Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


таңдамалық,  қосымшалық,  сөзжұмбақтық,  толықтырмалық,  өлшемдік



Pdf көрінісі
бет66/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   277
таңдамалық,  қосымшалық,  сөзжұмбақтық,  толықтырмалық,  өлшемдік  деген  түрлерін  айырып, 
жіктеп, талдап, таразылып береді.  
Оқу мен тәрбие – қанаттас жүретін құбылыстар. Бірінсіз-бірі жоқ. Ал тілсіз, тілдесімсіз білім алу да, 
тәрбиелі  болу  да  мүмкін  емес.  Екеуі  де  мектептің  «керектілері».  Бұл  –  А.Байтұрсыновтың  сөзі.  Өткен 
ғасырдың  20-жылдарында  А.Байтұрсынов  мектептің  керектерін  санамалап  көрсеткен  кезде,  ең  бірінші 
кезекте білімді ұстаз бен оқу құралдарын айтқан-ды. Сондықтан бар ғұмырын жоғары мектептке, білім 
беру саласына арнап, орта мектеп үшін оқулықтар жазып, ғылым мен білімді, тәрбие мен әдістемені қатар 
алып  келе  жатқан  Ф.Ш.  Оразбаева  еңбектерінің  маңызын  ұлы  Ахаңның  өлшемінен  артып,  қалай 
бағалауға болады. Өйткені профессор Ф.Оразбаева халыққа керек маңызды жұмыстар атқара білді. 
Профессор Ф.Оразбаева жетекшілік жасап талай ғылыми кадрларды даярлағанын айтпағанның өзінде, 
оның  ғылыми  кеңестің  төрағасы  бола  жүріп,  елдің  ғылыми  кадрлар  потенциалын  арттырудағы  сүбелі 
еңбегін де ерекше атап өтуге тиіспіз.  
«Түс-тірлік Кеш тірлікке кепіл емес» (С.Адай) мына жалғанның тағы бір кезеңін еңсерген, тағы да бір 
мерейлі  жасқа  толған  ғалым  апайымызға  бар  жақсылықты  тілейтініміз  анық.  Талайлардың  жігерінің 
жығылмауына  себепші,  талайға  ықтасын  болып  жүрген  апайымызға,  ғылымдағы  жұлдызды  жолы 
ұзарып, кеңейе түсуіне, шығармашылық шабытының арта беруіне шын тілектестігімізді білдіреміз.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет