ісінде де танымал автор. Абай атындағы Қазақ
Ұлттық педагогикалық университетінде ұлттық рухани құндылықтарды бойына сіңірген, үздік өркениетті
игерген, озық технологияны дәстүрлі әдіс-тәсілдер мен ұштастыра білетін, танымы жоғары, білікті маман
тәрбиелеу ісінде үздіксіз еңбек етіп келеді. Саналы өмірін ғылымға арнаған, аз сөйлеп, көп іс
тындыратын, өз кәсібіне адал, болмысы бөлек жарқын тұлғаны ұстаздардың ұстазы деуге дәлел аз емес.
Табиғат пен қоғамның өзгерiп отыратыны сияқты, ғылым да жаңарып, заманның ағымына,
сұранысына қарай толықтыруды қажет етеді. Қазіргі білімнің жаңаша мазмұнды бағдарламалармен
оқытылу талабы да – осы заман сұранысы. Елімізде жалпы білім беру бағдарламаларын қайта құрып,
жаппай жаңа оқулықтарды құрастыру ісі мен жаңа жүйе арқылы оқыту мәселелері өзекті болып отыр.
Бүкіл Қазақстан мектеп мұғалімдерінің жаңа құрылымды қабылдауда біраз дүрліккендей әрекеттеріне
жөн айтып, жаңаша білімнің маңызын түсіндіру жұмыстары мен оны оқытуда әдістемелік жол көрсетіп,
ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндама жасап, ұстаздар қауымын ерінбей үйретіп келеді.
Мемлекеттік тілді дамыту мәселелеріне алаңдаушылық білдіріп: «Мемлекеттік тілге деген сұранысты
жолға қоймасақ, тіл көшінің тұралауы мүмкін…» деп, бұл мәселенің мемлекеттік деңгейде шешілуі қажет
екенін алға тартады. Қазіргі тіл реформасы – Латын қарпіне көшудің де өте ауқымды мемлекеттік іс
екенін айтып, оны іске асырудың тетіктерін дәл, ешкімге зиянын тигізбей, бала психологиясына салмақ
түсірмей, қолданысқа енгізу туралы өз пікірін білдіріп келеді. Табиғат-ананың сыйлаған сабырлылығына
сай Фаузия Шәмсиқызы ешқашан асығыс ой айтып, ұшқары шешім қабылдап көрген жан емес. Әрбір
айтқан ойы, ұсынған салмақты идеялары мен зерделі сөздері, тегеурінді ойлары қонымды әрі маңызды
болып келеді. Осындай көп қырлы жанның тұлғалық болмысын жақын тартып, өзіне ұстаз санап,
ұлағатын үлгі тұтатын шәкірттің бірі – өзіммін. Абай атамыздың атындағы қарашаңырақтан түлеп ұшып,
алдыңғы толқын апаларымыздың сара жолымен жүруді құп алып, ғылымға ден қойдық. Қазақ тілін оқыту
әдістемесі ғылымына қызығып, ізденіс, зерттеу үстінде ғалымның ғылыми кеңестерін алып, бағыт
түзедік. Жаны жайсаң жанның ғылымдағы болмысы талапшылдық қасиетімен үйлесімділікпен қабыса,
үнемі биік тұратынына көзіміз жетті. Мақсатқа еңбекпен жетудің қадірін түсіндік.
Біз секілді шәкірттерді ұстаздықтың ұлы қызметіне даярлап, тәрбиелегеніңіз үшін, ғылымға деген
қарымымызды байқап, бағалағаныңыз үшін, үміт артып сенгеніңіз үшін сізге әрқашан алғыс айтамыз.
177
Алаштың күн келбетті көркем ақыны Мағжан Жұмабаев «Алты Алаштың игі жақсысы бас қосса,
төрдегі орын – ұстаздікі» деп тегін айтпаса керек. Ұстаздардың ұстазы, мерейтойыңыз құтты болсын!
Қашан да мерейіңіз үстем болсын демекпіз!
Достарыңызбен бөлісу: |