200
бойынша сұрақтар дайындау, диалог құрастыру т.б.) байланыстырып сөйлей білуге үйренеді. Мәтін –
қашан да тілдік әрекеттің нәтижесі болып табылады. Мәтінде тілдік тұлғалардың бәрі де (фонетика,
лексика, грамматика) орын алады. Қазақ тілін оқыту бағдарламасы ЖОО-да мемлекеттік тілді заман
сұранысы мен тапсырысқа сай, білім сапасын көтеріп, студенттердің кәсіптік бағдарлы дағдыларын
қалыптастыруға бағытталған жаңа технологияны қолдана оқытуға негізделеді. Экономика мамандығын
меңгеруге қажетті лексикалық қорды тілдік қатынаста қатысымдық тұрғыдан жаңа технология арқылы
іске асырудың амал-тәсілдері күн санап толықтырылып, іздестірілуде. Мамандыққа байланысты
мәтіндерді оқытқан кезде тілдік қатынастың барлық түрлері қолданылады. Студенттердің мәтінді талдау
әрекетімен бірге әңгімелесу арқылы сөйлеу әрекетіне, сұрақ-жауап арқылы тілдесім әрекетіне, қысқаша
мәтін немесе мини эссе жазғызу арқылы жазу әрекетіне үйрету көзделеді. Осы тұрғыдан мамандыққа сай
қазақ тілін сапалы оқыту – қазіргі уақыт сұранысынан туындап отырған өзекті мәселелердің бірі болып
табылады.
Қатысымдық бағыт әуел баста тілді жеделдете оқытудың негізгі әдісі ретінде қалыптасты. Ол дайын
сөйлемдерді жаттатқызу, тілдік материалды саналы түрде меңгермей, көбінесе ойланбастан қайталауға
негізделгенмен, бірте-бірте оқыту мазмұны, әдіс-тәсілдері өзгеріп, толығып отырды.
Өдірістің қай саласында болмасын мамандығына байланысты қазақ тілінде еркін сөйлеп, қызмет ету;
білімін, тіл байлығын жетілдіру – қазіргі заман талабы. Тіл қатынасы әңгімесушілердің өзара ақпарат
алмасуынан қалыптасады. Бұл ақпарат алмасу тіл қатынасының коммуникативтік сипатын құрайды,
сөйлеу барысындағы сөз алмасу ғана емес, сонымен қатар бір-бірінің әрекетін, қылығын танытады,
өзгеріске келтіреді, жауап беруге талпындырады.
Экономикалық жоғары оқу орындарының студенттері үшін қазақ тілі сабағы тек тіл үйрену көзі ғана
емес, сонымен қатар мамандықтары бойынша жаңа білім жинау көзі болып табылады. Олай болса, қазақ
тілін мамандыққа қатысты оқу бағдарламасына сәйкестендіріп оқытудың маңызы ерекше.
Кәсіби қазақ тілін оқыту әдістемесі теориялық білім берумен қатар болашақ мамандыққа баулиды.
Білікті маман дайындау, білім беру – қоғам дамуының негізгі жолы. Осыған орай қазақ тілінен берілетін
базалық білім таңдалады. Қажетті базалық білімде ерекше орынды жоспарлау мәселесі алады, себебі
бүгінгі студент ертеңгі маман, іскерлік қарым-қатынас жағдайында жол таба білуге үйрету маңызды
болып саналады. Бүгінде оқытудың барлық түрін кешенді қарастыру, оларды бір-бірімен байланыстыру
мақсаты басым.
Бүгінгі күн талабы – маманның кәсіби бағыттылығын, іскерлігін қалыптастыру. Сондықтан кәсіби
бағдарлы білім беруде қамтылатын білім мазмұны, соның ішінде тақырыптар ғылымның соңғы
жетістіктеріне негізделуі тиіс. Жаңа заманның талаптарына орай, интеллектуалдық қабілеті мол
мамандарды даярлау міндеті бүгінгі білім жүйесінің басты да негізгі мақсаты екені даусыз. Осы мақсатты
іске асыруда студенттерге іскерлік қарым-қатынасты дұрыс оқыту қажеттігі күннен-күнге айқын сезілуде.
Бұл айтылған ұстанымдар мен тәсілдер қазақ тілін кәсіби бағдарлы мамандыққа байла нысты оқытудың
өзіндік ерекшеліктері, заңдылықтары, оны меңгертудің әдіс-тәсілдері кәсіби бағдарлы қатысымда
атқаратын маңызы зор
Қазіргі таңда әлеуметтік-қоғамдық сұранымды ескере отыру - білім мазмұнын айқындаудағы басты
фактор. Сондықтан экономикалық жоғары оқу орындарында қазақ тілі сабақтарын оқытқанда «...
біріншіден, қазақ тілі қоғамдық- әлеуметтік құрал, екіншіден басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас
жасауға негіз болатын, ұғынысуға жол ашатын ұлтаралық құрал, үшіншіден, қазақ тілінің қатысымдық
сипаты оның ел аралық қолданыста қолданылатын қоғамдық мәнімен және ресми іс-қағаздарда
жұмсалатын әлеуметтік қызметінен көрінеді», – деген Ф.Ш.Оразбаеваның негізделген қағидасын
басшылыққа ала отырып, болашақ мамандардың бұл мәселеге мемлекеттік маңызы бар, міндетті талап
ретінде қарауына назар аудартқан жөн.
Белгілі бір тілде сөйлеу үшін, мәтңн мен грамматика жеке-дара бөлінбей, сөйлесімнің барлық
алғышарттарымен біртұтас жүйе түрінде оқытылады.
Өйткені, грамматикалық жағынан бір-бірімен дұрыс байланыспаған сөздер не тіркестер адамның
ойлаған ойын жеткізе алмайды. Сөздер белгілі бір мағынаны білдіре келіп, өзара байланысқан бір бүтінді
құрайды. Яғни, тиянақталған ойды білдіретін сөйлемге айналады. Тіл үйрету кезінде грамматикалық
материалдарды оқыту, оларды сұрыптау және тиімді әдіс-тәсілдер арқылы үйрету – зерттеуді қажет ететін
маңызды мәселе. Бірақ ескеретін бір жай, кез-келген грамматика қолданылып отырған мәтіндегі
сөйлемдердің құрылысына қарай алынуы шарт.
Достарыңызбен бөлісу: