«Өзгені жатсынбау» ұстанымын ана тілінің өркендеуі үшін негіз етіп алған ‒ тұлға. Қазақстан
Республикасында тұңғыш рет қазақ тілін деңгейлік тұрғыдан оқыту мәселесін көтеріп, оны іс жүзінде
жүзеге асырып келе жатқан білгір маман. Профессор Фаузия Оразбаеваның жетекшілігімен тұңғыш рет
елімізде үздіксіз білім беру жүйесінде қазақ тілін деңгейлік оқытудың Тұжырымдамасы, Тіл стандарты, Оқу бағдарламасы мен Оқулықтар және Оқу-әдістемелік кешендер дайындалды. 2007
жылы қазақ тілін өз бетімен үйренгісі келетін тіл үйренушілерге арналған Қазақстан Республикасының
көпұлттық сипаты мен өзіндік ерекшелігін және тілдік білімді бағалаудың халықаралық, Европалық
стандарттары TOEFL, DALF\DELF, ALTE, IELTS негізінде алты деңгейден тұратын оқулықтар мен оқу-
әдістемелік кешендер әзірленді. Аталған құралдар қосымша электронды оқулық түрінде де ұсынылды. Әр
тіл үйренушіге электронды оқулықтағы тест тапсырмалары арқылы қазақ тілін меңгеру деңгейін
анықтауға мүмкіндік берілді. Еуропалық стандартта қамтылған терминдерді ғалым-әдіскер қазақ тілінің
сөзжасамдық нормасына сәйкес аударып, жаңа терминдер жасады. Атап айтқанда, қарапайым деңгей (А
1
Бастапқы игерім); негізгі деңгей (А
2
Қалыптасқан игерім); орта деңгей (В
1
Ілгерілей қалыптасқан игерім);
ортадан жоғары деңгей (В
2
Тереңдетіле қалыптасқан игерім); жоғары деңгей (В
2
,С
1
Еркін игерім); жетік
деңгей (В
2 +
С
2+
Еркін және кәсіби игерім) деп аталды. Деңгейлік оқытудың қағидаттары өрістік, нақтылық, шапшаңдық, әрекеттестік, сабақтастық деген атаулармен, яғни жаңа терминдермен
толықты. Электронды оқулықта «Жеті қазына» тақырыбымен берілген «Мақал ‒ сөздің атасы»,
«Көсемсөз», «Ойлан, тап!», «Өлең ‒ сөздің патшасы», «Ғибратты ғұмырлар», «Ән ‒ көңілдің ажары»,
«Алтын тамыр» айдарларының атауларын да ғалым өзі қойып, онда қамтылған мәселелерге айрықша мән
берді.
2010
жылдан бастап жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілін деңгейлік оқыту қолға алынып,
ғалымның жетекшілігімен 1-11-сыныпқа арналған 67 аталымнан тұратын оқулықтар мен оқу-әдістемелік
кешендер дайындалды. «Деңгейлік оқулықтар Қазақстан мектептерінде мемлекеттік тілді деңгейлік