Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет63/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   277
Байланысты:
1 2019

ТІЛДІК ҚАТЫНАС – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ  
(Профессор Ф.Ш.Оразбаеваның тілдік қатынасқа байланысты ғылыми ізденістері туралы) 
 
Момынова Б. 
филология ғылымдарының докторы, профессор, 
 
А.Байтұрсынұлы ат. ТБИ Бас ғылыми қызметкері 
 
Есіле аққан Ертіс бойы... 
(Экскурс) 
Ерке Ертіс басын Қытай жерінен алады. Ертістің мол суын қуат көзіне айналдырып, ханзулардың 
Қарамай су қоймасын  салып тастағаны туралы  баспасөзден  оқып жүрміз. Сол  Ертіс Қазақстанның 
территориясына Зайсанның тұсынан енеді. Кәдімгі Марат пен Ұлықбектер туған – Зайсан. Ол жердегі 
Ертісті жергілікті қазақтар Қара Ертіс деп атайды. Қара десе қара, тіп-тік жарқабағынан өзенге 
қарасаң,  судың  түсінен  тітіркеніп,  түршігіп  қаласың.  Түсі  алқаракөк  су  түнеріп  ағады,  асығып, 
аптығып,  ентігіп  ағады,  өзеннің  табанына  аяғың  тисе  жұлып  әкететін  қуаты  барын,  ағынының 
күштілігін  жағасында  тұрып-ақ  байқап,  сескеніп  қаласың.  Жағасында  селдір  ғана  ағаштар,  сексеуіл 
өседі.  Сол  Қара  Ертіс  буырқанып  ағып,  бір  жерге  асығатындай.  Мүмкін  қазақтың  кең  даласына 
тұмсығын тірей келіп, сұғынып барып, кең тыныстап, еркін дем алатынына көзі жететіндіктен асыға 
ма, әлде беймаза тірліктен қашып барып, тыныс алғысы келе ме, кім біліпті... Қара Ертістің арсың-
күрсің  дем  алысы  Зайсаннан  өтіп,  Күршімге  жеткенде  басылады,  ентігінен  ада  болып, 
жайбарақаттанады. Ернеуі де кеңіп, жағалауы жайдақтанып, жағасындағы адам ғана емес, өзеннің 
өзі  де  жайбарақат,  жағасы  жайлау,  кең  қолтық  күйге  түседі.  Қара  Керей  Қабанбайдың  қалың  елі 
Ертістің жағасын жайлап, суын ішіп, малын өсіріп, балығын аулап, жаз болса, жағасында демалып, 


55 
тіршіліктің мамыражай, қоңыр күйін Ертіспен бірге шертеді. Ерке Ертістің ағысы Күршім мен Самар 
ауданын  қақ  жара  өткенде,  есіліп,  бетінен  майда  толқындар  ғана  жүгіріп,  жуасиды,  түсі  өзгеріп, 
ақшылданып  ағады,  сондай  кездерде  өзен  емес,  көлдің  жағасында  тұрғандай  күйде  боласың.  Бұл 
тұстағы Ертісті жергілікті халық Ақ Ертіс дейді. Ақ десе ақ-ау өзі. Нақ осы жердегі Ертіске басын 
Маралдыдан алатын Күршім атты тау өзені арсылдап-күрсілдеп келіп құйылады, жайбарақаттыққа 
бөккен қайран Ертіс Күршімді кең құшағына алып, тыншытып, ары қарай жылжиды. Ал Күршімнің 
жағасында тұрып, жаның жай табады, жайсаңданады, махаббаттанасың, неше бір сырлы да сазды 
қоңыр  әуендерді  ыңылдап  айтуға  көңіл  қошың  кетеді.  Аяғыңның  астында  жағасында  алтын  құмы 
сусылдаған көгілдір өзен, төбеңде көгілдір аспан, алыстан мұнартқан көгілдір таулар, әріректе көгілдір 
мұнарға  оранған  қалың  тоғай,  орман,  ал  маңайың,  айналаң  қалың  көк  шөп.  Көкпеңбек  сағым  дүние... 
Күршімнің  жағасында  тұрсаң,  ағысы  қатты,  аса  жылдам  болғандықтан,  судың  шуылы  мен 
жағасындағы  қалың  тоғайдың  сыбдырын,  үнемі  еркелей  есіп  тұратын  самалдың  ерке  сыбырын  ғана 
естисің,  басқа  ештеңе  естімейсің,  қасыңа  келген  адам  иығыңнан  түрткенше,  сезбейсің,  көгілдір  нұр 
ішінде  көгілжім  күй  кешесің...  Иә.  Өзге  дүненің  керегі  де  жоқ.  Мөлдір  де  таза  су,  тізеңнен  кеш  те 
ұрттай бер, суға түсем десең, ап-анық боп көрінетін шабағымен бірге шомыла бер, жылынам десең, 
ойдым-ойдым  құмына  жатып  жылын,  тек  анда-санда  ашуы  келсе,  арыстандай  айбаты  барын 
жағасында түбінен қопарылып, бел ортасынан опырылып жатқан алып теректерге қарап қойып, түс, 
сескеніп түс, бір сескеніп алып, тоғайдың әдемі шуылына, құстың үніне еліті... 
 
Тоғайын араласың, небір жемісті тауып жейсің. Суы мөп-мөлдір, тастай суық, ішсең, маңдайыңды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет