Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Keywords: language communication, level of training, principle, creativity, critical thinking, personality,  communicative units



Pdf көрінісі
бет92/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   277
Байланысты:
1 2019

 Keywords: language communication, level of training, principle, creativity, critical thinking, personality, 
communicative units. 
 
 
Әдістеме ғылымы ‒ өзіндік ізденісті қажет ететін, қиыншылығы мен қызығы қатар жүретін ғылым 
саласы. Өзіндік  ізденіс зерттеу нысанына алынып отырған тақырыпты оқушыға қалай оқытамыз, оның 
түпкі  нәтижесі  қандай  болу  қажет,  не  себепті  осы  тақырыпты  игерту  керек  деген  сауалдарға  жауап 
іздеуден  тұрады.  Басқа  ғылым  салаларына  қарағанда  әдістеме  ғылымы  үнемі  өзгеріп,  жаңарып,  дамып 
отырады. Бүгін ұтымды болып отырған жүйе заман талабының өресінен шыға алмай қалуы ықтимал. Бұл 
әдістеме  ғылымының  қиын  сала  екендігін  танытады.  Талмай  ізденіп,  тәжірибе  жинақтап,  еңбектің 
нәтижесін көру әдістеме ғылымының қызықты сала екенін көрсетеді.  
 
Әдістеме ғылымының ішінде ең күрделісі ‒ тілді оқыту. Өйткені адам баласына тән барлық қасиеттер 
тіл  арқылы  айқындалады.  Адамның  санасы,  болмысы,  танымы,  ой-өрісі  және  т.б.  оның  тілі  арқылы 
көрінеді. Баланың болмыс-бітімін дұрыс танып, жақсы ұстаз болу үшін Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, 
«
Бала оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білерге керек, 
екінші,  баланың  табиғатын  біліп,  көңіл  сарайын  танитын  адам  боларға  керек.  Оны  білуге  баланың 
туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білерге керек. Баланың ісіне, 
түсіне қарап, ішкі халынан хабар аларлық болу керек. Ол үшін бала турасындағы ғылымды білу керек».  


91 
 
Тілді  оқыту  әдістемесі  заман  талабына  қарай  дамып,  жетіліп  отырады.  Бірақ  білім  беру  жүйесі 
өзгергенмен, оның оқыту мен тәрбиеге қойылатын талабы жаңарғанмен, өзінің өміршеңдігін жоймайтын, 
әр  кезеңде  қазық  болып,  түп  негізін  құрайтын  идеялар  мен  әдістемелер  бар.  Оған  қазақ  тілін  оқыту 
әдістемесінің негізін қалаған А.Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытұлы, Құдайберген 
Жұбанов және т.б. ұлы тұлғаларымыздың еңбектерін жатқызамыз.  
 
Қазақ тілі мен оны оқытудың тұғыры болып табылатын ұлылардың идеяларын ары қарай жетілдіріп, 
өзінің  бүкіл  зерттеулерінің  өзегіне  айналдырған,  «Рухын  сақтаған  ел  өміршең  болады.  Ұлт  та,  ұлттың 
рухы  да,  ең  әуелі,  тіл  арқылы  танылады.  Тілін  сақтай  алған  ел  өзін,  өзінің  ертеңі  мен  болашағын 
қамтамасыз  ете алады» деген ұстанымды ұстанған, осындай қиын да қызықты саланың білгір маманы, 
озық ойлы, әдіскер-ғалым ‒ Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, 
педагогика  ғылымдарының  докторы,  ҚР  ҰҒА  корреспондент  мүшесі,  Педагогика  ғылымдары 
Халықаралық академиясының академигі Фаузия Шәмсиқызы Оразбаева.  
 
«ХІХ-ХХ  ғасырдың  қазақы  бейнесін  әлем  жадында  қалыптастырған  Абай  Құнанбаев,  Ахмет 
Байтұрсынов,  Міржақып  Дулатов,  Мағжан  Жұмабаев,  Жүсіпбек  Аймауытов,  Мұхтар  Әуезов, 
Құдайберген Жұбанов т.б. арыстар мен алыптар жаратылысын танып, талдай отырып, ұлылық төркінінде 
қашанда  «өзіңді  өле  сүйіп»,  «өзгені  құрметтеу»  сезімі  жатқанын,  «өзіңді  терең  танып»,  «өзгені 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет