91
Тілді оқыту әдістемесі заман талабына қарай дамып, жетіліп отырады. Бірақ білім беру жүйесі
өзгергенмен, оның оқыту мен тәрбиеге қойылатын талабы жаңарғанмен, өзінің өміршеңдігін жоймайтын,
әр кезеңде қазық болып, түп негізін құрайтын идеялар мен әдістемелер бар. Оған қазақ тілін оқыту
әдістемесінің негізін қалаған А.Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытұлы, Құдайберген
Жұбанов және т.б. ұлы тұлғаларымыздың еңбектерін жатқызамыз.
Қазақ тілі мен оны оқытудың тұғыры болып табылатын ұлылардың идеяларын ары қарай жетілдіріп,
өзінің бүкіл зерттеулерінің өзегіне айналдырған, «Рухын сақтаған ел өміршең болады. Ұлт та, ұлттың
рухы да, ең әуелі, тіл арқылы танылады. Тілін сақтай алған ел өзін, өзінің ертеңі мен болашағын
қамтамасыз ете алады» деген ұстанымды ұстанған, осындай қиын да қызықты саланың білгір маманы,
озық ойлы, әдіскер-ғалым
‒ Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры,
педагогика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, Педагогика ғылымдары
Халықаралық академиясының академигі
Фаузия Шәмсиқызы Оразбаева.
«ХІХ-ХХ ғасырдың қазақы бейнесін әлем жадында қалыптастырған Абай Құнанбаев, Ахмет
Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов,
Құдайберген Жұбанов т.б. арыстар мен алыптар жаратылысын танып, талдай отырып, ұлылық төркінінде
қашанда
«өзіңді өле сүйіп», «өзгені құрметтеу» сезімі жатқанын,
«өзіңді терең танып», «өзгені
Достарыңызбен бөлісу: