Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Әрбір сабақта мәтін, мәтінге қатысты сөздер, грамматикалық тұлғаларға түсініктеме, ойтүрткі



Pdf көрінісі
бет225/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   277
Байланысты:
1 2019

Әрбір сабақта мәтін, мәтінге қатысты сөздер, грамматикалық тұлғаларға түсініктеме, ойтүрткі 
сұрақтар, лексикалық түсініктеме, мәтінге дейінгі, мәтіннен кейінгі тапсырмалар, диалог, мәтінге 
қатысты  түсініктерді  тексеруге  арналған  сұрақтар,  мәтіндегі  грамматикалық  тұлғаларды  табу 
жұмыстары,  лексика-грамматикалық  тест,  тапсырмалар,  сөзжұмбақтар,  афоризм,  нақыл  сөздер, 


201 
салыстыру  тапсырмалары,  өз  бетінше  жұмыс  істеуге  арналған  тапсырмалар  жүйелі  түрде 
“қарапайымнан  күрделіге”  ұстанымы  негізінде  құрастырылған.  Оқулықпен  жұмыс  істеу 
барысында тиімді нәтижеге жету үшін автордың әдістемелік нұсқауларды ұсынуы өте орынды. 
 
Бүгінгі  ЖОО  білім  алып  жатқан  студент  –  ертеңгі  маман,  еліміздің  бетке  ұстар  азаматы.  Әрбір 
маманды  өзінің  қызмет  ететін  ортасында  сынайды,  бағалайды,  таниды,  қолдайды.  Ел  ішіндегі  түрлі 
әлеуметтік  салалармен  тікелей  қарым-қатынаста  болады.  Міне,  сондықтан  қазақ  тілі  сабақтарында 
студенттерді  қазақша  ойлауға  үйрететін  әдістер,  амал-тәсілдер  мейлінше  молынан  қолданылуы  керек. 
Қазақ  сөздері  ойлау  актісінің  құралына  айналмайынша,  естігенді,  көргенді  қайталап  айта  бергеннен 
нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Мұны қазақ тілін оқыту тәжірибесі де көрсетіп отыр. 
 
ЖОО  студенттеріне  қазақ  тілін  оқытудағы  басты  мақсат  –  болашақтағы  кәсіби  мамандарға  қазақ 
тілінде  коммуникативтік  қарым-қатынас  жасауды  меңгерту.  Ол  білім  алушының  тілдік  тұлғасын 
қалыптастыру  арқылы  жүзеге  асады.  Ол  сөйлеу  әрекетінің  түрлерін  жаңа  технология-  лық  әдістерді 
пайдалану арқылы жүзеге асады. Қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан үйретуде сөйлесім әрекеті мен оның 
түрлерін  меңгерту  әдістемесінің  маңызы  зор,  себебі,  сауатты  жазу,  сауатты  түрде  өз  ойын  жеткізу,  іс 
қағаздарын  сауатты  жүргізу  айналып  келгенде  осының  бәрі  жазылым  әрекетін  меңгерумен  ұштасады. 
Жазылым  әрекетін  студенттерге  меңгертудің  тиімді  жолдары  профессор  Ф.Ш.Оразбаеваның  еңбегінде 
төмендегіше беріледі: 
 
көшіру жазылымы; 
 
жатқа жазу жазылымы; 
 
көркемдік жазылым;  
 
танымдық жазылым.  
 
Тілді мамандыққа сай үйретуге арналған әдістемелік оқулықтар мен оқу құралдары заман талабына 
сай  жаңарып,  жарық  көре  бастады.  Бұл  оқулықтар  студенттердің  ғылыми  тілді,  мамандыққа  қатысты 
кәсіби тілді, ресми-іскерлік тілін жеткілікті түрде меңгеруіне ықпал етуде. Олармен жұмысты сөйлесім 
әрекетінің  барлық  түрлерін  меңгертуде,  қазақ  тілі  сабақтарының  барлық  кезеңдерінде  және  барлық 
аудиторияларда  жүргізуге  болады.  Әрбір  оқытушы  оны  өз  тарапынан  қажетіне,  өз  әдістемесіне  қарай 
қолданады.  
 
Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың: «Өмір бойы білім алу – әр қазақстандықтың өмірлік 
кредосына  айналуы  қажет»,  –  деген  сөзі  ұстаздарға  тікелей  қатысты.  Өзгелерге  білгеніңді  немесе  білу 
керектіні үйрету үшін, алдымен, соны қалай үйретуді білу шарт. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет