Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет206/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   277
Байланысты:
1 2019

 Keywords:  communicative  method,  cognitive  activity,  principles,  reductive  method,  speech  speaking, 
actions, complex jobs, components of a simple sentence.  
 
Қазақ тілін жаңа технология арқылы оқыту оқушыны ізгілікті-өнегелі және эстетикалық жағынан жан-
жақты дамытады; сана-идеялық жағынан сенімді, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, бүкіл оқыту процесінде 
коммуникативтік  бағыт  береді;  қазақ  тілінен  алған білімін  іс  жүзінде,  еңбек  ету  барысында  пайдалана 
біледі; педагогикалық жаңа ізгілендіру технологиясы арқылы қазақ тілін оқыту – оқушының жан-жақты 
білімін арттыра отырып, жалпы дүниеге деген көзқарасын қалыптастырады.  
Оқушыларының  сөздік  қорын  арттыруда,  сөйлем  мен  оның  түрлерін  әртүрлі  қолдануға  бейімін 
дамытуда,  логикалық  ойлау  жүйесін  кеңейтуде  қазақ  тілі  сабағында  қолданылатын  әдістерді  сұрыптап 


183 
алудың маңызы ерекше. Тілді жан-жақты меңгертудің қоғамдық рөлін түсіндіруде арнайы сұрыпталып 
алынған  әдістер  арқылы  оқушылардың  алған  теориялық  мәліметтері  пысықталады  және  өзінің  сөздік 
қорын тілдік қарым-қатынаста қолдануға дағдыланады. Жай сөйлемді үйретуге қатысты әдістердің бәріне 
тән ерекшеліктердің барлығы тілдік қатынасты жүзеге асыратын қатысымдық әдістен байқалады. Мұны 
тілші-ғалым  Ф.Ш.Оразбаеваның  сөзімен  дәлелдей  түсетін  болсақ  “қатысымдық  әдіс  оқыту  әдістерінің 
барлық түріне қатысты ерекшелікті меңгереді” [1, 203]. 
Оқыту әдіс-тәсілдері арқылы сабақ үстінде оқушыларға жағымды атмосфера жасалуы тиіс. Жағымды 
атмосфера  оқушының  пәнге  қызығушылығын,  көп  білсем,  үйренсем  деген  ынта,  ықыласын  тудыруға 
көмектеседі. [2, 77] 
Сабақта  пайдаланатын  әдіс-тәсілдер  –  оқушының  барлық  ынта-жігерін  ескере  отырып,  оқуына 
жасалатын тиімді жағдайы мен жолы. 
 
Қазақ тілінде жай сөйлемді оқыту оқушының тілін дамыту процесінің заңдылықтары мен әдістері әлі 
де  болса  ғалымдар  зерттеулерінің  арнайы  объектісі  болып  табылмақ.  Олай  дегеніміз  жай  сөйлем 
синтаксисінің жалпы даму табиғатының өте күрделі екендігін дәлелдейді.  
 
Тілді  оқыту  әдісі  үнемі  бір  орнында  тұрмайды.  Ол  заман  талабына,  уақыт  ағымына  қарай  өзгеріп, 
толықтырылып отырады.  
Қай  әдіс  болса  да,  оларға  тән  негізгі  ортақ  қасиет  оның  практика  арқылы  жүзеге  асуында.  Жай 
сөйлемді  үйретуге  қатысты  әдістердің  бәріне  тән  ерекшеліктердің  барлығы  тілдік  қатынасты  жүзеге 
асыратын  қатысымдық  әдістен  байқалады.  Мұны  тілші-ғалым  Ф.Ш.Оразбаеваның  сөзімен  дәлелдей 
түсетін  болсақ  “қатысымдық  әдіс  оқыту  әдістерінің  барлық  түріне  қатысты  ерекшелікті  меңгереді”  [3, 
203]. 
 
Белгілі ғалым Ф.Ш.Оразбаева тіл үйретуге қатысты әдістердің негізгі шарттарын былайша саралайды: 
Теорияны  практикамен  ұштастыра  білу;  теорияны  саналы  түрде  меңгеру,  жолдарын  ашу;  тиімді  әдіс-
тәсілдер  арқылы  тілді  тез  үйренудің  мүмкіндіктерін  қарастыру;  ой  мен  іс-әрекеттің  қатар  жүруін 
қамтамасыз  ету; тәжірибенің жиынтығын жан-жақты қорыту арқылы  іс жүзінде  дұрыс  қолдану [2,111] 
деп әдіс болмаса, теориялық білімнің жүзеге асуы қиын екенін нақтылайды. 
Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінде  әдістердің  өзіндік  қалыптасқан  жолы  бар  және  ол  мұғалім  мен 
оқушының арасындағы тілдік қарым-қатынастың негізінде қалыптасып дамиды.  
Әдістеме саласында жаңаша қырын көрсете білген профессор Ф.Ш.Оразбаева қазақ тілін қатысымдық 
әдіспен оқыту жүйесінде мынадай ұстанымдарға тоқталады.  
1. 
Тіке байланыс 
2. 
Адамның жеке қабілетін ескеру 
3. 
Сөйлуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау 
4. 
Сатылап даму 
5. 
Динамикалық өзгеру 
6. 
Өзектілік [2,188] 
Ғалымның тоқталған ұстанымдарының барлығы жай сөйлемді меңгертудегі қызметі зор.  
Қатысымдық  әдіспен  оқыту  жүйесіндегі  ұстанымдарға  жеке-жеке  тоқталатын  болсақ,  мысалы,  тіке 
байланыс  8-сынып  оқушылары  мен  оқытушының  біріккен,  тікелей  іс-әрекеті  арқылы  тілдік  қатынаста 
сөйлесім  үлгілері  бойынша  әр  түрлі  жай  сөйлемге  байланысты  ұйымдастырылған  жаттығулар  мен 
тапсырмалары қолданылады. Және де жай сөйлем және оның түрлерін меңгертудің тиімділігі мұғалімнің 
белгілі дәрежеде оқыту әдістерін жетік сұрыптап, қолдануына да тікелей байланысты. Сондықтан жаңа 
ізгілендіру технологиясы арқылы жай сөйлем, оның түрлерін меңгертудегі жаттығу, тапсырмалар жүйесі 
оқушы мен мұғалімнің арасындағы тілдік қарым-қатынастың нәтижесінде жүзеге асады.  
Тіке байланыс баланың жан-жақты жұмыс жасауына мол мүмкіндік береді.  
Тіке  байланыс  ұстанымының  ерекшелігі  –  бала  кез-келген  жағдайды,  ортаны  дұрыс  пайдаланып, 
барлық уақытта ойға оралған пікірді сыртқа еркін шығарып айта білуі және оған қатысты жауап алуы деп 
айтуға  болады.  Осының  негізінде  бала  мен  оқытушының  арасында  ізгілікті  тілдік  қарым-қатынас 
қалыптасады.  
Ізгілендіру технологиясы арқылы қазақ тілінің жай сөйлем және оның түрлерін меңгертуде баланың 
жеке  қабілетін  ескеріп  ортыруды  қажет  етеді.  Бұл  ұстаным  баланың  жеке  басына  тән  барлық 
қасиеттерімен  санасып  отыруға  негізделеді.  Себебі  оқыту  жүйесі  баланың  ынта-қабілетіне  қарай 
бейімделеді. Және оқушының өзінің күшті, осал жақтарын танып-білуіне, дұрыс дамып, қалыптасуына да 
көмектеседі. 
Баланың  жеке  қабілетін  ескеріп  отыру  –  оның  кемшіліктерінен  гөрі  жетістіктеріне  көбірек  көңіл 
бөлініп отырғанды қажет етеді.  


184 
Келесі  ұстаным  сөйлеуге  үйретуде  жүргізілетін  жұмыстардың  түрлерін  айқындау:  Ол  жай  сөйлем 
және оның түрлерін меңгертуде жаттығу мен тапсырмалар жүйесін; олардың қызметін; оның мақсатының 
анықталғаны қатысымдық әдістің сапалы болуын қамтамасыз етеді. 
Жай сөйлем және оның түрлеріне арналған жаттығу мен тапсырма жұмыстарының өзі іштей топтарға 
бөліне  отырып  сөйлесім  әрекетінің  барлық  түрін  сапалы  меңгеруге  көмектеседі.  Ал  тілдік  қарым-
қатынасты  іске  асыруға  байланысты  ұйымдастырылған  жаттығулар  жүйесі  8-сынып  оқушыларының 
көзқарасына, деңгейіне мақсатына қарай сұрыпталады. 
Ізгілендіру  технологиясы  арқылы  жай  сөйлем,  оның  түрлерін  меңгертуде  қазақ  тілі  сабағында 
жүргізілетін  кешенді  жұмыс  түрлері  міндетті  түрде  ауызша  (пікірталас,  ойбөліс)  және  жазбаша  (түрлі 
жаттығулар) түрде орындалады. Орындалатын кешенді жұмыстың түрлері бір-бірімен тығыз байланыста 
жүзеге асады.  
Жай сөйлем және оның түрлерін ізгілендіру технологиясы арқылы үйретуде сатылап даму қағидасына 
сүйенуге  болады.  Бірақ  бұл  ұстаным  алдыңғы  қағидалармен  бйланысты  болғанда  ғана  өз  нәтижесін 
береді.  Демек,  мұнда  жай  сөйлем,  оның  түрлеріне  қатысты  орындалатын  жұмыстар  сатылап  өсу 
заңдылығымен жүзеге асады.  
Оқыту  жүйесіндегі  тілдік  материалдың  бәрі  жаңа  түрде  болуы  міндетті  емес.  Бірақ  ол  бір  қалыпта 
тоқтап қалмай жаңа технологияның негізінде ескіні жаңаша жаңғырту арқылы сатылап даму қағидасы іс 
жүзіне асырылады.  
Динамикалық өзгеру ұстанымы арқылы адамдардың тілдік қарым-қатынасы жоғарғы ізгілікті қасиетті, 
мәдениеттілікке көтерілді.  
Себебі  бұл  оқыту  ұстанымы  тек  сабақ  барысындағы  жай  сөйлемге  арналған  жаттығулар  мен 
тапсырмалар, мәтіндер, сабақ жүйесі ғана өзгеріп қоймай, ізгілендіру негізіндегі тілдік қатысымға әсер 
етуші барлық жағдай өзгеріп, дамып отыру керек. 
Ал өзектілік ұстанымы жай сөйлемді ізгілендіру технологиясы арқылы үйретудегі оқыту жүйесінің бір 
өзекке  бағынуын  талап  етеді.  Сабақ  өту  барысындағы  жүргізілетін  кешенді  жұмыстың  бәрі  –  тілдік 
қарым-қатынасты жүзеге асыратын шешімге келіп тірелуі қажет. Сонда ғана сабақтың қорытындысы өз 
көрсеткішіне жете алады. Жай сөйлем, оның түрлері арқылы 8-сынып оқушылары адамгершілік, ізгілік 
қасиеттерді  түсінеді.  Сонымен  оқушыларға  синтаксистен  берілетін  тақырыптар,  жаттығу, 
тапсырмалардың  барлығы  жай  сөйлем,  оның  түрлерін  ізгілендіру  технологиясы  арқылы  дамытып 
қалыптастыру  үшін  қызмет  етуі  қажет.  Ендеше  бүгінде  жаңа  заманда  жаңаша  ойлайтын  тұлғаны 
тәрбиелеуде  оқыту  үрдісін  ұйымдастыруда  әдіс-тәсілдердің  бір  сабақта  бір-бірімен  тоғыса,  бірін-бірі 
толықтыра отыруы заңды. 
Жай  сөйлем,  оның  түрлерін  8-сынып  оқушыларына  меңгертуде  әдістеме  саласындағы  барлық 
әдістерді пайдалана отырып, ең басты сүйенетін әдіс, жоғарыда атап өткен жаңа – қатысым әдісі.  
Қатысым әдісі – жай сөйлемді 8-сынып оқушыларына үйретуде кең қолдау табатын, пәннің мақсатын 
айқындап тұратын әдістің бірі. Қазір қатысым әдісі көп қолданылатын, ең тиімді әдіс деп танылып жүр. 
Қатысым әдісінің мәні – сабақтың үстінде оқушылардың түгелдей сабаққа еркін қатысып отыруы және 
тілдік қарым-қатынасқа негізделіп барлық жұмыс кешенді түрде жүргізіліп отыратындығында деп айтуға 
болады.  
Қатысымдық әдіс оқушы мен мұғалімнің арасындағы тығыз қарым-қатынастың белсенді іс-әрекеттің 
жүзеге асуы нәтижесінде іске асады. Қазақ тілінің жай сөйлем және оның түрлерін меңгертуде мұғалім 
бар тәжірибесін, мүмкіндігін салады. Мұғалім әдістерді қазақ тілінің ерекшелігіне, оқушының жасы мен 
мінез-құлық қабілетіне, білім дәрежесіне қарай қолданады.  
Қатысым әдісі арқылы мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жоғары белсенділікте дамиды.  
Сонымен,  қорыта  келгенде  әдіс  –  баланың  қабілетін  дамытып  оған  білім  мен  дағдыны  меңгерту 
жолындағы мұғаліммен өзара бірлестіктегі атқаратын жұмыстардың жиынтығы, тәсілі деп айтуға болады.  
 
Қазақ тіліндегі жай сөйлем және оның түрлерін ізгілендіру технологиясы арқылы оқытуда тиімді де 
қолайлы әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалану оқушылардың өзіндік білімін көтеруіне, ақыл-ой қабілетінің 
дамуына ізгілікті адамгершілік қасиеттері мен білім негіздерінің саналы түрде игерілуіне үлкен септігін 
тигізеді.  
Қазақ  тілін  ізгілендіру  технологиясы  арқылы  оқытуда  оқушылар  өнегелік  және  эстетикалық, 
адамгершілік жағынан дамытылады, еңбек сүйгіштікке тәрбиеленеді.  
Оқушыға деген сүйіспеншілік пен ізгілікті құрмет сабақ барысында жұмыстың тиімділігін арттырады. 
Жаңа ізгілендіру технологиясы арқылы қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисін оқытуда тиімді әдістерді 
пайдалану баланың жеке бас ерекшелігін білу, білімді соған қарай бағыттай білу – ең басты мәселе.  
Білімді тұлғаға қарай бағыттай білу белсенді, жан-жақты дамыған, өзіне сенетін, өмірге икемді тұлға 
қалыптастыру болып табылады. 


185 
Қазақ тілінің жай сөйлем және оның түрлерін оқытуда жоғарыда аталған әдістер жүйесі баланың өз 
беттерімен  өмір  сүруге  бейімділігін,  кез  келген  жағдайлардан  жол  таба  алатын,  өз  пікірін  ұсына  және 
қорғай  алатын  гуманист-азамат  қалыптастыруды  мақсат  етеді,  соған  көмектеседі.  Сөйтіп  әдістің  іске 
асырылу жүйесі лингвистикалық фактілерді тірек етіп, психологиялық факторлар негізінде дидактикалық 
– 
методикалық принциптер бойынша жүзеге асады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет