40
мейірінен, өсірген ортасынан, әдебиет пен мәдениеттің құнды мұраларынан сусындай жүріп, бойына
жинай жүріп кемелденді.
Ол өзін ұстаздық жолға қызмет етуге арнау үшін өмірлік ой-санасын, күш-қуатын білімге бағыштап,
қазақ елінің білім қуған жастарының бірі Факеңді де ғылым мен білімнің, өнер мен мәдениеттің
түпқазығы Алматыға жетеледі. Сөйтіп, студент, аспирант, ұстаз, білім мен ғылымның баспалдақтарынан,
өмір мектебінен үлкен жолы, биік белестерінен өтті.
Ол белсенді еңбекпен араласа жүріп, сәтті ғылыми зерттеу жұмысын қорғады. Фаузия Шәмсияқызы
Оразбаеваның «
Тілдік қатынас теориясы және әдістеме негізі» атты докторлық жұмысы қазақ тілінің
қолданыстық мәні ғылыми негізделіп, Қазақстанда әдістеме ғылымының ішінде алғаш тілдік қарым-
қатынас, коммуникативтік қызметіне арналды. Бұл ғылыми зерттеу
мемлекеттік тілдің қолданыс аясын,
қызметін өмірде қолдану, ел мен елдің байланыс қарым-қатынас жолын кеңейтуді көздейтін мазмұнды
зерттеу жұмысы болып табылады. Ол жайында автор: «Қазақ тіл білімінде тілдік қатынас ғылыми мәселе
ретінде теориялық жағынан да, әдістемелік жағынан да арнайы зерттелген емес, сол себепті осы уақытқа
дейі ғылыми оралымға түскен оның терминдері де қалыптасқан жоқ. «Тілдік қатынас» деген терминнің
өзі алғаш қолданылып отыр. Тілдік қатынас – адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту,
пікірлесу т.б. әрекеттеріне тікелей қатысты құбылыс» дейді [1, 3].
Мемлекеттік тілді үйренудің негізі
қатысым әрекетінде жатқандығын, тілді үйренудегі осы әдістің
тиімді екені тұңғыш ғылыми түрде негізделіп, дәлелденді.
Сөзді қатысым құбылысына қатысты
қарастыра отырып, оның сөйлеу мен сөйлесуге байланысты ерекшеліктеріне назар аударады. Тілші
сөзді
адамдардың тілдік қарым-қатынасында жүзеге асатын, пікірлесуге негіз болатын, өзара түсінісуге
мүмкіндік жасайтын қатысымдық бірлік тұрғысынан талдайды.
Ғалымның келесі пікірі: қазақ тілі – қоғамдағы барлық салаларда пайдаланылатын
мемлекеттік
дәрежеге жеткен (
курсив -
Б.Қ.) қарым-қатынас құралы деп анықтама береді де, әрі қарай ...қазақ тілінің
ең басты қатысымдық қасиеті – бір ұлт пен екінші ұлт өкілдерін өзара түсінісуге, ұғынысуына жол ашу,
қарым-қатынас құралы ретінде бүтіндей қоғамға қызмет ету деген тұжырым жасайды. Осындай ой, пікір,
тұжырым айту табандылық пен жігерлілікті қажет етеді. Бұл – әбден тауып айтылған тілге берілген
әділетті баға.
Фаузия Шәмсияқызы Оразбаеваның басшылығымен диссертациялық кеңесте республикаға қаншама
ғылыми кадрлар: тілші және әдістеме саласынан мамандар даярланды және даярлану үстінде. Профессор
Ф.Оразбаева жас ғалымдарды дайындау ісіне де үлкен мән беріп, зор табыстарға жетті. Тілші-ғалым қазақ
тілінің әдістемесі және тіл теориясынан да ғылыми мамандарды дайындап шығарды. Ғалым ғылыми
жұмыс пен ұстаздық өмірді қатар ұстап, екі саланы шеберлікпен байланыстыра білді. Сондықтан ол
ғылымдағы жаңалықтар мен жаңа бағыттарды қазақ тілі мамандарын даялауда, жаңартылған білім
жүйесінің стандарттары мен типтік бағдарламаларына, әсіресе көпдеңгейлі білім жүйесінің халықаралық
стандартқа сай қазақ тілінің жаңа бағыттары:
этнолингвистика, таным лингвистикасы, тілдік қатынас,
қазақ тілі әдістемесінің жаңа бағыттары т.б. салаларын енгізді.
Қазақ елінің рухани құндылықтарының тұғыры – білім-ғылым десек, қазақтың сүйікті қызы Фаузия
Шәмсияқызы Оразбаеваның азаматтық, ғалымдық, ұстаздық келбеті, өзіндік мектебі айқын қалыптасқан
әдіскер, ұстаз. Ұлттық қасиетті бойға сіңіртетін рухани бастауларға: тіл, ойлау қабілеті, салт-дәстүр,
тәрбие, тілдік қатынас т.б. педагогика-психология жатса, барлық ұғымдар бір-біріне байланысты,
тұтастықта сабақтас өсір сүреді. Тіл – ойды жүйелеуші, жарыққа шығарушы, тәлім-тәрбие – жеке
тұлғаның адамдық бейнесін, мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін
жүйелі қалыптастырушы үдеріс. Салт-дәстүр – ұлттық өмір сүру дағдысы, ұлттық психология – халықтың
табиғи даралығы. Осы аталған кешенді тұтастықтардың бәрі Ф.Оразбаеваның тілдік-әдістемелік
зерттеулерінде орын алған. Бүгінгі таңда қоғамға қажет, әлеуметтік сұранысты қанағаттандыратын
еңбектер.
Тілші қазақ тілін екінші тіл ретінде үйретудің негізі: «...қазақ тілін оқытуда қажеті шамалы ұзын-сонар
күрделі де қиын ережелерді жаттатудан аулақ болып,
сөйлесім мен тілдесімді жүзеге асыратын тілдік
қатынастардың негіздерін меңгерткен жөн. Кез келген ереже сөйлеуге үйретуге қызмет етеді, тілдесу,
пікірлесу үшін оқытылғанда ғана басты мақсат орындалады» деп анықтайды [1, 145]. Қазақ тілінің
әдістемесінде қаншама ұтымды, тиімді, нақты мазмұнды білдіретін терминдер дүниеге келді. Мәселен,
тілшінің ғылыми айналымға енгізген терминдері:
тілдік қатынас, айтылым, тыңдалым, жазалым,
Достарыңызбен бөлісу: