Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет241/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   277
    Бұл бет үшін навигация:
  • Keywords
 
Ключевые  слова:  уровневое  обучение,  дескрипторы  речевых  навыков,  оценивание,  уровневый 
учебник. 
  Annotation:  This  article  discusses  the  advantages  of  teaching  students  according  to  their  language 
proficiency  levels.  The  study  examines  features  of  Second  Language  Acquisition  according  to  the  European 
framework and suggests teaching Kazakh language using these western standards.  
 Keywords: level approach, descriptors of language skills, assessment, leveled books. 
Тілдік білім жоғары білім беру жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде жалпы мәдени және кәсіби 
құзыреттер  негізінде  қалыптасады  және  бәсекеге  қабілетті,  жоғары  білікті  мамандарды  кешенді  және 
сапалы даярлауды қамтамасыз етуге ықпал етеді. Тілдік білім беру міндеттері, ең алдымен, мамандардың 
коммуникативтік  және  танымдық  қажеттіліктерімен  анықталады  және  тіл  үйренудің  заңдылықтарын, 
ойлау, 
коммуникативтік 
қызметтің 
әлеуметтік-психологиялық 
ерекшеліктерін, 
сондай-ақ 
коммуникативтік  өзара  әрекет  жағдайларын  модельдеу  мен  оқытуды  қамтиды.  Бұл  ретте 
коммуникативтік құзыреттілік тілді қолдану қабілетін ғана емес, нақты қарым-қатынас негізінде жатқан 
білімнің  болуын  да  қамтитынын  ескеру  қажет.  Коммуникативтік  құзіреттілікті  екінші  тілде  ауызша, 
жазбаша  қарым-қатынастың  түрлі  жолдарын  орындай  алу  әрекеті  деп  түсінеміз.  Коммуникативтік 
құзіреттілік  лингвистикалық,  прагматикалық  және  әлеуметтік  лингвистикалық  құзіреттіліктен 
қалыптасады  және  адамзат  әрекетінің  түрлі  саласында  нақты  практикалық  тапсырмаларды  шешуге 
бағытталады.  Екінші  тілді  меңгеруде  Еуропа  елі  коммуникативтік  құзіреттіліктің  рөлін  анықтап, 
пайдалану  жолдарын  көрсетті  және  тілдік  білімді  анықтау  үшін  бағалау  жүйесін  қажет  деп  тауып, 
біріңғай Еуропалық стандарт дайындап, құжат ретінде бекітті[1]. Бұл құжатты білім  орындары, жұмыс 
берушілер, кітап авторлары, оқытушылар, емтихан алушылар, тіл үйренушілер басшылыққа алады. 
Тілдік  Еуростандарт  дегеніміз  –  тілдік  дағды  дескрипторларының  белгіленген  жүйесі.  Бұл  жүйеде 
коммуникативтік  құзіреттілікті  дамытудың  алты  негізгі  деңгейі  (А1,  А2,  В1,  В2,  С1,  С2)  көрсетіледі. 
Жүйе  бойынша  коммуникативтік  құзіреттілікті  талдап  көрейік.  Деңгейлердің  А1,  А2,  В1,В2,  С1,  С2 
болып  бөлінген  сипаттамасы  әр  деңгейдің  атауы.  Бұл  белгілер  шет  тілде  білім  беруді  дамыту 
тұжырымдамасының,  шетел  тілдерін  оқытудың  ұлттық  стандартының  және  шетел  тілдері  бойынша 
типтік бағдарламалардың негізін қалайды. Шет тілін үйренушінің шеберлігі мен дағдысы әр деңгейден 
келесі деңгейге дейін дамып, оны жоғары деңгейге жақындата түседі. Деңгейлердің әрқайсысы жеткілікті 
деңгейде дербес болып табылады, бұл орайда оқу бағдарламасы шеңберінде тілдік деңгейлік жүйе шет 
тілін оқытудың бүкіл кезеңі бойы әрбір студенттің тілдік білім жетістігін көрсетуі тиіс. Әр деңгейдің өз 
мақсаттары мен міндеттері, сөйлеу әрекетінің әрбір аспектісі бойынша білім беру және коммуникативтік 
құзыреттіліктері жиынтығы бар. Сонымен қатар бұл дескрипторлар  оқу процесін  сауатты жоспарлауға 
мүмкіндік береді, бағдарламада берілген кезең ішінде жоғары оқу орнында оқыту кезеңдері арасындағы 


216 
сабақтастықты  қамтамасыз  етуге  көмектеседі.  Деңгейлік  тілдік  дайындық  уақыт  талаптарына  толық 
көлемде  жауап  береді,  білім  беру  процесін  дараландыруға  ықпал  етеді,  модульдік  білім  беру 
бағдарламаларын құру және іске асыру икемділігімен сипатталады. 
Еуростандарт  жалпыға  ортақ  сөйлеу  әрекеттері  (оқылым,  жазылым,  тыңдалым,  айтылым)  бойынша 
коммуникативтік  құзіреттіліктердің  деңгейлік  сипаттамасын  ұсынып,  тіл  үйренушінің  нақты  деңгейіне 
арналған  анықтамаларды  да  берген.  Сөйлеу  әрекеттері  бойынша  әр  деңгейдің  жұмысты  орындай  алу 
мүмкіндігі анықталып, түсіну деңгейлеріне талдау көрсетілген. Бұл анықтамалар берілген кесте арқылы 
тіл үйренуші өзінің тілді білу мүмкіндігін тексере отырып, деңгейін анықтайды. Тілдік коммуникацияны 
жүзеге асырудың жолдарын «диапазон, нақтылық, жылдамдық, өзара әрекет, байланыс» дескрипторлары 
арқылы  түсіндіреді.  Еуростандартта  көрсетілген  «гипертекст»  ұғымы  тілді  меңгерудің  бастапқы 
деңгейлерінде қамтылады. Мысалы, тілді үйренуді нөлден бастаған тіл үйренушіге А1, А2 деңгейлерін 
тақырыпты  толық  меңгеру  үшін  ішінара  бөлуге  болатынын  түсіндіреді.Себебі,  белгілі  бір  тақырыпты 
толық меңгеруде лексикалық тақырыптың көлемі ұлғайып отыру қажеттігін сақтау керек. Мысалы, А1.1 
Отбасы  мүшелері  аталады,  А1.2  –де  отбасы  мүшелерінің  мамандықтары  қосылады.  А2.1.1-де  отбасы 
мүшелерінің қызығушылықтары толықтырылса, А2.1.2-де отбасы мүшелерінің мінездері сипатталады. Ал 
А2.2-де  отбасы  мүшелерінің  міндеттері  айтылуы  қажет.Бастапқы  деңгейдің  тілді  меңгеру  үлгісін 
төмендегі кестеден көруге болады. 
 
 
 
 
 
Кесте № 1 
  
 
А1                                А2 
 
                                                     
А1.1 А1.2 А2.1 А2.2  
                                                                                           
                                                                                             
А2.1.1                 А2.1.2 
 
Коммуникацияның негізі – ситуация екенін нақтылай келе, сол ситуацияның өтетін аяларын жүйелеп 
көрсетеді. Мұнда адамзат өміріндегі жиі кездесетін, маңызды салалар таңдалған. Олар: жеке, қоғамдық 
(әлеуметтік  мәдени),  кәсіби,  білімдік.  Бұл  салаларды  қолдануға  да  сипаттама  келтірілген.  Мысалы, 
аталған  салаларда  кездесетін  ситуациялардың  өтетін  орны,  қоғамдық  орындары  мен  мекемелері, 
ситуацияға қатысушылары, сонымен қатар қарым-қатынасқа қажетті құралдар, оқиға, әрекет және мәтін 
түрлері.  Ситуацияның  өту  кезеңдерінен  кейін  қажеттіліктен  туындаған  лексикалық  тақырыптар  да 
белгіленген. Мұндай критерийлер әр деңгейде өтетін тақырыпты нақты анықтап, оқу-әдістемелік кешен 
жасауға мүмкіндік туғызады. 
2010 
жылы  ғалым-әдіскер  Ф.Оразбаеваның  бастамасымен  елімізде  еуропалық  стандарт  негізінде 
жасалған қазақ тілін екінші тіл ретінде үйретудің бағдарламасы жасалды. Ғалым тілді меңгерудің алты 
деңгейіне  қазақша  терминдер  ұсынып,  2016  жылы  білікті  оқытушылармен  бірге  орта  білім  жүйесіне 
арналған  оқу-  әдістемелік  кешен  жазып  шықты[2].  Аталған  кешенде  қазақ  тілін  оқытудың  деңгейлік 
талаптары,  әр  деңгейден  күтілетін  нәтижелер  және  деңгейлік  тапсырмалардың  жүйесі  нақтыланған. 
Ғалым К. Жақсылықова деңгейлік кешенді еуропалық стандартқа сәйкес келетін қазақ тілін меңгерудің 
алты деңгейін қамтитын алғашқы  оқу-әдістемелік  кешен  деп  бағалап, оқу –әдістемелік  кешеннің қазақ 
тілін  оқытудағы  атқаратын  қызметтерін  атап  көрсетеді[3].  Аталған  оқу-әдістемелік  кешен 
коммуникативтік  бағытта,  мәдени,  интеграциялық,  педагогикалық,  әдістемелік  ұстанымдарды  ескере 
отырып құрылған. Коммуникативтік бағыт ұстанымы проблемалық тақырыптарды және шығармашылық 
жаттығуларды,  лингвистикалық  тапсырмаларды  меңгеруге,  қатысымның  шынайы  жағдаяттарын 
пайдалануға  бағытталған.  Қазақ  тілін  меңгерудің  деңгейлік  өлшемдерін  төмендегі  кестеден  көруге 
болады. 
 
Кесте № 2 
қарапайым деңгей 
А1 бастапқы игерім 
негізгі деңгей 
А2 қалыптасу қарсаңындағы игерім 


217 
орта деңгей 
В1 қалыптасқан игерім 
ортадан жоғары деңгей 
В1+ тереңдетіле қалыптасқан игерім 
жоғары деңгей 
В2 ілгеріле қалыптасқан игерім 
жетік деңгей 
В2+ тереңдетіле, игеріле қалыптасқан игерім 
С1 кәсіби игерім 
 
 
Жоғарғы  оқу  орындарында  қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл  ретінде  оқытуды  деңгейлік  жүйеге  енгізу  – 
толық жүзеге аспай отырған өзекті мәселердің бірі. Бұл мәселені табысты шешіп, оқыту мақсаттарының, 
міндеттерінің,  әдістерінің,  ұйымдастыру  нысандары  мен  оқыту  құралдарының  анықталуы  мемлекеттік 
тілдің  проблемаларын  шешуге  көмегін  тигізеді.  Деңгейлік  тілдік  оқытудағы  бірінші  орынға  тілдік 
дайындықты  біріздендіру,  әр  түрлі  кезеңдерде  тілдерді  оқыту  процесінің  сабақтастығы,  тілдерді  оқыту 
процесінің  үздіксіздігі  сияқты  мақсаттар  қойылады.  Деңгейлік  тілдік  білім  беру  студенттердің  тілдік 
құзыреттілігін  дамыту дәрежесін  көрсете  отырып,  оқу үдерісін  бір деңгейден  екіншісіне ауысу ретінде 
қарастырады.  Бұл  ретте  әрбір  деңгей  алдыңғы  және  кейінгі  деңгеймен  де  әрекеттеседі.  Бір  деңгейдегі 
біртектес  топтарда  да  студенттер  тілдік  іскерліктер  мен  дағдылармен,  ең  бастысы,  тілді  меңгеру 
қабілеттерімен  ерекшеленетінін  айта  кету  керек.  Студенттік  топтардың  әр  текті  құрамында  бірдей 
тапсырмаларды  орындауы  тиімді  болмай,  кейде  деңгейі  жоғары  студенттер  үшін  де,  деңгейі  төмен 
студенттер  үшін  де  кедергі  болып  табылады.  Сондықтан  нақты  студент  меңгерген  құзыреттіліктерге 
сәйкес қазақ тілін оқыту процесін ұйымдастыруға дәл осы деңгейлік оқыту мүмкіндік береді. 
Деңгейлік  оқыту  сөйлеу  қызметінің  әрбір  аспектісі  бойынша  бірыңғай  талаптарды  және  бағалау 
критерийлерін  қалыптастыра  отырып,  келесі  деңгейге  өтуге  негіз  болады,  бұл  қазіргі  заманғы  білім 
берудің  алдында  тұрған  сапаны  қамтамасыз  ету  және  оның  нәтижелерін  өлшеу  сияқты  басты 
міндеттердің  бірін  шешуге  ықпал  етеді.  Тілдік  деңгейлік  даярлықты  сертификаттауға  қойылатын 
бірыңғай  талаптарды  әзірлеу  –  бағалауды  объективтендіру  мәселесін  шешумен  байланыстырылады. 
Осыған  байланысты  студенттердің  лингвомәдени  даярлық  деңгейіне  қойылатын  талаптарды 
жалпыеуропалық  талаптармен  сәйкестендіру  қажет.  Қазақ  тілін  оқытуға  деңгейлік  көзқарас  тілді 
меңгерудің  әрбір  деңгейі  үшін  түпкі  мақсаттарды  нақты  түсінумен,  оқытудың  сабақтастығымен,  әр 
деңгейдің ішінде студенттердің білімін бағалаудың ашықтығы мен объективтілігімен сипатталады. Оның 
мәні оқу процесін оқытушыдан өз қызметінің нәтижелері үшін жауапкершілікті толық сезінетін студентке 
қайта бағыттаудан тұрады. Бұл идеология оқытушының да, студенттің де жаңа психологиясын көздейді. 
Тіл  дайындығының  деңгейлік  бөлінуі  нәтижелі  процес  болып  табылады  және  оған  енгізілген 
лингвистикалық  білім  беру  процесін  нақты  ұйымдастыру  мүмкіндігімен  ерекшелінеді.  Бұл  ретте  осы 
мүмкіндіктің  өзі  ұйымдастырушылардан  жоғары  деңгейлі  құзыреттілікті  және  барынша  күш  салуды 
талап  ете  отырып,  оларға  үлкен  жауапкершілікті  жүктейді.  Бұл  жүйенің  негізінде  жүйелілік,  сөйлеу 
қызметінің  барлық  аспектілерінің  проблематикасын  біртіндеп  күрделендіру  жатыр.  Деңгейлік  тілдік 
даярлықты бөлінген критерийлерге сәйкес іске асыру оқу процесін дұрыс ұйымдастырғанда ғана жүзеге 
асады.  
Қазақ  тілінің  деңгейлік  оқыту  процесін  іске  асыру  –  оқытудың  инновациялық  технологияларын 
кеңінен  енгізуге,  студенттерді  қазіргі  заманғы  оқу-әдістемелік  кешендермен  қамтамасыз  етуге  және 
бақылаудың  қазіргі  заманғы  құралдарын  пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Бұл  біріздендірілген 
дескрипторлар  бақылаудың  түрлі  жүйелерін  салыстыруға  және  қазақ  тілін  оқытудың  тиімділігін 
айқындауға  мүмкіндік  береді.  Қазақ  тілін  өзге  аудиторияларда  деңгейлік  оқытудың  төмендегідей  оң 
жақтары бар: 

қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейі үшін түпкі мақсатты нақты түсіну; 

оқытудың сабақтастығын қамтамасыз ету мүмкіндігі; 

әр деңгейдегі студенттердің білімін бағалаудың ашықтығы мен әділдігі; 

әрбір  деңгей  үшін  жетекші  мамандар  әзірлеген  жалпыға  ортақ  түпнұсқалы  оқу-әдістемелік 
кешендер мен тест жинақтарын пайдалану; 

тілден  нақты  білімі  бар  екенін  растау  немесе  халықаралық  деңгейде  танылған  сертификат  алу 
мүмкіндігі. 
Оқыту  процесі  деңгейлік  жүйеге  толық  сәйкес  келмесе  де,  бірқатар  ғалымдарымыз  жоғары  оқу 
орындарына  арнап  деңгейлік  оқулықтар  жазып,  бірізді  жүйеге  келтіру  жұмыстары  жүріп  жатыр. 
Деңгейлік  оқулықтардың  шығуын  оқыту  жүйесін  ретке  келтірудің  алғышарттары  деп  қарауға  болады. 
Сонымен қатар, студенттердің өз тілдік дайындығының нәтижелілігін іс жүзінде, нақты өмірде сезінуге 
мүмкіндігі болуы тиіс. Бұл іске қазақ тілінде конференциялар мен семинарларды ұйымдастыру арқылы, 
соның  ішінде  тіл  тасымалдаушылардың  қатысуымен,  студенттердің  бейінді  кафедралардың  ғылыми 


218 
жұмыстарына,  рефераттар  пен  аннотацияларды  құрастыруға,  кафедра  проблематикасы  бойынша  қазақ 
тілінде ақпараттық материалдарды  іздестіруге  қатысуы арқылы және т. б. қол жеткізуге  болады. Қазақ 
тілін деңгейлік оқытуда педагог-лингвистердің міндеті:  

бастапқыда  әрбір  студенттің  қазақ  тілін  меңгеру  деңгейін  дұрыс  анықтау  және  әрбір  нақты 
жағдайда деңгейді анықтау диагностикалық тест нәтижелері негізінде жүзеге асыру; 

диагностикалық тесттің мазмұны мен талаптарын нақтылау; 

студенттерді  деңгей  жүйесімен  таныстыру  және  олардың  жеке  тілдік  дамуын  бірлесіп  анықтау 
(біреу үшін барынша жоғары нәтижемен бір ғана деңгейден өту жеткілікті болса, біреу үшін ЖОО-да оқу 
кезінде 2 деңгейді де меңгеру жеткілікті болуы мүмкін); 

бір деңгейден екінші деңгейге өту кезінде барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізу мақсатында 
орындалатын әр тапсырманың көлемі мен лексика-грамматикасын анықтау; 

деңгей  жүйесі  шеңберінде  және  тілдік  тұрғыдан  ерекше  дарынды  студенттердің  ілгері  деңгей 
топтарына жылдам ауысуын қамтамасыз ету (көтермелеудің осы түрінің психологиялық аспектілері осы 
студенттің ғана емес, басқа да білім алушылардың уәждемесіне оң әсер етеді); 

ЖОО-ның шығармашылық-тілдік ортасын құруға және дамытуға белсенді қатысу. 
Жоғарғы оқу орнында қазақ тілін деңгейлеп оқытуды қолданудың маңыздылығы туралы қорытынды 
жасай  отырып,  оның  нақты  құрылымы,  өлшеу  құралдары  және  практикалық  тапсырмалар  жүйесінің 
деңгейлеп берілуі – оқу процесіндегі негізгі жұмыс болуы тиіс. Қазақ тілін үйретуде деңгейлік оқытуды 
пайдалану тұлғаның өзін-өзі  одан әрі дамытуына мүмкіндік беретін нақты біріздендірілген негіз болуы 
қажет.  Тілді  меңгеруде  жаңа  мақсаттарға  жету  үшін  мектепте  алынған  базалық  білім  жеткіліксіз, 
сондықтан  замануи  студент  қарым-қатынас  дағдыларын  әр  уақытта  жетілдіріп  отырады.  Студенттің 
сұранысына сай тіл үйренудің қазіргі тиімді жолдарын іздестіру – оқытушының міндеті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет