Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет95/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   277
Байланысты:
1 2019

«Өзгені  жатсынбау»  ұстанымын  ана  тілінің  өркендеуі  үшін  негіз  етіп  алған  ‒  тұлға.  Қазақстан 
Республикасында  тұңғыш  рет  қазақ  тілін  деңгейлік  тұрғыдан  оқыту  мәселесін  көтеріп,  оны  іс  жүзінде 
жүзеге асырып келе жатқан білгір маман. Профессор Фаузия Оразбаеваның жетекшілігімен тұңғыш рет 
елімізде  үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  қазақ  тілін  деңгейлік  оқытудың  Тұжырымдамасы,  Тіл 
стандарты, Оқу бағдарламасы мен Оқулықтар және Оқу-әдістемелік кешендер  дайындалды. 2007 
жылы қазақ тілін өз бетімен үйренгісі келетін тіл үйренушілерге арналған Қазақстан Республикасының 
көпұлттық  сипаты  мен  өзіндік  ерекшелігін  және  тілдік  білімді  бағалаудың  халықаралық,  Европалық 
стандарттары TOEFL, DALF\DELF, ALTE, IELTS негізінде алты деңгейден тұратын оқулықтар мен оқу-
әдістемелік кешендер әзірленді. Аталған құралдар қосымша электронды оқулық түрінде де ұсынылды. Әр 
тіл  үйренушіге  электронды  оқулықтағы  тест  тапсырмалары  арқылы  қазақ  тілін  меңгеру  деңгейін 
анықтауға мүмкіндік берілді. Еуропалық стандартта қамтылған терминдерді ғалым-әдіскер қазақ тілінің 
сөзжасамдық нормасына сәйкес аударып, жаңа терминдер жасады. Атап айтқанда, қарапайым деңгей (А

Бастапқы игерім); негізгі деңгей (А

Қалыптасқан игерім); орта деңгей (В

Ілгерілей қалыптасқан игерім); 
ортадан жоғары деңгей (В

Тереңдетіле қалыптасқан игерім); жоғары деңгей (В
2


Еркін игерім); жетік 
деңгей  (В
2  + 
С
2+ 
Еркін  және  кәсіби  игерім)  деп  аталды.  Деңгейлік  оқытудың  қағидаттары  өрістік, 
нақтылық,  шапшаңдық,  әрекеттестік,  сабақтастық  деген  атаулармен,  яғни  жаңа  терминдермен 
толықты.  Электронды  оқулықта  «Жеті  қазына»  тақырыбымен  берілген  «Мақал  ‒  сөздің  атасы», 
«Көсемсөз»,  «Ойлан,  тап!»,  «Өлең  ‒  сөздің  патшасы»,  «Ғибратты  ғұмырлар»,  «Ән  ‒  көңілдің  ажары», 
«Алтын тамыр» айдарларының атауларын да ғалым өзі қойып, онда қамтылған мәселелерге айрықша мән 
берді.  
 2010 
жылдан  бастап  жалпы  білім  беретін  мектептерде  қазақ  тілін  деңгейлік  оқыту  қолға  алынып, 
ғалымның жетекшілігімен 1-11-сыныпқа арналған 67 аталымнан тұратын оқулықтар мен оқу-әдістемелік 
кешендер  дайындалды.  «Деңгейлік  оқулықтар  Қазақстан  мектептерінде  мемлекеттік  тілді  деңгейлік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет